Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных
- Атауы (қаз.)
- Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-6/11п
- Қабылданған күні
- 08.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2010 AI26650_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004099_
- ЭКБ идентификаторы
- 26650
- Редакция идентификаторы
- AI26650_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:57
0 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы
N 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі бекітілсін.
2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1 1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64-п "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3874 болып тіркелген, 2005 ж. 22 қарашадағы N 152 (776) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығы ;
2 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 16-6/100п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда N 3970 болып тіркелген, 2005 ж. 27 желтоқсан N 178 (802) "Заң газетінде" жарияланған).
3 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының
2006 жылғы 8 ақпандағы
N 16-6/11п бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс жеңімпазын анықтау үшін балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының (бұдан әрі - Пайдаланушы) рейтингтік бағасын есептеуге қажет іс-әрекеттердің тізбектілік тәртібін және механизмін белгілейді.
2 2. Рейтингтік бағаны анықтау
2 2. Пайдаланушының рейтингтік бағасы Рейтингтік бағаны санау парағына (осы Ережеге қосымша) сәйкес пайдаланушыға қойылатын біліктілік және басқа да талаптар тұрғысынан анықталады.
3 3. Рейтингтік бағаны санау парағын толтырғанда келесі жағдайларды орындауын қамтамасыз ету қажет:
1 1) 100 пайызға тең етіп алынатын бағалау көрсеткіші біліктілік және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінеді (3 баған);
2 2) алынып тасталды ;
3 3) пайдаланушылардың көрсеткіштерінің саны ұсынылған өтінім мен осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттарға сәйкес белгіленеді (4 баған);
4 4) конкурстық комиссия бағаны 10 баллдық жүйе бойынша белгілейді (5-баған). Мұндайда ең көп/ең жақсы көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша ең жоғарғы балл қойылады;
5 5) пайдаланушының рейтингтік бағасы (R) максималдық бағалау көрсеткішін (3 баған) 10-баллдық жүйе бағасына (5 баған) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;
R= (3 баған x 5 баған : 100).
Осы рейтингтік баға сондай-ақ пайдаланушыларға балық пен басқа да су жануарларын аулауға квоталарды бөлу кезінде қолданылады.
1 Рейтингтік бағаны санау парағы
Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланушының
рейтингтік бағасын
анықтаудың ережелеріне
қосымша
Рейтингтік бағаны санау парағы
Пайдаланушы____________________________________________________
р/с
N
Көрсеткіштің
атауы
Бағалау
көр-
сет-
кіші
Көр-
сет-
кіштер
саны
10-және
5-бал-
лдық
жүйе
бойынша
баға
Пайдалану-
шының
рейтингтік
коэффи-
циенті
1
2
3
4
5
6
1.
Балық өсімін молайту
мен қорғау іс-шараларына
жұмсалған қаржы
мөлшері, (қорықшылық
қызметті құру және
ұстауына жаратылған
қаражаттан басқа)
мың.тнг.
10
2.
Балық өнімін мұздату,
салқындату және сақтау ыдыстарының
болуы, тн.
10
3.
Балық пен басқа да су
жануарларын терең
өңдеу цехтарының
болуы, тн/тәулік
10
4.
Балық аулайтын флоттың болуы, соның ішінде:
5
1) өздігінен жүретін (стационарлық двигателі бар), 40 а.к. және одан жоғары (бірл.)
4
2) шағын көлемді, соның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы двигателі бар (бірл.)
1
5
Аулау құралдарының болуы, соның ішінде:
5
1) сүзекі (дана)
4
2) құрма ау, қабада (дана)
1
6
Көліктік флоттың
болуы, бірл/тн
5
7
Балық пен басқа да су
жануарларын аулауға
бөлінген квотаның
игерілуі, %
5
1) 100%
5
2) 75%-дан 100%-ға
дейін
1
3) 75%-дан төмен
0
8
Аталған су тоғанының
(учаскесінің)
пайдаланушыға бекітіп
беру фактісінің
болуы, соның ішінде:
10
1) 1 жылдан аса
10
2) келесі жылға
5
3) бекітілген жоқ
0
9
Табиғатты қорғау
заңнамасын бұзушылықтардың саны; дана
ең жоғарғы
ең көп
5
10*
Балық өнімдерін
экспорттауға арналған
есептік нөмірінің
болуы (ХАССП, ИСО
9000)
5
11**
Жануарлар дүниесінің
жағдайын бағалау
бойынша ғылыми
жұмыстарға бөлінген
жоспарланған қаржы
көлемі (мың тг.
есебімен)
10
12**
Дамыту жоспарына
сәйкес техникалық
және технологиялық
қайта жарақтандыруға
жоспарланған қаржы
көлемі, минимальды көлемі 100 мың т. болған кезде (мың т-мен)
10
13**
Балық өсімін молайтуға жоспарланған қаржы
көлемі, соның ішінде
шабақтарды жіберу
минимальды көлемі 100 мың т. болған кезде (мың т-мен)
10
Барлығы:
100
* балық өнімдерін экспорттаушылар үшін
** қаржы бүкіл бекітіп беру кезеңіне жоспарланады.