Қолданыстағы ред. 10.03.2006 (Редакция 26859_265504.kaz)

Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы от 10.03.2006 г. № 24/236 (Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы)

0

Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына және қалалық Мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы ХХІІ сессиясының №22/195 «2006 жылы қала бюджеті туралы» шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Коммуналдық қызметке бір адам басына тұтыну нормасы бойынша есептелген төлемнің мөлшерін Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысқандарға– 100 %, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі және үлгілі әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 50 % мөлшерінде 2006 жылы материалдық көмек көрсетуге келісілсін.

2

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) «Жергілікті өкілетті органдарының шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болуымен келісілсін.

3

3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.):

1

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, Ұлы Отан соғысы жылдары талдағы қажырлы еңбегі және үлгілі әскери қызметті үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталған тұлғаларға материалдық көмекті тағайындау және төлеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі немесе ұйымдағы жеке есеп шотына аудару жұмыстарын қамтамасыз етеді.

2

2) Бір айлық төлемақы мөлшерін бір адам басына тұтыну нормасы бойынша анықтайды, оның ішінде:
электр қуаты үшін нақты есеп бойынша, 150 киловатт сағаттан артық емес;
суық су мен канализация үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
қоқыс шығару үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
жылу беру үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтен бойынша, 18 шаршы метрден артық емес;
көмір үшін 1 шаршы метрге 346 кг., 18 шаршы метрден артық емес, жалғысыз басты тұратындарға тоннасын орта статистикалық қалыптасқан бағымен 30 шаршы метрге;
газ үшін – орта статистикалық қалыптасқан бағамен, 1 айға 1 баллон.

4

4. Қаржы бөлімі (Әбдірахманова Н.Ж.) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы мүгедектеріне және қатысқандарға, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі және үлгілі әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен және медальдармен мараппаталған тұлғаларға, коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсетуді қала бюджетінде қарастырылған жоспарға сәйкес қаржыландырады.

5

5. Қалалық Мәслихаттың №19/172 2005 жылғы 27 қыркүйектегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке төлеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің, 2005 жылғы 26 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-5-10, күші жойылды деп салынсын.
Келісілді:
Қаржы бөлімінің бастығы
_____________Н.Әбдірахманова
2006 жыл 10.03
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
_____________А.Ережепова
2006 жыл 10.03
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
_____________Н.Гармашова
2006 жыл 10.03