О противопаводковых мероприятих Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы
Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағының жазық жерлер бөлігінде қар қорының үлесі Аягөз ауданында 200 %, Жарма ауданының Шалабай ауылында 36 %, Зайсан ауданында 41 %, Катон-Қарағай ауданында 28 %, Көкпекті ауданында 107 %, Күршім ауданында 112 %, Үржар ауданында 131 %, Шемонаиха ауданында нормадан 16 % артық. Бесқарағай ауданында 17 %, Тарбағатай ауданында 42 % орташа нормадан кем. Облыстың басқа аудандарында қардағы су қоры нормаға жуық.
Алакөл көлі су ағынын қалыптастыратын аймағының таулы бөлігінде қардағы су қоры нормадан 25 % артық. Басқа өзен алаптарында қардағы су қоры нормадан кем. Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім өзен-көлдерінің су ағынын қалыптастыратын аймағында қардағы су қоры нормадан 7 % кем, Бұқтырма, Тұрғысын өзендерінде және олардың салаларында - солтүстік беткейде 7 %, оңтүстік беткейде 21 % кем, Үлбі, Уба өзендерінде және олардың салаларында қардағы су қоры оңтүстік беткейде 15 %, солтүстік беткейде 34 % кем.
Қар қоры мөлшерінің көптігіне байланысты, оның қарқынды еруі өзендерде су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы мүмкін. Тиісті шаралар қолданбаса елді мекендер, кәсіпорындар, әлеуметтік маңыздағы объектілер, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдықсақтауыштары, жасанды бөгендер және шағын су қоймалары қауіпті жағдайларда қалуы мүмкін.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 Заңының 5 және 13-баптарына сәйкес және көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың қоса беріліп отырған жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 15 наурызға дейін су тасқыны туралы ақпарат алудың айқын сызбасын белгілесін және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне берсін;
Тармақша 2
2) су тасқыны кезеңінде әкімнің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі дағдарыс жағдайларына жедел басшылық жасау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия төрағасының басшылығымен жұмыс топтарын құрсын, олардың дербес құрамдарын, тұрақты бару орындарын анықтасын, кезекші көлік бекітсін;
2006 жылғы 25 наурызға дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын дайындасын;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен әрбір ауданда жанар - жағармай материалдарының қорларын құрсын;
Тармақша 4
4) қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен әкімдердің аппараттарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын, күн сайын Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат берсін;
Тармақша 5
5) жағалауларды бекіту және бөгеттерді үю жұмыстарын орындау, олар қажет болатын жерлерге балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон құралмаларын және басқа материалдарды дер кезінде жеткізу жөніндегі шаралар қабылдасын, карьерлер, көлік және тиеу техникасын дайындасын;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатациялық басқармасы филиалына (М.А.Момбаев келісім бойынша), Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығына (В.П.Кондратьев келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментіне (О.А.Поворотов), "Шығыс су шаруашылығы" Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (К.Д.Дауренбеков келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментіне (М.А.Акрамов), Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасына (М.Т.Мынбаев келісім бойынша) автомобиль жолдары, объектілер және елді мекендер үшін қауіпті аймақтарда су тасқыны, сел және көшкін пайда болатын жерлерде тұрақты бақылауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Зырян, Бородулиха, Катон-Қарағай және Шемонаиха аудандарының әкімдері мұзбөгеттер пайда болады деп күтілетін орындарға және Уба, Бұқтырма өзендерінің көпірлері маңына тұрақты бақылау қойсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне (К.К.Исабаев келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің ШҚФ (М.Ж.Касенов келісім бойынша) міндеттерді орындау үшін апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының дайындығын қамтамасыз етсін және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізу жолдарын қарастырсын.
Тармақ 6
6. "Шығыс су шаруашылығы" Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (К.Д.Дауренбеков келісім бойынша), Ертіс алабы су шаруашылығы басқармасы (Т.Ж.Кобегенов келісім бойынша), "КЕGOC" АҚ Шығыс ЖЭЖ филиалының (К.М.Уражанов келісім бойынша), "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ (Е.Н.Каплуновская келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатациялық басқармасы филиалының (М.А.Момбаев келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының (Э.Д.Еспенбетов келісім бойынша) басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 10 наурызға дейін су қоймалары мен бөгендерін, оның ішінде иесіз қалдықсақтауыштарды зерттеу;
Тармақша 2
2) 2006 жылғы 15 наурызға дейін су өткізетін, су төгетін қорғаныс және басқа да құрылғылардың, байланыс, электр желілерінің тіректері мен трансформаторлық қосалқы станциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне тапсыру;
Тармақша 3
3) 2006 жылғы 20 наурызға дейін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне 2001 жылы өткізілген түгендеу мен паспорттау нәтижелерін ескере отырып, бөгендерді, қалдықсақтауыштарды, су қоймаларын, тасқын суды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен дайындау бойынша өткізілген іс-шаралар туралы хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасына (М.Т.Мынбаев келісім бойынша), "Қазақстан Темір - жолы" "Ұлттық компаниясы" АҚ Семей бөлімшесі тасымалдау филиалына (Т.Т.Бадамбаев келісім бойынша), "Қазақстан Темір - жолы" "Ұлттық компаниясы" АҚ тасымалдау филиалының Семей бөлімшесінің Защита кіші бөлімшесіне (А.В.Степура келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментіне (О.А.Поворотов) қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2006 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде су тасқыны және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль және темір жолдардағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау, облыстың жолдарында үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті (К.Б.Андагулов) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудандар орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасасын.
