Қарағанды қаласында азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды қаласында азаматтардың
жекелеген топтарына қалалық қоғамдық
қөліктерде (таксиден басқа) жүруге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы қөлік туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 бабына, «2006 жылға 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың I каңтарынан бастап азаматтардың төмендегі топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) зейнетақысы мен әлеуметтіқ жәрдемақысы 10236 теңгеден аспайтын зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
Тармақша 2
2) зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтіқ жәрдемақы алмайтын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың 1 сәуірінен бастап бала кезінен, жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан бірінші топтағы мүгедектігі бойнша мемлекеттіқ жәрдемақы алушыларға қалалық қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек қөрсету мөлшері айына 650 теңге мөлшерімен анықталсын.
Тармақ 4
4. III шакырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қогамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы» №23 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі -1713, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 30 наурызындағы №12 (077) жарияланған ), III шақыралған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қыркүйектегі XXII сессиясының «III шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 7 қантардағы XV сессиясының «Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық қөліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек қөрсету туралы» №23 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №16 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі – 8-2-7, «Взгляд на события» газетінің 2005 жылдың 26 қазанындағы №42 (107) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұракты комиссияға жүктелсін (Оспанова Майра Мәжікенқызы).