Қолданыстағы ред. 13.02.2006 (Редакция 26739_368988.kaz)

Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы от 13.02.2006 г. № 13 (Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы)

0

Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағын негізінде халыктың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін (1 косымша).

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру бойынша қызмет көрсету туралы шарттың бір үлгідегі формасы бекітілсін (2 косымша).

3

3. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүргізілсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Қ. Аққожинаға жүктелсін.

5

5. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетке міндетті түрде жариялануы тиіс.

6

Аудандық әкімдігінің
«13» 02.2006 ж.
қаулысына 1 қосымша
Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері

1. 1. Жалпы Ережелер

1. Жалпы Ережелер

1

1. Осы Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыланлыру Ережелері (бұдан былай Ережелері) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарың жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттар мен есептесу жүйесін реттейді.

2

2. Осы Ережелердің жұмыс істеуінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады.

3

3. Осы Ережеде қолдынылатын негізгі түсініктер:

1

1) әлеуметтік жұмыс орны - халыктың мақсатты тобындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыска орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орны. Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмысберушінің шығынының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

2

2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілдеген орган - жергілікті атқару органдарының аймактық деңгейде халықты жұмыспен камтуға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімшесі;

3

3) мақсатты топтар - ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатын және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.

4

4) Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарына Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңдары таралады.

5

5) Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілденген органдар мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдеседі.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

2. Әлеуметтік жұмыс ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі

1

1. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет өтей отырып, анықтайды немесе құрады.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шығынының жартылай өтемақысын төлеу туралы келісім шарт жасайды.

3

3. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан әкімдігі халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орны ұсынылатын немесе ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімін анықтайды.

4

4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру келісім бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.

5

5. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың басым құқына ие.

3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру кездері мен шарттары

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру кездері мен шарттары

1

1. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне байланысты болады.

2

2. Жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті аудандық бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.

4

4. Жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті аудандық бюджеттен алты айдан кем емес мерзімге еңбекақының ең аз мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке есеп шотына аударылады.

5

5. Жұмыс берушілер жергілікті аудандық бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.

6

6. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзімі өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.

4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау

1

1. Ережелердің сақталуына бақылауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.

31. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздарды орналастыру бойынша бір үлгідегі № ______ шарт

Аудандық әкімдігінің
«13» 02.2006 ж.
қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздарды орналастыру бойынша бір үлгідегі № ______ шарт
____________________ «____» ____________200__ж.
(жасалған орны)
Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің атынан бастығы ________________________________________
(аты-жөні)
бұдан әрі Тапсырушы деп аталып, Ереженің негізінде бірінші жағынан әрекет
етеді және екінші жағынан бұдан әрі Орындаушы деп
аталып____________________________________________________________
(жарғы, ереже)
негізінде іс-әрекет жасайтын_________________________________________
(орындаушының толық атауы)
атынан __________________________________________________
(бастығының аты-жөні)
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 200__ ж. №____ қаулысымен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін басшылыққа ала отырып осы шартты жасады:

1. 1. Шарттың мәні

1. Шарттың мәні

1.1

1.1. Тапсырушы халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға байланысты іс-шараларды жоспарлайды және жүзеге асырады.

1.2

1.2. Орындаушы халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орыңдарын ұсынады немесе оларды ашады.

2. 2. Жақтардың құқықтары мен міндеттері

2. Жақтардың құқықтары мен міндеттері

2.1

2.1. Тапсырушы:
Қорғалжын ауданы әкімдігінің 200__ ж №____ қаулысымен бекітілген Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін 3 бабына 4 тармақшасына сәйкес жұмыс берушіге жергілікті аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылғандардың еңбекақысының шығынының бөлігін ҚР «200__ жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінің 50 пайызы есебінен өтейді, бұл жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады. Тапсырушының шығындарды қаржыландыруы 258-30-00 бюджеттік бағдарламасы және 258-30-33 «Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» бағдарламашасы бойынша жүргізіледі;
әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылғандар туралы қажет мәліметтерді сұратуға құқықты;
жұмыссыздарды қолайлы әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар жұмысқа орналасудың басым құқына ие;
осы келісім-шарттағы аудандық бюджетті жұмсау бойынша міндеттерді қажетті түрде орындау мақсатында Орындаушыдан әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген азаматтардың жұмысқа орналасқаны жөнінде деректерге қатысты мәлімет сұратуға, немесе орындаушының қызметіне килікпестен оның шарттағы жағдайлардың орындауын тексеруге құқылы.

