Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39-III Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы және 29-бабы 6-тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы от 14.02.2006 г. № 29 (Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы)
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек берудің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
2. Бағдарламаның әкімшісі болып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі анықталсын.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды камтамасыз етсін.
4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р.Жүсіпбековке жүктелсін.
Аудан әкімінің құқықтық сұрақтары
бойынша кеңесшісі
Л.Әутәліпова
«Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларға әлеуметтік көмек
көрсету Ережесін бекіту туралы»
аудан әкімдігінің
2006 жылғы 14 ақпандағы № 29
қаулысымен бекітілді
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің осы Ережесі (одан кейін - Ереже) үйлерінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек (одан кейін -әлеуметтік көмек) тағайындау және төлеу тәртібінің шарттарын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланады:
әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган - аудандык, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
сырқаттан, жарақат алуынан ағзаларының тұрақты бұзылуынан, осының салдарынан өмір сүрушілік жағдайлары шектелген он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала әлеуметтік қорғауды қажет етеді.
3. Егер мүгедек балаларды жалпы арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде және басқа оқу орындарында тәрбиелену мен оқытуды жүзеге асыру мүмкімдік жоқ болса ата-аналарының немесе заңды өкілдердің тілектерін ескеріп, тәрбиелеу мен оқытуды үйде жүргізеді.
4. Әлеуметтік көмекті алуға мүгедек баланы үйінде тәрбиелеп оқытып жатқан ата - аналарының бірі немесе оның орнын ауыстырған адам құқылы болады.
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаржысынан ақшалай түрде төленеді.
6. Әлеуметтік көмек балалар туылған, асырап алған және қамқорлыққа алған жағдайда тағайындалып, төленеді.
7. Әлеуметтік көмек мүгедек балалардың әлеуметтік көмектің алимент сияқты және басқа да түрлерін алуына немесе отбасы кірісіне байланысты емес кірістерге қарамастан тағайындалады.
2. Әлеуметтік көмек алу тәртібі
8. Ереженің 4 тармағында көрсетілген адамдар тұрғылықты жері бойынша өкілетті органға мындай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (№1 қосымшаға сәйкес),
2) тұлғаны куәландіретін құжаттың көшірмесі (түпнұсқа және көшірмесі),
3) тұрақты орнын куәлендіретін азаматтарды тіркеу кітабі (түпнұсқа және көшірмесі),
4) тұрғылықты жерінен анықтама (тоқсан сайын),
5) мүгедектікті бекіткені туралы медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (түпнұсқа және көшірмесі),
6) мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиету) қажеттігі туралы аудандық білім бөлімінің қасындағы ведомствоаралық психологиялық - медико -педагогикалық консультативтік комиссиясының берген қорытындысы (түпнұсқа)
7) баланың тууы туралы куәлік (түпнұсқа және көшірмесі),
8) мектептен анықтама (тоқсан сайын)
Әлеуметтік көмек тағайындау туралы қамқоршының (тәрбиеші) өтінішіне қамқоршылықты бекіту туралы қамқоршы органның шешімінің көшірмесі қоса тапсырылады
9. Әлеуметтік көмекті алуға қажетті құжаттар түп нұсқасы көшірмесімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.
10. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті органдардың қзыметкерлері құжаттар көшірмесін бекітеді, тіркеу журналына қосымша құжаттар қоса тапсырылған өтінішті тіркейді және өтініштің қабылданғаны туралы берушіге жыртпалы талон береді.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.
11. Көмек құқы берілгеннен кейін әлеуметтік көмек сол айдан бастап тағайындалады. Қажетті құжаттармен өтініш берген күні құжаттардың түскен күнінен есептеледі.
12. Әлеуметтік көмекті тағайындауды мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-анасының бірінің немесе оны ауыстыратын адамның өтінімен әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган жүргізеді.
13. Әлеуметтік көмек аудандық білім бөлімінің қасындағы ведомствоаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттігі туралы берген қорытындысында көрсетілген кезекке тағайындалады.
14. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган құжаттардың түскен күнінен бастап он күндік мерзімде жергілікті бюджет қаржысынан әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. (№2 қосымшаға сәйкес).
15. Әлеуметтік көмектің тағайындалмауы туралы шешімді сот арқылы шағымдауға болады.
16. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу мәжбүрлік жағдайға байланысты (асырап алу, баланың өлімі ж.б.) болғанда әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуі тоқтатылады немесе тиісті жағдай туғанда осы айдан кейінгі келесі айдан бастап жаңартылады, басталады.
17. Әлеуметтік көмек сәйкес жылға тоқсан сайын бір рет республикалық бюджет туралы заңда белгіленгендей 6,5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
18. Егер тоқсан ішінде өзгеріс болған жағдайда әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қайта қаралады.
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
19. Әлеуметтік көмекті төлеу құқығын беретін алушының беттік есеп шотына ақша аудару жолымен Ұлттық банкте лицензиясы бар екінші дәрежелі банк филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
20. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган айлық құрамалық тізімдемесін жасайды және банк филиалына жібереді.
21. Әлеуметтік көмек өткен ай есебімен жүргізіледі.
22. Әлеуметтік көмекті тағайындаған немесе төлейтін сома мөлшері өкілетті орган өткен уақытқа аудармаса кейін қандай мерзімде болмаса шектеусіз аударады.
23. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі есеп жүргізу тәртібі мен есеп беру қазіргі заңдылықтарға сәйкес асырылады.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек көрсету
Ережесіне №1 қосымшасы
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы ______________
ханымға
Ө т і н і ш
Маған мүгедек балама әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді
өтінемін __________________________________________
(тегі, аты - жөні)
Тегі ____________________________
Аты ____________________________
Жөні ____________________________
СИК ____________________________
РНН ____________________________
Мекен жайы ____________________________
__________________________________________
Үйдегі тел. ______________ жұмыс тел. ______________
Жекебасын куәлендіретін құжат тусі ______________
(құжат түсін)
Серия _______ нөмірі __________ кім берді ___________
Қашан берілді ____________________________
Беттің есеп № __________ банк ______________ филиалы
Егер өзгеріс туындай қалса 10 күн ішінде хабарлауға міндеттеймін.
Жалған ақпарат және күмәнді (қолдан жасалған) құжаттар бергенім үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім.
«___»______________200__жыл ______________
(өтініш иесінің қолы)
Өтініш қабылданды
«___»______________200__жыл __________________
(құжатты қабылдаған адамнын қолы, теп, аты - жөні)
-----------------------------------------------------------------------------
(жыртынды берілді)
Қосымша құжаттармен азаматтың өтініші______________неше
______________дана қабылданды «___»______________200__жыл
________________________________________________________
(құжатты кабылдаған адамнын колы, тегі, аты - жөні)
Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек көрсету
Ережесіне №2 қосымшасы
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындауды қабылдамау) туралы
Ш Е Ш I М
200__ ______________«___»
істің № ______
Үйде тәрбиеленіп және оқытатын азамат (ша)
____________________________ мүгедек баласы
______________ ______________ әлеуметтік көмек
тағайындау үшін берген құжаттарын қарап,
Тегі ____________________________
Аты ____________________________
Жөні ____________________________
Комиссия мынадай шешім шығарды:
1. Мына кезеңнен бастап ________________________
дейін әлеуметтік көмек тағайындалсын.
2. __________________________________________
____________________________
себебімен әлеуметтік көмек төлеу қабылданбасын
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы: ________________ Т.А.Ж.
Комиссия мүшелері
________________ Т.А.Ж.
________________ Т.А.Ж.
________________ Т.А.Ж.