Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных

Бұйрық · № 16-6/11п · қабылданған 08.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26650/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных Күшін жойған Бұйрық ·№ 16-6/11п ·08.02.2006
07.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных

Күшін жойған Бұйрық ·№ 16-6/11п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки пользователя рыбных ресурсов и других водных животных
Атауы (қаз.)
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-6/11п
Қабылданған күні
08.02.2006
Көрсетілген редакция
07.09.2010 AI26650_4.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004099_
ЭКБ идентификаторы
26650
Редакция идентификаторы
AI26650_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:57

0 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы
N 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 18 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі

N 16-6/64-п "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 3874 болып тіркелген, 2005 ж. 22 қарашадағы N 152 (776) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығы ;

2 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі

N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 16-6/100п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда N 3970 болып тіркелген, 2005 ж. 27 желтоқсан N 178 (802) "Заң газетінде" жарияланған).

3 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының
2006 жылғы 8 ақпандағы
N 16-6/11п бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс жеңімпазын анықтау үшін балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының (бұдан әрі - Пайдаланушы) рейтингтік бағасын есептеуге қажет іс-әрекеттердің тізбектілік тәртібін және механизмін белгілейді.

2 2. Рейтингтік бағаны анықтау

2 2. Пайдаланушының рейтингтік бағасы Рейтингтік бағаны санау парағына (осы Ережеге қосымша) сәйкес пайдаланушыға қойылатын біліктілік және басқа да талаптар тұрғысынан анықталады.

3 3. Рейтингтік бағаны санау парағын толтырғанда келесі жағдайларды орындауын қамтамасыз ету қажет:

1 1) 100 пайызға тең етіп алынатын бағалау көрсеткіші біліктілік және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінеді (3 баған);

2 2) алынып тасталды ;

3 3) пайдаланушылардың көрсеткіштерінің саны ұсынылған өтінім мен осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттарға сәйкес белгіленеді (4 баған);

4 4) конкурстық комиссия бағаны 10 баллдық жүйе бойынша белгілейді (5-баған). Мұндайда ең көп/ең жақсы көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша ең жоғарғы балл қойылады;

5 5) пайдаланушының рейтингтік бағасы (R) максималдық бағалау көрсеткішін (3 баған) 10-баллдық жүйе бағасына (5 баған) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;

R= (3 баған x 5 баған : 100).
Осы рейтингтік баға сондай-ақ пайдаланушыларға балық пен басқа да су жануарларын аулауға квоталарды бөлу кезінде қолданылады.

1 Рейтингтік бағаны санау парағы

Балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын пайдаланушының
рейтингтік бағасын
анықтаудың ережелеріне
қосымша
Рейтингтік бағаны санау парағы
Пайдаланушы____________________________________________________
р/с
N
Көр­сет­кіш­тің
ата­уы
Ба­ға­лау
көр-
сет-
кі­ші
Көр-
сет-
кіш­тер
са­ны
10-және
5-бал-
лдық
жүйе
бой­ын­ша
ба­ға
Пай­да­ла­ну-
шы­ның
рей­тинг­тік
ко­эф­фи-
ци­ен­ті
1
2
3
4
5
6
1.
Ба­лық өсі­мін мо­лай­ту
мен қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры­на
жұм­сал­ған қар­жы
мөл­ше­рі, (қо­рық­шы­лық
қыз­мет­ті құ­ру және
ұста­уы­на жа­ра­ты­л­ған
қа­ра­жат­тан бас­қа)
мың.тнг.
10
2.
Ба­лық өні­мін мұз­да­ту,
сал­қын­да­ту және сақ­тау ыдыс­та­ры­ның
бо­луы, тн.
10
3.
Ба­лық пен бас­қа да су
жа­ну­ар­ла­рын те­рең
өң­деу цех­та­ры­ның
бо­луы, тн/тәу­лік
10
4.
Ба­лық аулай­тын флот­тың бо­луы, со­ның ішін­де:
5
1) өзді­гі­нен жү­ре­тін (ста­ци­о­нар­лық дви­га­те­лі бар), 40 а.к. және одан жо­ға­ры (бірл.)
4
2) ша­ғын кө­лем­ді, со­ның ішін­де өзді­гі­нен жүр­мей­тін, ас­па­лы дви­га­те­лі бар (бірл.)
1
5
Аулау құ­рал­да­ры­ның бо­луы, со­ның ішін­де:
5
1) сүзе­кі (да­на)
4
2) құр­ма ау, қа­ба­да (да­на)
1
6
Кө­лік­тік флот­тың
бо­луы, бірл/тн
5
7
Ба­лық пен бас­қа да су
жа­ну­ар­ла­рын аула­у­ға
бө­лін­ген кво­та­ның
иге­рі­луі, %
5
1) 100%
5
2) 75%-дан 100%-ға
дей­ін
1
3) 75%-дан тө­мен
0
8
Атал­ған су то­ға­ны­ның
(учас­ке­сі­нің)
пай­да­ла­ну­шы­ға бе­кі­тіп
бе­ру фак­ті­сі­нің
бо­луы, со­ның ішін­де:
10
1) 1 жыл­дан аса
10
2) ке­ле­сі жы­л­ға
5
3) бе­кі­ті­л­ген жоқ
0
9
Та­би­ғат­ты қор­ғау
заң­на­ма­сын бұ­зу­шы­лықтар­дың са­ны; да­на
ең жо­ғар­ғы
ең көп
5
10*
Ба­лық өнім­де­рін
экс­порт­та­у­ға ар­нал­ған
есеп­тік нө­мі­рі­нің
бо­луы (ХАС­СП, ИСО
9000)
5
11**
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі­нің
жағ­дай­ын ба­ға­лау
бой­ын­ша ғы­лы­ми
жұ­мыстар­ға бө­лін­ген
жос­пар­лан­ған қар­жы
кө­ле­мі (мың тг.
есе­бі­мен)
10
12**
Да­мы­ту жос­па­ры­на
сәй­кес тех­ни­ка­лық
және тех­но­ло­ги­я­лық
қай­та жа­рақ­тан­ды­ру­ға
жос­пар­лан­ған қар­жы
кө­ле­мі, ми­ни­маль­ды кө­ле­мі 100 мың т. болған кез­де (мың т-мен)
10
13**
Ба­лық өсі­мін мо­лай­туға жос­пар­лан­ған қар­жы
кө­ле­мі, со­ның ішін­де
ша­бақ­тар­ды жі­бе­ру
ми­ни­маль­ды кө­ле­мі 100 мың т. болған кез­де (мың т-мен)
10
Бар­лы­ғы:
100
* балық өнімдерін экспорттаушылар үшін
** қаржы бүкіл бекітіп беру кезеңіне жоспарланады.

Қолданыстағы