2.2

2.2. Орындаушы:
Келесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады немесе ашады:
Мамандығы бойынша әлеуметтік жұмыс орны
Жұмысты
орындау мерзімі
Адамдар саны
Жергілікті бюджет шығынының сомасы (теңге)
Бір жұмыссыз үшін айына (теңге)
Барлығы,
айына
Барлық мерзім ішінде (теңге)
Барлығы
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандармен ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Занына сәйкес жеке еңбек шарттарын жасайды;
қолданылып жүрген еңбек Заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығын белгілейді;
жұмысқа қабылданғандардың әрқайсымен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізеді;
ҚР «Еңбек қорғау туралы» Заңына сәйкес жұмысшыларды еңбек етудің тиісті жағдайларымен қамтамасыз етеді;
әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға ай сайын нақты атқарған жұмысы үшін еңбекақы төлейді. Еңбекақыны төлеу кәсіпорында осы мамандық бойынша қолданылып жүрген кесімді еңбекақыға және заңға сәйкес жүргізіледі;
жергілікті аудандық бюджеттен түскен қаржына мақсатты қолданады;
жұмыссызды жұмысқа орналастырғаны туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне үш күннің ішінде хабарлайды. Тапсырушының сұрауы бойынша толық ауқымда ақпарат ұсынады;
2001 жылдың 12 маусымындағы № 209 Салық кодексіне сәйкес еңбекақыға байланысты барлық салықтарды төлейді;
әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін азаматтарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты және денсаулығына келтірілген зақымның орнын толтыру бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді;
жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың үзіндісін ұсынып отырады;
әр айдың 30-на дейін жұмыс уақытын есептеу табелін, еңбекақыны төлеудің есеп-ведомостін, атқарған жұмыстың актісін ұсынып отырады;
осы шарттың 3.1 тармағында көрсетілген соманы толық пайдаланбаған уақытта, қорытынды төлеммен қоса қазыналық органда тіркеу үшін нақты пайдаланған сомаға қосымша келісім жасайды;
келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін Тапсырушыға әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандардың еңбекақысын төлеу үшін нақты қолданылған қаржының, аударылған зейнетақылық салымның сомасы туралы мәлімет береді.
Тапсырушыға занды тұлғаның банкілік шоты деректемелерінің езгергені туралы, сонымен қатар банк шоттарының жабылғаны немесе тиым салынғаны (тиым алынғаны) жөнінде жедел хабарлайды.

3. 3. Шарттың сомасы. Есептеу тәртібі және тәсілдері.

3. Шарттың сомасы. Есептеу тәртібі және тәсілдері.

3.1

3.1. Шарттын жалпы сомасы ___________________________ теңгені құрайды.

3.2

3.2. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған бір азаматтың еңбекақысын төлеу үшін аудандық бюджеттен төленетін қаржы бір айда ______________ теңгені құрайды.

3.3

3.3. Осы шарт бойынша төлеуді Тапсырушы жүзеге асырады. Аудару аудандық қаржылық органның Тапсырушы қаржысын бөлуіне сәйкес Орындаушының жеке идентификацияланған кодына жіберіледі.

3.4

3.4. Ақша аудару ай сайын орындалған жұмыс актісінің негізінде жүзеге асырылады. Орындалған жұмыс актісіне Жақтар қол қояды және бекітеді. Төлеуге нақты орындалған жұмыс ауқымы жатқызылады.

4. 4. Жақтардың жауапкершілігі

4. Жақтардың жауапкершілігі

4.1

4.1. Жақтар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шарттың міндеттерінің орындалуы үшін жауапты.

4.2

4.2. Міндеттемелерді орындамағаны үшін немесе тиісті денгейде орындамағаны үшін Орындаушы орындалмаған не тиісті денгейде орындалмаған міндеттеме сомасының 2% мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл тиісті бюджетке енгізіледі.

5. 5. Даулардың қаралу тәртібі

5. Даулардың қаралу тәртібі

5.1

5.1. Осы шартты орындау барысында туындаған даулар мен келіспеушіліктер екі жақтың келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі.

5.2

5.2. Егер даулар келіссөз арқылы шешілмеген болса, заңда қарастырылған тәртіпте шешіледі.

6. 6. Шарттың қолдану мерзімі

6. Шарттың қолдану мерзімі

6.1

6.1. Осы шарт қазыналық органдарда тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және жақтарға міндетті болып табылады.

6.2

6.2. Шарттың күші __________________ 200__ ж. дейін сақталады.

6.3

6.3. Осы шарт екі дана әзірленген және олардың әрқайсысы бірдей заң күшіне ие.

7. 7. Ерекше жағдайлар

7. Ерекше жағдайлар

7.1

7.1. Осы шарт, оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, жақтардың уәкілденген өкілдері қол қойған кезде ғана күшіне енеді.

7.2

7.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау орны ҚР АК 281 бабының талаптарына сәйкес анықталады: Орындаушы үшін оның орналасқан жері, Тапсырушы үшін осы шартты орындауда жеке идентификацияланған кодына ақша аудару арқылы Орындаушының орналасқан жері.

7.3

7.3. Орындалу нәтижелерін Жақтар ай сайын орындаған жұмыс актісінің негізінде қабылдайды.

7.4

7.4. Міндеттемелерді бөліп орындауға болмайтындығына қатысты мәселелер, міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі және талаптардың бір қалыпты орындалу таланттары қолданылып жүрген азаматтық заңдарға сәйкес реттеледі.

8. 8. Жақтардың заңды мекен-жайлары

8. Жақтардың заңды мекен-жайлары
Тапсырушы: Орындаушы:
__________________________ __________________________
(толық атауы) (толық атауы)
__________________________ __________________________
(мекен жайы) (мекен жайы)
Е/Ш ______________________ Е/Ш_______________________
СТН ______________________ СТН _______________________
МФО _____________________ МФО ______________________
__________________________ __________________________
(мекеме бастығының аты-жөні) (мекеме бастығының аты-жөні)