Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан

Бұйрық · № 18 · қабылданған 09.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26753/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 18 ·09.02.2006
19.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил общего водопользования в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18
Қабылданған күні
09.02.2006
Көрсетілген редакция
19.10.2009 AI26753_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004117_
ЭКБ идентификаторы
26753
Редакция идентификаторы
AI26753_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:56

0 Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 37 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Ә.Кеншiмовке жүктелсiн.

3 3. Осы бұйрық, бұның бiрінші рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбектiк он күннiң iшiнде күшіне енеді.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
7 ақпан 2006 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы
7 ақпан 2006 жыл
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Көлік бақылау
комитетінің төрағасы
6 ақпан 2006 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы
комитетінің төрағасы
3 ақпан 2006 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Орман
және аңшылық шаруашылығы
Комитетінің төрағасы
3 ақпан 2006 жыл

0 Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары жөніндегі
комитетінің төрағасының
2006 жылғы 9 ақпандағы
N 18 бұйрығымен Бекітілген
Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1 тармағының 5) тармақшасы негізінде әзірленді.

2 2. Жалпы су пайдалануға жататын су объектілері:

техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде;
күшті су тасқыны қаупін туғызатын су объектілерінен басқа, жалпы демалу, туризм және спорттық нысандарды қайта қалпына келтіру мақсаттарында;
кеме қатынасы, оның ішінде кіші судаларда жүзу;
малды суару үшін.

3 3. Жалпы су пайдалану, жалпы су пайдаланудың объектілерінде, сонымен қатар, жалпы су пайдаланудың объектілеріне жатпайтын су объектілерінде жүргізілуі мүмкін және рұқсаттың болуын талап етпейді.

4

4. Осы типтік ережелер, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдармен, аумақтық ерекшеліктерді ескере отыра, су объектілері үшін Жалпы су пайдалану ережелерін (әрі қарай - Ережелер), бекітудің тәртібін реттейді және барлық заңды және жеке тұлғалармен, олардың меншік және азаматтық нысандарына қарамастан орындалуы міндетті.

5

5. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ветеринария саласында қызметті іске асырушы және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту саласында жергілікті атқарушы органдар облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) атқарушы органдардың келісімімен шомылуға, ауыз-су және тұрмыстық қажеттіктерге су алу үшін, малды суаруға тыйым салынған орындарды белгілейді, сонымен қатар, сәйкесті, жергілікті өзін-өзі басқару органының аумағында орналасқан су объектілерінен жалпы су пайдаланудың өзге де шарттарын анықтайды.

6 6. Кіші судалар мен басқа да жүзу құралдары тыйым салынған орындарды жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлікті бақылау комитетінің келісімімен анықтайды.

7 7. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету су объектілері иегерлерінің жауапкершілігі мен міндеттері, суды пайдаланушылар және ұйымдар (меншіктің түріне қарамастан) Қазақстан Республикасындағы тиісті заңдармен анықталады.

2 2. Ерекше жағдайлардағы жалпы су пайдалану

8 8. Жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су объектілерінде, жалпы су пайдалану облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдармен бекітілген талаптар есепке алынады.

9 9. Жалпы су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін жеке немесе бірлесіп су пайдалануды жүргізетін су пайдаланушы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілетті органдарына мәлімдеме тапсырады, онда оларды қабылдаудың қажеттігі негізделеді.

10 10. Жалпы су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату жөніндегі шығындар, осы су объектілері оларға жеке немесе бірлесіп су пайдалануға берілген су пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі.

11 11. Бекітілмеген су объектілерінде Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттарды орнату жергілікті атқарушы органдармен қамтамасыз етіледі.

12

12. Су объектілерін жалпы су пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және су объектілерін ластану мен қоқымданудан қорғайтын құрылғылар болса ғана рұқсат етіледі. Басқа жағдайларда жергілікті атқарушы органдар суару алаңшаларын жайластыру жөніндегі шараларды жүргізеді.

13

13. Суда жүзетін жабайы құстар мен жүні бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекен-жайы болып табылатын су объектілерінде, жалпы су пайдалану, суды кешенді пайдаланудың талаптарын ескере отырып, аң және балық шаруашылығы ұйымдары мен кәсіпорындары келісім берген жағдайда мүмкін болады.

14 14. Су кодексінің 105-бабына сәйкес, кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үсті су объектілері, жалпы пайдаланудағы су жолы болып табылады, егер оларды пайдалануға толығымен немесе жекелеген шектеулер қойылмаған жағдайларда.

15 15. Жүзудің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ескекті және желкенді кемелердің қозғалыстарын шектеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.

16 16. Қауіпсіз жүзуді сақтау мақсатында судалар қозғалысын шектеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен реттеледі.

17

17. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін, тұрғылықты халықтың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарында жекелеген су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға шектеулер, тоқтата тұрулар немесе тыйым салулар енгізілуі мүмкін.

Қолданыстағы