Об Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занының 18-1 - бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арқалық қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 26 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері туралы», мемлекеттік тіркеу - нөмірі 2114, «Торғай» газетінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі 16 (295) нөмірінде жарияланған;
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 3 мамырдағы № 212 «Арқалық қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 45 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-3, «Арқалық хабары» газетінің 2005 жылғы 17 маусымдағы 24 (46) нөмірінде жарияланған.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасаоы А.Ж. Шамшинге жүктелсін.
Басқа 6. Әлеуметтік жумыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық
Қостанай облысы Арқалык қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жумыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) - халықтың мақсатты топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын (меншік түріне қарамастан) ұйымдармен негізгі шарттардың және есеп айырысудың жүйесін реттейді.
Тарау 7. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын төмендегі негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған кызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті өкілетті органмен келісім - шарт бойынша беретін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындыктар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары;
Тармақша 3
3) «жастар практикасы» - бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімідері бар, курстық даярлықтың бітірушілерін практикалық тәжірибе, білім, іскерлік пен машықтануларын қалыптастыру мақсатында және мамандықтары бойынша жұмыс стаждары жоқ жастарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қаамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң актілері таратылады.
Тармақ 3
3. «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топқа жататын жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын, жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарына жергілікті бюджет есебінен ішінара өтемақы төлеу арқылы еңбекақы төлеудің өзіндік қаржысы есебінен ұсынады немесе кұрады.
Тармақ 5
5. «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдауға жұмыс берушілермен келісім - шарт жасасады.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында іріктеу комиссиясы жазбаша келісім негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушілерді іріктейді.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру әлеуметтік жұмыс орындарының саны мен келісімдегі мамандықтарға байланысты екі жақтын міндеттері айтылып, жұмыс түрлері мен көлемдері, еңбекке ақы төлеудің мөлшері мен шарттары, мерзімі мен қаржыландыру көздері көрсетіліп әАрқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жолдамасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылган жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 20. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға жеке еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстын түрі мен санына байланысты ай сайын еңбекақы төлейді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайызы көлемінде («жастар практикасына» орналастырылғандарға ең төменгі жалақы көлемінде) алты ай мерзімге дейін өтеледі. Мұның сыртында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жеке шоттарына еңбекақы есептеу бойынша әлеуметтік салықты, әлеуметтік шегерімдерді және банк қызметін аудару жөніндегі жұмыс берушінің шығындары өтеледі. Бюджет қаражаты аударма арқылы жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленген еңбекақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысы нақты жұмыс көлемін орындағаны үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге кеткен шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 26. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығының орындалуына бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.