"Балалары отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Балалары отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-III Заңына және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдем ақылар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қараша 2005 жылғы № 1092 қаулысын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31 бабының 1- тармағының 14 тармақшасы және 32 бабы 1-2 тармағын басшылыққа Алып аудан әкімдігі ҚаУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Балаларға арналған жәрдем ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып аудандык жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.М.Махамбетов) белгіленсін
Тармақ 2
2. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдем ақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган болып аудандық зейнет №№№№№ орталығы (С.Әзімханов) белгіленсін.
Тармақ 3
3. Учаскелік комиссия туралы Ереже (№1 қосымша.) және балаларға арналған жәрдем ақыны тағайындайтын немесе тағайындамайтын уәкілетті органның шешімінің тұлғасы (№ 2 қосымша) бекітілсін:
Тармақ 4
4. Балаларға арналған жәрдем ақыны алуға өтініш беруші отбасының құрамы туралы және қосалқы шаруашылығы туралы мәлімдемені дәлелдейтін уәкілетті орган болып ауылдарда кенттерде-ауылдық, кенттік әкімдері белгіленсін.
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссиялардың жұмысына бақылау басшылық жасау үшін аудандық комиссия № 3 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының іске асуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Кешкімбаевқа жүктелсін:
Тармақ 7
7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан тіркеуден кейін күшіне енгізілсін.