Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании рынка электрической энергии в городе Алматы

Өзге акт · № 0 · қабылданған 25.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2666/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О создании рынка электрической энергии в городе Алматы Күшін жойған 25.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании рынка электрической энергии в городе Алматы

Күшін жойған Өзге акт № 0 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании рынка электрической энергии в городе Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
0
Қабылданған күні
25.12.1998
Көрсетілген редакция
25.12.1998 2666_242369.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98R0000032
ЭКБ идентификаторы
2666
Редакция идентификаторы
2666_242369
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 11.02.2005 № 123 шешімімен.
Қазақстан Республикасындағы "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 1 тармағына және 1 бабының 14 тармағына, Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес және Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру, онда бәсекелестiктi дамыту және электр энергиясын тұтынушылар - тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мақсатында I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады :

1. Алматы қаласы Әкiмiнiң Алматы қаласында электр энергиясы рыногын құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Алматы қаласындағы электр энергиясы рыногының Тәртiбi", Алматы қаласында электр энергиясының сауда-саттығы жөнiнде тендер өткiзу туралы Ереже" бекiтiлсiн, № 1, 2 қосымшалар.

2. Осы шешiмiнiң орындалуын қадағалау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастар мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн. (Ю.В. Костин).

3 Ережесі

Алматы қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 25 желтоқсандағы
ХХIII сессиясының шешiмiне
№ 1 қосымша
Алматы қаласындағы электр энергетикасы нарығының
Ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы", " Энергияны үнемдеу туралы", " Табиғи монополиялар туралы", " Әдiлетсiз бәсекелестiк туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Электроэнергетика туралы" және " Лицензиялар беру туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына, сондай-ақ, электр энергиясын пайдаланудың Ережесiне, Қазақстан Республикасының электро қуатының және электр энергиясының көтерме нарығы туралы Уақытша ережесiне Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бекiткен аймақтық және/немесе жергiлiктi деңгейлердегi электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудiң Ережесiне сәйкес әзiрлендi және Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығының субъектiлерi арасындағы өзара қатынастардың тәртiбiн белгiлейдi.

1.2. Электр энергиясының нарығы - бұл электр энергиясын өндiрушi ұйымдардың, электр энергиясын берудiң Ұлттық жүйесi (КЕGОС), "Алматы Пауэр Консолидейтед" (АПК) ЖАҚ таратушы электр желiлерi, сатып алушылар және тұтынушылар, сондай-ақ, орталықтандырылған жеделдиспетчерлiк басқарудағы басқа да ұйымдар арасында шарттық негiзде электр энергиясын сатып алу-сатудың және берудiң жүйесi болып табылады.

1.3. Ереже Алматы қаласында электр энергиясын қалыптастырудың және жұмыс iстеуiнiң жайының тәртiбiн белгiлейдi, бұның барлық субъектiлерiнiң құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн анықтайды.

1.4. Ереже Алматы қаласының аумағындағы меншiк түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы нарықтың барлық субъектiлерi үшiн орын алу мiндеттi.

2. Мақсаты және негiзгi мiндеттерi

2.1. Осы Ереженiң мақсаты - Алматы қаласында электр энергиясының нарығын ұйымдастыру.

2.2. Осы Ереженiң негiзгi мiндеттерi мыналар:

2.2.1. Оған электр энергиясын өндiрушi ұйымдар мен тұтынушылардың еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

2.2.2. Электр энергиясын сатып алу-сату бойынша тендерлiк саудалаулар өткiзу арқылы электр энергиясын өндiрушi ұйымдар арасында бәсекелесу ортасын қалыптастыру.

2.2.3. Серiктестiктердiң еркiн таңдауы арқылы тұтынушылардың пайдаға қол жеткiзуi.

2.2.4. Өндiрiстiк шығындарының орнын толтыратын және нарық субъектiлерiн дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн тарифтердi қалыптастыру шарттарының икемдiлiгiн қамтамасыз ету.

2.2.5. Нарық субъектiлерiнiң төлем тәртiбiнiң деңгейiн көтеру.

2.2.6. Нарық субъектiлерiнiң өзара жауапкершiлiгi негiзiнде тұтынушылардың энергияны сенiмдi түрде жинақтауын қамтамасыз ету.

3. Нарық субъектiлерi. Негiзгi түсiнiктер және анықтамалар

3.1. Электр энергиясын өндiретiн ұйымдар - электр энергиясын сататын және тендерлiк саудалауға қатысуға өтiнiм берген электр энергиясы нарығының субъектiлерi.

