О Правилах проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих железнодорожные пассажирские перевозки по социально значимым внутриобластным пригородным сообщениям, убытки которых подлежат субсидированию из бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу Ережесі туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу Ережесі бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті (А.Әмірәлин) шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде бекітілген Ережені басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.А.Төлебаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
7 ақпан 2006 ж.
N 63 қаулысына қосымша
Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары
бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесі (бұдан әрі - ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына және "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-I бұйрығына сәйкес әзірленген және шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізудің ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тендер әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша болжанатын жолаушы поездары маршруттарының негізінде құрастырылған топтамалар бойынша өткізіледі.
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті (бұдан әрі - Департамент) тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
Тарау 2. 2. Тендерлік комиссияны құру
2. Тендерлік комиссияны құру
Тармақ 4
4. Тендерлік комиссия (бұдан әрі - комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін құрылады. Комиссия құрамы Департамент директорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасары және комиссия мүшелері кіреді, комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды.
Тармақ 5
5. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қажет болған жағдайда тендерді ұйымдастырушы ақысыз негізде, жұмысқа сарапшылар ретінде басқа мамандарды шақыра алады.
Тармақ 8
8. Сарапшылар қатысушылардың өтінімдерінің тендерлік құжаттамаға сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын береді және комиссияның шешім қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы болмайды. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар тапсырған тендерлік өтінімдерге баға беру мен салыстырып тексеру және жеңімпазды анықтау кезінде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қосып беріледі.
Тарау 3. 3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік
өтінімдерге қойылатын талаптар
3. Тендерге қатысушыларға және тендерлік
өтінімдерге қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Тендерге қатысуға оның шарттарына жауап беретін, өтінімді және басқа да қажетті құжаттарды осы ережелерге сәйкес дер кезінде берген, Ереженің 10 тармағында анықталған тасымалдаушылар жіберіледі.
Тармақ 10
10. Тендерге қатысу үшін тасымалдаушылар мынадай шарттарға сәйкес болуы қажет:
Тармақша 1
1) темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы бар болуы;
Тармақша 2
2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін меншікті, жалға алған немесе басқа да заңды негіздерде пайдаланатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жылжымалы құрамға иелік етуі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және зейнетақылық жинақ қорларына аударымдар бойынша берешектері болмауы тиіс.
Тармақ 11
11. Тасымалдаушы тендерге қатысу үшін Департаменттің атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тендерлік өтінімді ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен жарғысының (заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) үлгілерін, санын, шығарылған жылын, техникалық жай-күйі мен қызметін көрсете отырып меншікті және (немесе) сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдағы жылжымалы құрамның мүкәммалдық паркі (меншіктілік немесе жалға алу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған қосымшасымен) туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын. Егер аталған анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген тұлғаның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет;
Тармақша 6
6) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тендерге қойылған әлеуметтік маңызды қатынастардағы маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар бар тендерлік өтінімді тапсырады.
Тармақ 12
12. Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, беттері нөмірленіп, тігілген күйде тапсырылады, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен немесе жеке тұлғаның қолымен куәландырылады.
Тармақ 13
13. Тендерлік өтінімде жолдардың арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Тармақ 14
14. Тасымалдаушы тендерлік құжаттаманы конвертке салып аузын желімдейді, онда тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып желімделеді.
Тармақ 15
15. Конверттер: "Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурсты өткізуге тендерлік өтінім" деген белгісімен тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуетті қатысушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін өзінің тендерлік құжаттамасын өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту тендерлік өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және тапсырылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Тармақ 17
17. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге ешқандай өзгертулер енгізілмеуі тиіс.
Тарау 4. 4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру
4. Тендерді өткізуді ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Тендер, Департамент кідіріссіз тендер өткізуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, жылына 1 рет өткізіледі.
Тармақ 19
19. Департамент тендер өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті хабарландыру беріледі және тендерге қойылатын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары маршруттарының тізбесі көрсетіледі. Хабарландыру тендер өткізілгенге дейін 15 күнтізбелік күннен және тендер қайталап өткізілген жағдайда 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.
Тармақ 20
20. Тендерді өткізу туралы хабарланғаннан кейін тендерге қатысуға тілек білдірген тасымалдаушылар осы Ереженің 12-тармағында аталып өтілген құжаттарды қоса отырып, Департаменттің атына тендерлік өтінімдер тапсырады.
