Об утверждении инструкции об организации и финансировании социальных рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқауды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы негізіңде, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы қоса беріліп отырған нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 58 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3335, «За изобилие» аудандық газетінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 7) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Бекеновке жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқау
Әкімдіктің
2006 жылғы 30 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсыныс беретін жұмыс берушілермен (меншік нысанына қарамастан) есеп айырысу жүйесі мен негізгі шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - жұмыска орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң шығару актілері тарайды.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы) әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналасу мен бағыт беруде жәрдемдесуді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына қабылдау жолымен жергілікті бюджет қаражаттарынан еңбекті төлеуге ішінара өтелетін өз қаражаттар есебінен еңбекті төлеумен жұмыс берушілермен аныкталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөніндегі кызметтерді көрсетуге жұмыс берушілермен шарттар жасасады.
Тармақ 7
7. Халыктың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру ушін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсыныс беретін жұмыс берушілердің жазбаша арыздары негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсыныс беретін жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі Комиссиясы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттардың тиімді пайдалану мақсатында іріктейді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздері, еңбекті төлеу мөлшері мен шарттары, жұмыстардың түрлері, көлемдері, жақтардың міндеттерін қамтитын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарттарға мамандықтарға сәйкес және Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының бағыты бойынша санында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Нысаналы топтарға кіретін табысы аз жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға басым құқығына ие болады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасы мен санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушілердің шығыстары ең төменгі жалақының 50 пайыз мөлшерінде алты айға дейінгі мерзімде жергілікті бюджеттің каражаттар есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілердің бюджетке әлеуметтік салықтарды төлеуге арналған шығыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.
Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге арналған шығыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заннамасымен белгіленген мөлшерде аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.
Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға тиісті жұмысақыларын және басқа да ақшалай төлемдерді банктің дебиттік төлем карточкаларының есепшоттарына немесе талап ету бойынша салымдар бойынша дербес есепшоттарына аудару мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйакыларды төлеуге арналған шығыстары шартпен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі.