Құжат мәтініне өту

О создании Государственного учреждения "Регистр судоходства" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан"

Қаулы · № 142 · қабылданған 01.03.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26708/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О создании Государственного учреждения "Регистр судоходства" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 142 ·01.03.2006
19.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Государственного учреждения "Регистр судоходства" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 142 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Государственного учреждения "Регистр судоходства" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
142
Қабылданған күні
01.03.2006
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI26708_6.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000142_
ЭКБ идентификаторы
26708
Редакция идентификаторы
AI26708_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:50

0 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2 2. Мекеме қызметiнiң мәнi iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және олардың сыныптамасына байланысты функциялар болып белгiленсiн.

3 3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:

1 1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;

2 2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)

6 6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) "Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 18 мамырдағы N 437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 19, 317-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шілдедегi N 651 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы