О передаче некоторых организаций, находящихся в ведении Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан в коммунальную собственность города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О передаче некоторых организаций, находящихся в ведении Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан в коммунальную собственность города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы кейбiр ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 14.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI26772_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000158_
- ЭКБ идентификаторы
- 26772
- Редакция идентификаторы
- AI26772_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:47
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы кейбiр ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы
"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Алматы қаласы әкiмiнiң "Мемлекеттiк қуыршақ театры", "Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы", "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтiң мемлекеттiк әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын, "Жамбыл атындағы Мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы", "С. Бегалин атындағы Мемлекеттiк республикалық балалар кiтапханасы" мемлекеттiк мекемелерiн мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.