Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц, а также отзыва разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц

Қаулы · № 64 · қабылданған 25.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26938/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц, а также отзыва разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц Күшін жойған Қаулы ·№ 64 ·25.02.2006
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц, а также отзыва разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц

Күшін жойған Қаулы ·№ 64 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи накопительному пенсионному фонду разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц, а также отзыва разрешения на создание или приобретение дочерней организации, значительное участие в уставном капитале юридических лиц
Атауы (қаз.)
Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
25.02.2006
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI26938_10.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004145_
ЭКБ идентификаторы
26938
Редакция идентификаторы
AI26938_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:52

0

Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ережені бекіту туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже бекітілсін

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Зейнетақы қорлары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

8 Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 64 қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы ереже
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру , еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу тәртібін көздейді.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Қорлар Заңның 41-бабының 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда еншілес ұйым құруы, заңды тұлғалардың жарғы капиталына немесе акцияларына қатысу үлесін сатып алуы мүмкін.

2 2. Уәкілетті орган еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға берілген және кері қайтарып алынған рұқсаттардың тізілімін жүргізеді, сондай-ақ осы Ереженің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысандағы заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат береді.

3

3. Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты қатысу үлесі үшін рұқсат жекелей тіке немесе жанама иеленуді ниеттенген немесе бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, дауыс беретін акциялардың жиырма және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) тікелей және жанама иеленуді ниеттенген, не заңды тұлға акцияларының жиырма және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі болған Қорға беріледі.

4

4. Заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлесі) жанама иелену Қордың жарғы капиталындағы қатысу үлесін иелену арқылы заңды тұлғаның (қатысушының) акционері болып табылатын заңды тұлғаның жиырма және одан артық проценті мөлшеріндегі акцияларына немесе жарғы капиталына қатысу үлесі бар Қорды иелену арқылы анықталады.

2 2-тарау. Қордың еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру тәртібі туралы

5 5. Қор Заңның 41-1-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, еншілес ұйым құрады немесе сатып алады.

6 6. Қор еншілес ұйым құру немесе сатып алуға рұқсат алу үшін Заңның 41-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға ерікті нысанда өтініш береді.

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес беріледі.
Қор аудиторлық ұйымның есебін және аудиторлық ұйым қол қойған сатып алынып отырған ұйымның қаржылық есеп беруін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін береді.

6-1 6-1. Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымды, банкті - еншілес ұйымды иеленуге рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 1), 3), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға ұсынылмайды.

Жинақтаушы Қор Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, банктің еншілес ұйымын құруға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда, аффилиирленген тұлғалар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға ұсынылмайды.

6-2

6-2. Егер өтініш берушінің құратын не ие болатын еншілес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, өтініш беруші еншілес ұйымын иеленуге берген өтінішпен бір уақытта қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға қажетті құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін алуға өтінішін ұсынуы қажет.

7 7. Қор заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның 41-1-бабының 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, ерікті нысанда өтініш береді.

Қор қомақты түрде қатысып отырған заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес беріледі.

8 8. Уәкілетті орган Қорға рұқсат береді немесе еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ өтініш бергеннен кейін үш айдан кешіктірмей заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат береді.

9 9. Уәкілетті органның Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартуы Заңның 41-1-бабының 5-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жасалады.

10 10. Уәкілетті орган Қордың еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беруден, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіні бас тартудың негіздемелері туралы жазбаша хабардар етеді.

10-1 10-1. Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

10-2 10-2. Қор уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының 8-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

Қор өзіне қатысты емес себептер бойынша еншілес ұйымға бақылау құқығын иеленген жағдайда, Қор осы факті анықталған сәттен бастап бір ай мерзімінде еншілес ұйымды сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу үшін Заңның 41-1-бабының 4-тармағымен көзделген құжаттарды табыс етеді.

10-3 10-3. Қор заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда, Заңның 41-1-бабының 9-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.

2-1 2-1-тарау. Қордың еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі

10-4 10-4. Уәкілетті орган Заңның 41-1-бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.