3.2. Электр энергиясын тұтынушылар - электр энергиясын тұтынатын, таратқыш электр желiлерiне iс жүзiнде қол жеткiзе алатын, сондай-ақ, тендерлiк саудалауға қатысуға өтiнiм берген нарық субъектiлерi, заңды және жеке тұлғалар.

3.3. Бөлшек сауда нарығының операторы - тұтынушыларға оны алдағы уақытта сату мақсатында электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын көптеп сатып алуды ұйымдастырушы және Алматы қаласында электр энергиясы нарығының қызмет етуiн қамтамасыз ететiн, Алматы қаласы әкiмiнiң шешiмi бойынша тағайындалған нарық субъектiсi.

3.4. Көлiк электр желiлерi компаниялары - энергияны берудiң Ұлттық жүйесi және АПК-ның Таратқыш электр желiлерi - электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан алып, электр энергиясын тұтынушыға тасымалдап жеткiзудi жүзеге асыратын нарық субъектiлерi.

3.4.1. Энергияны берудiң Ұлттық жүйесi (КЕGОС) - көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан алып АПК-ның Таратқыш электр желiлерiне дейiн жеткiзiп берудi жүзеге асырушы ұйымдар.

3.4.2. АПК-ның Таратқыш электр желiлерi - КЕGОС желілерінен электр энергиясын алуды және өздерi электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын алуды және оны нарық тұтынушыларына тасымалдап жеткiзудi жүзеге асыратын ұйымдар.

3.5. ОДБ - КЕGОС ААҚ-ның орталық диспетчерлік басқармасы, бұл басқарма электр энергиясының көтерме сауда нарығына техникалық басшылықты жүзеге асырады және электр энергиясын өндiрушi ұйымдар және Алматы қаласындағы нарық Операторы арасындағы тура шарттардың орындалуын қамтамасыз етедi.

3.6. АДО - АПК ЖАҚ-ның аймақтық диспетчерлiк орталығы, бұл орталық Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығына техникалық басшылықты жүзеге асырады және АПК ЖАҚ, нарық Операторы және тұтынушылар арасындағы тура шарттардың орындалуын қамтамасыз етедi.

4. Электр энергиясы нарығының жұмысын ұйымдастыру

4.1. Электр энергиясын өндiрушi ұйымдар және электр энергиясын тұтынушылар нарық Операторына электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi тендерге қатысатыны туралы өтiнiм бередi. Өтiнiмде энергияның көлемi, тәулiктiк тұтыну графигi, сенiмдiлiк шарттары, жеткiзiп беретiн сапасының көрсеткiштерi көрсетiледi.

4.2. Нарық Операторы берген барлық өтiнiмдердi тiркейдi және тендерлiк саудалауға қатысушылардың оған еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi. Тендерлiк саудалауға меншiк түрлерiне қарамастан заңды және жеке тұлғалар қатысуға жiберiледi.

4.3. Электр энергиясын тендерлiк саудалаулар "Алматы қаласындағы электр энергиясының нарығында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi тендердi ұйымдастыру және өткiзудiң Ережесiне" сәйкес тоқсан сайын жүзеге асырылады.

4.4. Нарық Операторы электр энергиясын тендерлiк саудалаудың нәтижелерi бойынша "Қазақстан Республикасында электр энергиясының электро қуатының және электр энергиясының көтерме нарығы туралы Уақытша ережесiнiң" 4-5 бөлiмдерiне сәйкес электр энергиясын өндiрушi ұйымдармен, көлiк электр желiлерi компанияларымен және тұтынушылармен электр энергиясын сатып алудың және жеткiзiп берудiң көлемдерi бойынша шарттар жасасады және оларға хабарлайды.

4.5. Оператор түнгi уақыттарда (жергiлiктi уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейiн) электр энергиясын жеңiлдiк тариф бойынша жеткiзiп берудi ұйымдастырады.

4.6. АПК электр станциялары өндiретiн электр энергиялары белгiленген квоталар көлемiнде басымдыққа ие тәртiппен сатып алынады.

4.7. Көлiк электр желiлерi компанияларының электр желiлерi бойынша электр энергиясын тасымалдағаны үшiн тарифтер бойынша ақы төленедi, олардың шектi деңгейiн ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау Комитетi белгiлейдi.

4.8. Таратқыш желiлердi пайдаланбай-ақ АПК көтерме станцияларының жабдықтары арқылы тасылатын электр энергиясын өткiзгенi үшiн нарық Операторы, АПК және тұтынушы арасындағы жекелеген келiсiмде белгiленген тариф бойынша оларға ақы төленедi.

