Қарағанды қаласында азаматтардың
жекелеген топтарына қалалық қоғамдық
қөліктерде (таксиден басқа) жүруге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы қөлік туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына, «2006 жылға 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы от 14.03.2006 г. № 4 (Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы)
1. 2006 жылдың I каңтарынан бастап азаматтардың төмендегі топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін:
1) зейнетақысы мен әлеуметтіқ жәрдемақысы 10236 теңгеден аспайтын зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
2) зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтіқ жәрдемақы алмайтын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға.
2. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап бала кезінен, жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан бірінші топтағы мүгедектігі бойнша мемлекеттіқ жәрдемақы алушыларға қалалық қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.
3. Әлеуметтік көмек қөрсету мөлшері айына 650 теңге мөлшерімен анықталсын.
4. III шакырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қогамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы» №23 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі -1713, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 30 наурызындағы №12 (077) жарияланған ), III шақыралған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қыркүйектегі XXII сессиясының «III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек қөрсету туралы» №23 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №16 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі – 8-2-7, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 26 қазанындағы №42 (107) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұракты комиссияға жүктелсін (Оспанова Майра Мәжікенқызы).