Тармақ 21
21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау тендерді өткізу датасына дейін бір жұмыс күнінде аяқталады.
Тарау 5. 5. Ашық тендерді өткізу, тендерлік ұсыныстарға
баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау тәртібі
5. Ашық тендерді өткізу, тендерлік ұсыныстарға
баға беру және жеңімпаз(дар)ды анықтау тәртібі
Тармақ 22
22. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың өкілеттіктері комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
Тармақ 23
23. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінен кейін ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның төрағасы, оның орынбасары мен комиссия мүшелері қолдарын қояды.
Тармақ 24
24. Комиссия тендерге қатысу үшін қарауға қабылданған тендерлік өтінімдерге баға береді және салыстырады, әрі көрсететін қызметтерінің сапалы сипаттамалары мен маршруттар бойынша қажетті субсидияларының ұсынылған көлемін есепке ала отырып, тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.
Тармақ 25
25. Егер тендерге қойылатын бір топтама бойынша тендердің шарттарына жауап беретін және осы Ережеге сәйкес тендерге қатысу құжаттарын тапсырған кем дегенде екі тендерге қатысушы өтінім берген болса, тендер болған болып танылады.
Тармақ 26
26. Комиссияның шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыстары берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 27
27. Комиссия конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тендердің қорытындыларын шығарады, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелері қолдарын қояды.
Тармақ 28
28. Субсидиялардың ең аз көлемін ұсынатын және Департамент белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен қоса тасымалдауды үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 29
29. Тендердің жеңімпазы мен Департамент арасында бес күндік мерзімде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдарды жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасалады.
Тармақ 30
30. Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, оның ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін неғұрлым тәуір болып табылатын басқа тендерге қатысушымен Департаменттің шарт жасасуға құқығы бар.
Тармақ 31
31. Оның (олардың) тендерлік ұсыныстары жеңімпаздың ұсыныстарынан кейін ең жақсы деп танылған тендердің қатысушы (қатысушылар) Департаментпен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тендер өткізілмеген болып танылады.
Тармақ 32
32. Егер тендер өткізілмеген болып танылған жағдайда, комиссия тендерді қайталап өткізу туралы хабарлайды.
Тармақ 33
33. Егер қайталама тендердің нәтижелері бойынша тасымалдаушы анықталмаса немесе тендерге қатысуға бір ғана қатысушы өтінім берген болса, онда Департамент тендерге қатысуға өтінім берген және Ереженің 10 тармағының талаптарына жауап беретін бір ғана тасымалдаушымен шарт жасасады.
Шығындары бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу
Ережесіне 1-қосымша
Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары департаменті
ӨТІНІШ
(заңды тұлға үшін)
Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________ маршруты бойынша әлеуметтік маңызды
(маршруттың атауы)
облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.
Тасымалдаушы туралы мәліметтер
1. Меншік нысаны __________________________________________________
2. Құрылған жылы __________________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ________________
___________________________________________________________________
(нөмірі, кіммен және қашан берілген)
4. СТН ___________________________________________________________
5. Банктік деректемелер ___________________________________________
___________________________________________________________________
(ЖСК, БСК, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Заңды мекен-жайы және басқа деректемелері ______________________
___________________________________________________________________
(почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
7. ________________________________________________________________
(Ұйымның бірінші басшысының аты-жөні, тегі)
8. Қоса берілген құжаттар:
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
Ұйымның басшысы: аты-жөні, тегі, қолы, күні
м.о.
Шығындары бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу
Ережесіне 2-қосымша
Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары департаменті
ӨТІНІШ
(жеке тұлға үшін)
Шығындары бюджеттен субсидиялануға жататын
_______________________________________ маршруты бойынша әлеуметтік
(маршруттың атауы)
маңызды облысішілік қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық
тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін рұқсат
етуіңізді сұраймын.
Тасымалдаушы туралы мәліметтер
1. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат _______________________________
___________________________________________________________________
(нөмірі, кіммен және қашан берілген)
2. СТН ____________________________________________________________
3. Банктік деректемелер ___________________________________________
_______________________(ЖСК, банктің атауы және орналасқан жері)
4. Мекен-жайы және басқа деректемелері ____________________________
_____________________ (почталық адресі, телефон, телефакс, телекс)
5. Қоса берілген құжаттар:
1) _______________________________________________________________
2) _______________________________________________________________
3) _______________________________________________________________
Аты-жөні, тегі, қолы, күні
м.о.