5. Нарық субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

5.1. Нарық субъектiлерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi:

5.1.1. Субъектiлер электр энергиясын жеткiзiп беру, тасымалдау және тұтыну жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде нарыққа қатысады.

5.1.2. Нарықтың барлық субъектiлерi өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алуға мiндеттi.

5.2. Электр энергиясын өндiрушi ұйым.

5.2.1. Нарыққа электр энергиясын сатуға шығарады.

5.2.2. Оператор мен электр энергиясын жеткiзiп беру жөнiнде шарттар жасасады.

5.2.3. Электр энергиясын пайдалану Ережесiне сәйкес тасымалдау электр желiлерi компаниясына электр энергиясын босатады.

5.2.4. Шарттар бойынша тәулiктiк графикке сәйкес электр энергиясының босатылуын қамтамасыз етедi.

5.2.5. ОДБ-ның барлық нұсқау-ережелерiн диспетчерлендiру арқылы орындайды.

5.2.6. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тасымалдау электр желiлерi компаниясына жеткiзiлiп берiлетiн электр энергиясының сапасы, көлемi және мерзiмi бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуы үшiн оған жауапкершiлiк жүктеледi.

5.3. Тасымалдау электр желiлерi компаниясы.

5.3.1. Оператормен электр энергиясын тасымалдау жөнiнде шарттар жасасады.

5.3.2. Нарықтық барлық субъектiлерiне өзiнiң желiлерi арқылы электр энергиясын тасымалдау құқығын бередi.

5.3.3. Электр энергиясын тасымалдау жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде ОДБ-ның және АДО-ның диспетчерлендiру жөнiндегi барлық нұсқау-ережелерiн, Оператордың талаптарын орындайды.

5.3.4. Тиiстi ОБД-ға, АДО-ға және Операторға электр энергиясын берудiң резервтiк линиясы болмаған жағдайда электр желiлiк жабдықтарды жоспарлы жөндеуге шығарудың графиктерiн тапсырады.

5.3.5. Шарттық мiндеттемелерге сәйкес электр энергиясын өндiрушi ұйымдардан тұтынушыға электр энергиясын сенiмдi түрде тасымалдап жеткiзудi қамтамасыз етедi.

5.3.6. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тасымалданатын энергияның сенiмдiлiгi, сапасы және көлемi бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуы үшiн оған жауапкершiлiк жүктеледi.

5.3.7. АДО Оператордың талап етуiмен өз мiндетiне жауапсыз қарайтын тұтынушыны (борышкердi) электр желiсiнен ажыратады. Оператордың командасы орындалмаған жағдайда тасымалдау электр желiлiк компаниясы жеткiзiлiп берiлетiн электр энергиясы үшiн жауапкершiлiктi өзiне алады.

5.4. Электр энергиясын тұтынушы.

5.4.1. Тұтынушы электр энергиясы нарығының Операторы мен электр энергиясын тұтыну жөнiнде шарт жасасады.

5.4.2. Электр энергиясын тұтынудың Ережесiне сәйкес тұтынуды бақылауға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының коммерциялық есебiн белгiлейдi. Мәлiмделген қуаты 750 Кв және одан да жоғары қуаты бар тұтынушы кемiнде үш айлық мерзiмге есептiк ақпаратты сақтай отырып немесе осы ақпаратты техникалық операторға автоматтық тәсiлмен берудi қамтамасыз ете отырып тәулiктiң тиiстi бөлiктерi бойынша (жеткiзiп берудiң графигiне сәйкес) тұтынудың қуатын бақылауға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының коммерциялық есебiн жүргiзетiн приборларды өзiнде ұстауға мiндеттi.
Мәлiмделген қуаты 750 Кв дейiнгi қуаты бар тұтынушы белгiленген индукциялық үлгiдегi коммерциялық есептеу приборларымен жабдықталуы тиiс.

5.4.3. Шартқа сәйкес АДО-ға және Операторға электр энергиясын тәулiктiк тұтынудың режимi туралы мәлiметтi бередi.

5.4.4. Тәулiктiк тұтыну графигiне сәйкес электр энергиясын тұтынудың режимiн сақтайды.

5.4.5. Жеткiзiп беру жөнiндегi шарттарда көрсетiлген мерзiмде электр энергиясы үшiн ақы төлейдi.

