Құжат мәтініне өту

О введении ограничений на ввоз в Республику Казахстан цемента

Қаулы · № 484 · қабылданған 26.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2692/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении ограничений на ввоз в Республику Казахстан цемента Күшін жойған Қаулы ·№ 484 ·26.04.1999
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении ограничений на ввоз в Республику Казахстан цемента

Күшін жойған Қаулы ·№ 484 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении ограничений на ввоз в Республику Казахстан цемента
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
484
Қабылданған күні
26.04.1999
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI2692_3.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000484_
ЭКБ идентификаторы
2692
Редакция идентификаторы
AI2692_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:12

0 Қазақстан Республикасына цемент әкелуге шектеулер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
Отандық цемент өндірушілерді қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағына цемент әкелуді шектейтін шараларды қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына, арнайы маркалы цементтi қоспағанда 1999 жылдың екінші және үшінші тоқсандарына 30 мың тонна мөлшерінде квота белгіленсін.

📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.

2

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштерінің негізінде цементтің импортына квота бөлуді және лицензия беруді жүзеге асырсын.

2-1

2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын, арнайы маркалы цемент ретiнде, Қырғыз Республикасынан портландцементтi, глиноземдi, шлакты, суперсульфатты және соған ұқсас гидравликалық боялған немесе боялмаған, даяр немесе клинкерлер нысанындағы цементті (ТМД СЭҚ ТН коды 2523) импорттау сандық шектеулерсiз 1999 жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

2-2

2-2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңдарда белгіленген тәртіппен 2-1-тармақта көрсетiлген цементтi импорттауға тиiстi лицензиялар берудi қамтамасыз етсiн және берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн он күн сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiне ұсынып отырсын.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111 қаулысымен.

3

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті жүктік кеден декларацияларының негізінде Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасына әкелінген цементтің мөлшері туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне ай сайын ақпарат ұсынатын болсын.

4 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша шектеулердің енгізілгені туралы белгіленген тәртіппен Қырғыз Республикасының Үкіметіне хабарласын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы