Құжат мәтініне өту

Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 30/276 · қабылданған 01.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.05.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-26737/?version=AI26737_4.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/276 ·01.02.2006
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗЖеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30/276 · қабылданған 01.02.2006

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/276
Қабылданған күні
01.02.2006
Көрсетілген редакция
27.05.2009 · қолданыстағы AI26737_4.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06KD000026
ЭКБ идентификаторы
26737
Редакция идентификаторы
AI26737_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:58

0 Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Зейнетақылары және әлеуметтік жәрдемақылары 15362 теңге деңгейінен аспайтын жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. Әлеуметтік көмек мөлшері айына 900 теңге көлемінде белгіленсін. Төлемдер осы көмекке құқығы бар сәттен бастап төленсін.

3 3. Көлікте жүруге әлеуметтік көмек келесі азаматтарға тағайындалатындығы және төленетіндігі анықталсын:

зейнеткерлерге;
жұмыссыз 3 топ мүгедектеріне;
16 жасқа дейінгі мүгедек баларға;
зейнеткерлік жастағы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыларға.
жұмыс істемейтін мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға (N 1, N 2 тізімдері бойынша)

4 4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С) жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:

1 1) көмекті алушынының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініш;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;

3 3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;

4 4) еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісім шарты (зейнеткерлерден басқа);

5 5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;

6 6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама

7 7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы

Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш берушілер жауапты. Дұрыс емес мәліметтерді ұсыну салдарынан заңсыз жәрдемақы төленген жағдайда, төленген сома алушылардан өз еріктері немесе сот арқылы өндіріледі

5 5. Қаржы бөлімі (Адамова К.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі
Токушев Қ.А.
20 қаңтар 2006 жыл
Экономика және
бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
20 қаңтар 2006 жыл
Қаржы бөлімінің меңгерушісі
Адамова К.Қ.
20 қаңтар 2006 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Асылбекова С.С.
20 қаңтар 2006 жыл