5.4.6. Электр энергиясының жеткiзiп берiлмеуiне әкелiп соққан авариялардың жайының анық-қанығына жетуге қатысады.

5.4.7. Оператормен келiсе отырып, электр энергиясын тұтыну көлемiне түзету енгiзуге құқылы.

5.5. Электр энергиясы нарығының Операторы.

5.5.1. ОДБ-ға және АДО-ға алдағы тәулiктiк тұтыну режимi туралы мәлiметтер бередi.

5.5.2. Электр энергиясын тұтынудың режимiне бақылау жасайды.

5.5.3. Электр энергиясын сатып алу-сату жөнiндегi тендердi ұйымдастырады.

5.5.4. Жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын жеткiзiп берiлмеуiне әкелiп соққан электр энергиясын өндiрушi ұйымдардың және тасымалдау электр желiлерi компанияларының нысандарындағы авариялардың мән-жайын анықтауға қатысады.

5.5.5. Тасымалдау электр желiлерi компаниясының АДО-на өз мiндетiне жауапсыз қарайтын тұтынушыны (борышкердi) желiден ажырату туралы нұсқау бередi.

5.5.6. Өз қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы.

5.5.7. Түнгi уақытта жеңiлдiгi бар тарифтер бойынша электр энергиясының жеткiзiлiп берiлуiн ұйымдастырады.

6. Қорытынды ережелер

6.1. Осы Ереже Алматы қаласындағы электр энергиясы нарығының субъектiлерi болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн орындалуы мiндеттi.

6.2. Осы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар электр энергиясы нарығының субъектiлерiнiң ұсынысы бойынша енгiзiледi және заңдарда көрсетiлген тәртiпке сәйкес бекiтiледi.

74 Ережесі

Алматы қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 25 желтоқсандағы
ХХIII сессиясының шешiмiне
№ 2 қосымша
Алматы қаласындағы электр энергиясын
сатып алу-сату жөнiндегi тендердi
ұйымдастырудың және өткiзудiң
Ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы", "Әдiлетсiз бәсекелестiк туралы", "Энергияны үнемдеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензия беру туралы", "Электроэнергетика туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына және Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген Алматы қаласындағы электр энергиясының нарығының Ережесiне сәйкес, Алматы қаласында электр энергиясының нарығын ұйымдастыру мақсатында әзiрлендi.

1.2. Ереже электр энергиясының нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

1.3. Нарық субъектiлерiнiң электр энергиясын квотасы белгiленбеген көлемде сатып алу-сатуы ашық тендерде жүзеге асырылады.

1.4. Электр энергиясы нарығының Операторы (әрi қарай - Оператор) осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес тендердi ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асырады.

1.5. Тендерлер тоқсан сайын алдағы тоқсан басталардан 20 күн бұрын өткiзiледi.

2. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу

2.1. Оператор тендердi ұйымдастыру үшiн тендерлiк комиссияны (әрi қарай - Комиссия) құрады.

Комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және құрамында кемiнде 3 адам болуы тиiс. Комиссия мүшелерi төрағаны сайлайды. Комиссия оның мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң қолдап дауыс беру арқылы шешiм қабылдайды. Қолдаушылар мен қарсы дауыс берушiлердiң саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

2.2. Комиссияның құрамына Алматы қаласы әкiмi аппаратының және ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi Алматы қаласы бойынша Комитетiнiң өкiлдерi, Оператор енедi.

2.3. Комиссия Алматы қаласының мұқтажы үшiн электр энергиясын сатып алу туралы ниетi жөнiнде хабарлайды; электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың талаптары мен шарттарын әзiрлейдi, бұлар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану арқылы электр энергиясын жеткiзiп берушiлер мен тұтынушылардың назарына жеткiзiлiп, ұсыныстар тендердiң қуатты қатысушыларына жiберiледi; тендерге қатысушылардың түпкiлiктi құрамын белгiлейдi; тендерде жеңiп шыққан жеңiмпаздарды хабарлайды, өткiзiлген тендердiң нәтижелерi бойынша хаттама дайындайды.

2.4. Оператор тендерге дайындалуды жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы тендердiң өткiзiлетiнi туралы хабарлайды; Комиссия мүшелерiне хабарлайды; электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың талаптарын, шарттарын белгiлейдi; тендерге қатысушылардың өтiнiмдерiн қабылдап, тiркейдi; тендерлiк құжаттарды әзiрлейдi және Комиссияның қарауына тапсырады.

