Зерттелуге және емделуге мұқтаж науқастарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зерттелуге және емделуге мұқтаж науқастарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы бойынша Астана, Алматы қалаларының ғылыми-зерттеу институттарының арнайы емдеу мекемелерінде қаралуға және емделуге мұқтаж науқастарға және Қарағанды қаласында онкологиялық және көз аурулары бойынша шұғыл немесе жоспарлы операция жасатқан зейнеткерлерге, мүгедектерге бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Бір жолғы ақшалай көмектің мөлшері күнтізбелік жылғы бір рет 3000 теңге көлемінде белгіленсін. Төлемдер осы көмекке құқығы бар сәттен бастап төленсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С) бір жолғы материалдық әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) көмекті алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініші;
Тармақша 2
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көсетілген куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) жолдаманың көшірмесі;
Тармақша 5
5) операция жасатқандығын, емделгендігін, зерттелгендігін растайтын медицина мекемелерінің құжат;
Тармақша 6
6) азаматтарды тіркеу кітапшасы.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі (Адамова К.Қ) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен бір жолғы ақшалай көмекті мезгілінде қаржыландырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қала әкімі Токушев Қ.А. 20.01.2006 ж. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Шлыкова З.С. 20.01.2006ж. Қаржы бөлімінің меңгерушісі Адамова К.Қ. 20.01.2006 ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Асылбекова С.С. 20.01.2006 ж.