Тармақ 9
9. "Қазақтелеком" АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорына (Э.Д.Еспенбетов келісім бойынша) тасқын су басуы мүмкін аймақтарда телефондандырылған елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру ұсынылсын. Су тасқынының басталу кезеңінде "кезекшілік қабылдау" режимінде аудан орталықтарымен тәулік бойы тұрақты байланыс қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (В.П.Коншу) ТС - 1 маркалы авиациялық отынның қажетті қорын жасап, оны уақытында толықтырып отыруды қамтамасыз ету тапсырылсын. Тасқын су кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтар жоғары дайындықта ұсталынсын.
Тармақ 11
11. "Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің орталығы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Ш.Бадылбаев) 2006 жылғы 25 наурызға дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын дайындасын.
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті (М.А.Акрамов) мал қорымдарына зерттеу жүргізсін және жұқпалы аурулардың пайда болуын болдырмау мақсатында қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 13
13. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасарына (Н.Т.Уранхаев) және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне (А.К.Кажибаев) жүктелсін.
Тармақ 14
14. "Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 117, "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Јділет департаменті" ММ 2005 жылғы 19 наурызда тіркелген N 2236 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 15
15. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 24. 2006 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 27 ақпандағы
N 539 қаулысымен бекітілді
2006 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
N р/с
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
2
3
4
1.
Қалалар мен аудандарда қардың еруіне және өзендердің мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттері мен су басуға ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалауды ұйымдастыру.
Су тасқыны кезеңінде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы ШҚГМО (келісім бойынша), ШҚО көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша)
2.
Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малды, материалдық құндылықтарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жан-жақты жоспарлар жасау.
10.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті
3.
ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларға қар қорының және қардың еру жағдайы туралы жүйелі хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуді қамтамасыз ету.
Күн сайын
ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ (келісім бойынша)
4.
Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды құлақтандырудың сызбасын іс жүзінде пысықтау. Осы жұмысқа жауапты адамдарды тағайындау және көмек көрсету, ТЖ жою үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру.
10.03.2006
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), ШҚО көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша)
5.
Автожолдардың, тұрғын үйлердің және құрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль және темір жолдардағы су өткізетін инженерлік құрылғыларды тазартуды жүргізу.
20.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), Защита және Семей тасымалдау бөлімшелері (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша), ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті (келісім бойынша)
6.
Облыс өзендерінде мұз бөгеттері және тасқын су өтетін жерлерді анықтау жөніндегі аэровизуальды зерттеулер жүргізу.
Өзендерде мұз құрсауы ашылған кезде
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), "ШҚО Авиациялық бөлімшесі" КМҚК (келісім бойынша)
7.
Шұғыл әрекет ету отрядтары, авариялық-құтқару қызметтері, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшін судан құтқару қызметінің маневрлік тобын дайындыққа келтіру.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
Қалалардың, аудандардың әкімдері, Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, Қазақстан Республикасы ТЖМ төтенше жағдайлар саласындағы МБҚК "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметі" ММ ШҚ филиалы (келісім бойынша), ШҚО суда құтқару қызметі
8.
Төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы ҚМ "27943 әскери бөлімін" тартумен бірлескен іс-әрекет жоспарын пысықтау.
20.03.2006
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ҚМ "27943 әскери бөлім" (келісім бойынша)
9.
Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау.
15.03.2006
"KEGOC" АҚ ЖЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша), ШҚ ӨЭК АҚ (келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
10.
Су тасқыны және жол бұзылымдары болуы ықтимал аймақтарда орналасқан елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын дайындау.
20.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау департаменті
11.
Елді мекендердің жабық су тартқыларына өнеркәсіптік қалдық сулардың құйылуын болдырмау шараларын қабылдау.
10.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, шаруашылық жүргізуші объектілер (келісім бойынша)
12.
Қалалар мен аудандарда 20 т. дизель отыны, 10 т. бензин, 1 т. мотор майы есебінен жанар-жағар майдың қажетті резервін жасау және бұл қорларды табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөніндегі комиссияның өкімі бойынша пайдалану. Облыстық резервте 40 тонна дизель отыны, 20 тонна бензин, 1 тонна мотор майы болсын.
20.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті
13.
Су тасқыны кезінде жарғыштар бригадаларын дайындау, оларды ТЖ жөніндегі комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы және қар көшкінін түсіру орындарында жұмыс жүргізу үшін жарғыш материалдармен қамтамасыз ету. Үлбі, Уба, Бұқтырма өзендерінің автомобиль және темір жол көпірлеріндегі, Красный Яр ауылындағы Уба өзенінің құйылысындағы мұзды босату, қар көшкіндерін түсіру жұмыстарын жүргізу.
15.03.2006
Қалалар мен аудандардың әкімдері, "Востоквзрывпром" ЖШС (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ эксплуатациялық басқармасы ШҚО филиалы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті
14.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде, сондай-ақ жекелеген қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, төтенше жағдай туындаған кезде бірден ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне мына телефондар бойынша 26-88-27, 28-03-35 күн сайын (8.30 да және 17.00) ақпарат беру.
Су тасқыны кезеңінде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), ШҚ гидрометеорология орталығы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша), ШҚО көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "KEGOC" АҚ ЖЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша), ШҚ ӨЭК АҚ (келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
Облыстың жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс және авариялар
мен табиғи апаттардың алдын алу
және жоюды ұйымдастыру жөніндегі
департаменті директорының орынбасары