2.5. Оператор тендер басталардан 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тендердiң өткiзiлетiнi туралы хабар жариялайды. Хабарда мыналар болуы тиiс:

тендер өткiзiлетiн күн орны және уақыты;
тендерге қатысуға арналған мiндеттi шарттар;
өтiнiмдердi қабылдайтын орын және мерзiмi.

2.6. Тендерге меншiк түрiне қарамастан кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

2.7. Тендерге қатысудың мiндеттi шарты - үмiткерлердiң құжаттар пакетiн тапсыруы. Оның құрамында мыналар болуы тиiс:

тендерге қатысу туралы өтiнiм;
банкiлiк, почталық және басқа да реквизиттер;
заңды тұлғалар үшiн әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға құқық берiлгенi туралы лицензияның көшiрмесi;
ұсынылып отырған электр энергиясын жеткiзiп берудiң және тұтынудың бағасы, шарттары және көлемдерi туралы ақпарат;
өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттар пакетiн тапсырмаған адамдар тендерге қатысуға жiберiлмейдi.

2.8. Тендерге қатысушыларды тiркеу арнаулы журналда жүргiзiледi және тендер өткiзiлерден 24 сағат бұрын аяқталады.

Комиссия арқылы тендерге қатысушыларды тiркеу хаттамасы қаралады және бекiтiледi. Хаттамада келесi мәлiметтер болуы тиiс:
комиссияның құрамы;
өтiнiмдердi қабылдайтын күн және орны;
тендер өткiзiлетiн күн және орны;
тендерге қатысуға жiберiлген қатысушылар туралы мәлiметтер, тендерге қатысуға жiберiлмеген қатысушылар туралы мәлiметтер және мұндай шешiмнiң қабылдануына негiздеме.

2.9. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар пакеттерi тендер өткiзу басталарға дейiн конверттерге салынып, арнаулы сейфтерде сақталады, ол конверттер Комиссия мүшелерiнiң көзiнше ашылады.

2.10. Тендер Комиссия арқылы тендерге қатысушылардың қатысуымен өткiзiледi. Тендер өткiзу тәртiптерiнiң жиынтығын Комиссия белгiлейдi.

2.11. Тендер өткiзерде конверттер ашылып, қатысушылардың тендерлiк ұсыныстары оқылады. Комиссия қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын талдап, бағалаған соң тендердiң жеңiмпазын (жеңiмпаздарын) анықтайды, бұл орайда басқа қатысушылармен салыстырғанда электр энергиясын жеткiзiп берудiң үздiк шарттарын және аз ақы төленуiн (көлiк шығындарын ескере отырып) ұсынған қатысушылар жеңiмпаз болуы ықтимал.

2.12. Комиссия тендердiң жеңiмпазын анықтау кезiнде тендердiң өткiзiлу барысында қатысушылар ұсынған жеткiзiп беру және ақы төлеудiң қосымша шарттарын ескередi.

2.13. Қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда Комиссия тендердiң жеңiмпазын анықтау жөнiндегi түпкiлiктi шешiм қабылдауды 3 күндiк мерзiмге кейiнге қалдыра алады, бұл жөнiнде Комиссияның жеке шешiмiнде тұжырымдалады.

2.14. Басқа да тең шарттар болған жағдайда отандық жеткiзiп берушiлерге басымдық берiледi.

2.15. Комиссияның түпкiлiктi шешiмi тендердiң қорытындылары туралы хаттамада жазылады, оған Комиссияның барлық мүшелерi қол қойып, тендердiң жеңiмпазы жарияланады.

Тендерлiк комиссияның шешiмiнде электр энергиясын жеткiзiп берудiң және оған ақы төлеудiң шарттары бағасы мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс.
Тендердiң қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етiледi.

2.16. Тендердiң қорытындылары туралы хаттама сол күнi тендердiң жеңiмпазына берiледi. Хаттама Оператор және Сатушы арасындағы электр энергиясын жеткiзiп беру туралы шарт жасасуға негiз болады.

2.17. Тендерде жеңiске жеткен Сатушының кiнәсiнен тендердiң қорытындылары шығарылғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде шарттар жасалмаған жағдайда Комиссияның шешiмi бойынша:

Сатушы мәлiмделген электр энергиясын жеткiзiп берудiң көлемiнiң құнының 10 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi;
тендердiң басқа қатысушыларының iшiндегi электр энергиясын жеткiзiп берудiң үздiк жағдайларын және арзан бағасын ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады немесе тендер өткiзiлмедi деп жарияланады да қайтадан өткiзiледi.