Құжат мәтініне өту

О мерах по улучшению первичной медико-санитарной помощи сельскому населению

Қаулы · № 472 · қабылданған 25.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2689/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О мерах по улучшению первичной медико-санитарной помощи сельскому населению Күшін жойған Қаулы ·№ 472 ·25.04.1999
09.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по улучшению первичной медико-санитарной помощи сельскому населению

Күшін жойған Қаулы ·№ 472 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по улучшению первичной медико-санитарной помощи сельскому населению
Атауы (қаз.)
Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
472
Қабылданған күні
25.04.1999
Көрсетілген редакция
09.04.2009 AI2689_4.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000472_
ЭКБ идентификаторы
2689
Редакция идентификаторы
AI2689_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:12

0 Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 494 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4253 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарты бекітілсін.

2 2. Облыстардың әкімдері белгіленген тәртіппен:

ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартын іске асыруды қамтамасыз етсін;
1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде жұмыс істеп тұрған фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартымен белгіленген нормативке жеткізу арқылы төлқұжаттандыруды жүргізсін.

3 3. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстардың әкімдеріне аудан әкімдері аппараттарының құрылымында денсаулық сақтау бөлімдерін көздеу ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

5 Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарттар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
26 сәуірдегі
N 472 қаулысымен
бекітілген
Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарттар
📌 Ескерту. Стандарттарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.28. N 1304 қаулысымен.
Тұрғын халықтың саны 5000 адамнан асатын, жақын аудандық (аудандық орталық) ауруханадан 50 километрден асатын қашықтықта орналасқан елді мекендерде және ауылдық округтерде ауылдық аурухана ашуға жол беріледі.
Әрбір аудан орталығында:
перзентхана бөлімшесі және жедел медициналық көмек станциясы (бөлімшесі) бар орталық аудандық аурухана;
барлық құрылымдық бөлімшелерімен санитарлық-эпидемиологиялық станция;
әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емделуге арналған мекеме (бөлімше, кабинет) болуы тиіс.
Әрбір облыс орталығында:
ересектер және балалар немесе біріктірілген облыстық ауруханасы;
қан орталығы;
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция;
әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емдеуге арналған мекеме (аурухана, диспансер) болуы тиіс.

Қолданыстағы