Шығындары бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу
Ережесіне 3-қосымша
Әлеуметтік маңызды қатынастарда тендерге қойылған маршруттар
бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырудың шарттары мен
талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі тендерлік ұсыныстар
Әлеу-
меттік
маңызды
қаты-
настар
маршрут
(тар)-
ының
атауы
Қашық-
тығы,
км
Қаты-
науы-
ның
кезең-
ділігі
Жылжымалы құрамды
құрастыру
(вагондардың саны)
Қажетті
субси-
дияның
көлемі,
мың теңге
Жолау-
шыларға
көрсе-
тілетін
қосымша
қыз-
меттер
жалпы
плац-
карт
купе
1
2
3
4
5
6
7
8
Поезда ұсынылатын сервис және вагондардың жайлылығының
деңгейі туралы мәліметтер _______________________________________
Субсидиялау көлемі жөніндегі деректер қоса берілген жолаушылар
тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі экономикалық көрсеткіштерге және
есептеулерге сәйкес орындалған.
Қосымша:
1) ______________________________;
2) ______________________________;
3) ______________________________.
Тасымалдаушы: __________________________________
Аты-жөні, тегі, қолы, күні
м.о.
Шығындары бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастары бойынша темір жолмен
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде
анықтау жөніндегі конкурсты өткізу
Ережесіне 4-қосымша
Әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары
бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарт
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Оңтүстік Қазақстан
облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті
атынан бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын Оңтүстік Қазақстан
облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті
туралы ереженің негізінде іс-қимыл жасайтын директоры _____________
бір жағынан және Жарғының негізінде іс-қимыл жасайтын, жолаушыларды
темір жол көлігімен тасымалдауға 200__ жылғы "___"______ N______ лицензиясы бар
____________________________________ атынан бұдан әрі
(ұйымның-тендердің жеңімпазының толық атауы)
"Орындаушы" деп аталатын _______________________________ басшысы
(тегі, аты, жөні)
екінші жағынан шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға
жататын әлеуметтік маңызды облысішілік қала маңы қатынастары
бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі
конкурстың қорытындылары туралы 200__жылғы "___" ________ N _____
хаттаманың негізінде осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
Тармақ 1.1
1.1. Орындаушы әлеуметтік маңызды қатынастардың (бұдан әрі - қатынастар) маршруттары бойынша темір жолмен тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырады.
Тармақ 1.2
1.2. Тапсырысшы бюджетте көзделген сома шегінде орындаушының қатынастар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты шығындарын субсидиялауды (бұдан әрі - субсидиялау) жүзеге асырады.
Тармақ 1.3
1.3. Поездардың тізбесі, қатынау кезеңділігі және бұл поездардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы осы шарттың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын, оған қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тарау 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Тармақ 2.1
2.1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2.2
2.2. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және темір жол көлігі саласындағы нормативтік кесімдерге сәйкес жолаушылар тасымалын уақтылы және сапалы қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды міндеттенеді.
Тармақ 2.3
2.3. Шартты орындауға кедергі болатын форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, орындаушы Тапсырыс берушіні кідіріссіз ақпараттауды қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. ӨЗАРА ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТӘРТІБІ
3. ӨЗАРА ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 3.1
3.1. Тапсырыс беруші Орындаушы берген жолаушыларды тасымалдаудың болжамды көрсеткіштерінің негізінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялардың тоқсандық көлемінен 30% (отыз пайыздан) аспайтын көлемде аванстық төлем жүргізеді.
Тармақ 3.2
3.2. Орындаушы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде, Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау ережесіне сәйкес ұйымның басшысымен, бас бухгалтерімен және мөрімен расталған мына құжаттарды беруі тиіс:
3.2.1 жолаушылар тасымалдарын орындау туралы ай сайынғы есеп.
3.2.2 орындалған жұмыстардың актісі.
3.2.3 қатынас көлемі және осы поезбен тасымалданған жолаушылардың саны бойынша тасымалдардың орындалған көлемін растайтын магистралдық темір жол желісі операторының құжаты.
