Қолданыстағы ред. 01.02.2006

Зерттелуге және емделуге мұқтаж науқастарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы от 01.02.2006 г. № 30/277 (Зерттелуге және емделуге мұқтаж науқастарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы)

0

Зерттелуге және емделуге мұқтаж
науқастарға бір жолғы материалдық
көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы бойынша Астана, Алматы қалаларының ғылыми-зерттеу институттарының арнайы емдеу мекемелерінде қаралуға және емделуге мұқтаж науқастарға және Қарағанды қаласында онкологиялық және көз аурулары бойынша шұғыл немесе жоспарлы операция жасатқан зейнеткерлерге, мүгедектерге бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.

2

2. Бір жолғы ақшалай көмектің мөлшері күнтізбелік жылғы бір рет 3000 теңге көлемінде белгіленсін. Төлемдер осы көмекке құқығы бар сәттен бастап төленсін.

3

3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С) бір жолғы материалдық әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:

1

1) көмекті алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініші;

2

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;

3

3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көсетілген куәліктің көшірмесі;

4

4) жолдаманың көшірмесі;

5

5) операция жасатқандығын, емделгендігін, зерттелгендігін растайтын медицина мекемелерінің құжат;

6

6) азаматтарды тіркеу кітапшасы.

4

4. Қаржы бөлімі (Адамова К.Қ) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен бір жолғы ақшалай көмекті мезгілінде қаржыландырсын.

5

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қала әкімі
Токушев Қ.А.
20.01.2006 ж.
Экономика және
бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы
Шлыкова З.С.
20.01.2006ж.
Қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Адамова К.Қ.
20.01.2006 ж.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Асылбекова С.С.
20.01.2006 ж.