Құжат мәтініне өту

Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 30/275 · қабылданған 01.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26716/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/275 ·01.02.2006
24.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/275 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/275
Қабылданған күні
01.02.2006
Көрсетілген редакция
24.03.2011 · қолданыстағы 26716_196855.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06KD000025
ЭКБ идентификаторы
26716
Редакция идентификаторы
26716_196855
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:58

0 Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға арналған шығындар бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамдарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

2 2. Жергілікті тұрғын орыны бойынша бір алушыға ай сайынғы көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жеке ыңғайда (диференциалды) анықталсын:

Балқаш қаласының орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2726 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3327 теңге;
Қоңырат кентінің орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2509 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3327 теңге;
Саяқ кентінің орталықтандырылған жылуы бар тұрғындары үшін - 2015 теңге, пешпен жылынатын тұрғындары үшін - 3392 теңге.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.02.21
N 40/388
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз); 2008.03.12
N 7/60
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз); 2010.04.16
N 29/227
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) шешімдерімен.

3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С.) әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:

зейнетақы және көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоттары көрсетілген өтініші;
алушының жеке басын куәландыратын құжаты;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген куәлігінің көшірмесі;
Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы, Совет Армиясының ерікті жалдамалы құрамаларының адамы, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азамат екендігін растайтын құжаты;
азаматтарды тіркеу кітабы (немесе пәтерлік есеп карточкасы).
Жоғарғы көрсетілген азаматтар санатының тізімі ай сайын зейнет ақы және жәрдем ақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың қалалық филиалымен салыстырып тексеру жүргізілсін.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30
N 32/260
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) шешімімен.

4 4. Қаржы бөлімі (Адамова Қ.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.Қ.) жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
Қала әкімі
Токушев Қ.А.
20 қаңтар 2006 жыл
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
20 қаңтар 2006 жыл
Қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Адамова К.Қ.
20 қаңтар 2006 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Асылбекова С.С.
20 қаңтар 2006 жыл

Қолданыстағы