Тармақ 3.3
3.3. Берілген құжаттармен келіспеген жағдайда Тараптар отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде деректерді нақтылауды жүргізеді.
Тармақ 3.4
3.4. Субсидиялардың келесі төлемдерін Тапсырыс беруші тоқсан сайын төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары мен жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу желтоқсан айында жүргізіледі.
Тармақ 3.5
3.5. Желтоқсан айы үшін төлемді Тапсырыс беруші тасымалдауларды орындаумен байланысты кірістер мен шығыстардың жоспарланатын көлемдерінің негізінде жасалған Орындаушының есебінің
негізінде жүзеге асырады. Желтоқсандағы нақты есепті Орындаушы тараптардың келісуі бойынша белгіленген мерзімде және осы Шарттың 3.2-тармағына сәйкес ұсынады.
Тарау 4. 4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 4.1
4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған Тарап үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты хабардар етуге және бұзушылықты жою үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасауға міндеттенеді. Өзінің міндеттемелерін бұзушылықты жоймаған жағдайда, кінәлі Тарап осы Шарттың 4.1. тармағына сәйкес жауапты болады.
Тарау 5. 5. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
5. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Тармақ 5.1
5.1. Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда әр Тарап үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ол туралы басқа Тарапты кідіріссіз хабардар етуі тиіс.
Тармақ 5.2
5.2. "Форс-мажорлық" жағдайлар болып табиғи апаттар, Шарттың орындалуына кедергі жасайтын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайды, жұмылдыру іс-шараларын хабарлаулар, ауа-райы мен табиғи жағдайлар және Тараптарға байланыссыз Тараптардың Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауына кедергі жасайтын кез келген басқа да жағдайлар.
Тармақ 5.3
5.3. Форс-мажорлық жағдайлар күшінде болып және отыз күнтізбелік уақыт ішінде тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерінің одан арғы іс-әрекеттерін жазбаша келіседі.
Тарау 6. 6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту
және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі
6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту
және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Шарт 200__ жылғы __________ бастап күшіне енеді және 200__ жылғы______________дейін күшінде болады.
Тармақ 6.2
6.2. Шарт Тараптардың өзара келісімі немесе егер басқа Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талабы бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 6.3
6.3. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6.4.Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкіндігінің болмауы кезінде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
Тармақ 6.5. Тараптардың реквизиттері және қолдары
6.5. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірдей заңдық күші бар және екі Тараптың қолы қойылатын мемлекеттік және (немесе) орыс тіліндегі жазбаша нысанда, екі данада Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден жасалады.
6.6 Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, бірдей заңдық күші бар екі данада жасалған.
Тараптардың реквизиттері және қолдары
Тапсырыс беруші Орындаушы
_____________________________ _________________________
(толық атауы) (толық атауы)
_____________________________ _________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
_____________________________ _________________________
(телефон, факс) (телефон, факс)
СТН__________________________ СТН______________________
_____________________________ _________________________
(реквизиттер) (реквизиттер)
_____________________________ _________________________
(Т.А.Ж.) (Т.А.Ж.)
_____________________________ _________________________
(қолы) (қолы)
"___" ______________ 200__ ж. "___" ___________ 200__ж.
М.О. М.О.
Әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастары бойынша
жолаушылар тасымалдарын жүзеге
асыратын тасымалдаушылардың
шығындарын субсидиялау
туралы Шартқа қосымша
Әлеуметтік маңызды облысішілік
қала маңы қатынастарының тізбесі
Р/с
N
Маршрут
Қатынаудың
кезеңділігі
Поездың құрамдылығы (вагондардың саны)
Субсидиялауға
жататын сома,
мың теңге
жалпы
плацкарт
купе
1
2
3
4
5
6
7
Осы қосымша 200__ж. "___" __________ N____әлеуметтік маңызды
облысішілік қала маңы қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тапсырыс беруші Орындаушы
_______________________ ________________________
(толық атауы) (толық атауы)
_______________________ ________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
_______________________ ________________________
(телефон, факс) (телефон, факс)
СТН____________________ СТН_____________________
_______________________ ________________________
(реквизиттер) (реквизиттер)
_______________________ ________________________
(Т.А.Ж.) (Т.А.Ж.)
_______________________ ________________________
(қолы) (қолы)
200_ж. "___"___________ 200_ж. "___"____________
М.О. М.О.