10-5

10-5. Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, Қор Заңның 41-1-бабының 10-тармағымен көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және уәкілетті органға өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) иелігінен шығарған күннен бастап, үш күндік мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны табыс етеді .

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

11 11. Осы Ереженің талаптары бұзылған жағдайда уәкілетті орган Қорға Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.

12 12. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

1 Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға берілген және кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

Жинақтаушы зейнетақы қорына
еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға
берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге
1-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорына еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға берілген және кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі
N
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның ата­уы
Ен­ші­лес ұй­ым­ның ата­уы
Ен­ші­лес ұй­ым­ның заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өт­кен­ді­гі ту­ра­лы де­ректер
Қор­дың ен­ші­лес ұй­ым құ­руы­на неме­се са­тып алуы­на жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­на  бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­дың кү­ні және нө­мі­рі
Қор­дың ен­ші­лес ұй­ым­ды құ­ру­ға неме­се са­тып алу­ға бе­рі­л­ген рұқ­сат­ты ке­рі қай­та­рып алу кү­ні және нө­мі­рі
Ен­ші­лес ұй­ым қыз­ме­ті­нің тү­рі
1.

2 Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысу үлесіне жинақтаушы зейнетақы қорына берілген рұқсаттарды есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі

Жинақтаушы зейнетақы қорына
еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға
берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге
2-қосымша
Заңды тұлғалардың жарғы капиталына қомақты түрде қатысу үлесіне жинақтаушы зейнетақы қорына берілген рұқсаттарды есепке алу жөніндегі уәкілетті органның тізілімі
N
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның ата­уы
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қо­мақ­ты түр­де қа­ты­суы бар заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қо­мақ­ты түр­де қа­ты­суы бар заң­ды тұл­ға­ның заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өт­кен­ді­гі ту­ра­лы де­ректер
Заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы ка­пи­та­лы­на қо­мақ­ты түр­де қа­ты­су­ға рұқ­сат бе­ру кү­ні және нө­мі­рі
Заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на
қо­мақ­ты қа­ты­су­ға бе­рі­л­ген рұқ­сат­ты
қай­та­рып алу кү­ні
және нө­мі­рі
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­ның қо­мақ­ты түр­де қа­ты­суы бар заң­ды тұл­ға­ның қыз­мет тү­рі
1.

3 Еншілес ұйымдардың басшы қызметкерлері туралы ақпарат

Жинақтаушы зейнетақы қорына
еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға
берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге
3-қосымша
Еншілес ұйымдардың басшы қызметкерлері туралы ақпарат

1 1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

2 2. Азаматтығы _______________________________________________

3 3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

4 4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

5 5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),

байланыс телефоны __________________________________________

6 6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Ке­ліп түс­кен кү­ні - аяқ­тал­ған кү­ні
Оқу ор­ны­ның аты
Ма­манды­ғы

7 7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұ­мыс ке­зе­ңі
Жұ­мыс ор­ны
Қыз­ме­ті

8 8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған

сотталғандығы туралы мәліметтер:
Кү­ні
Сот ата­уы
Сот­тың тұ­ра­тын же­рі
Жа­за тү­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы
Сот­тың іс жүр­гі­зу ше­ші­мін қа­был­да­ған кү­ні

9 9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік

жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:
Кү­ні
Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган
Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган­ның тұ­ра­тын же­рі
Әкім­ші­лік тәр­тіп­тік жа­за­ның тү­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­ші­лік құқық бұ­зу ту­ра­лы Ко­дек­сі­нің ба­бы
Ше­шім қа­был­дау кү­ні
Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
(баспа әріптерімен)
Күні ___________________________
Қолы ___________________________

4 Жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты түрде қатысып отырған заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат

Жинақтаушы зейнетақы қорына
еншілес ұйым құруға немесе сатып
алуға, заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға рұқсат
ұйымды құруға немесе сатып алуға,
заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуға
берілген рұқсатты кері қайтарып
алу туралы ережеге
4-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты түрде қатысып отырған заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы ақпарат

1 1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

2 2. Азаматтығы _______________________________________________

3 3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

4 4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

5 5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),

байланыс телефоны _________________________________________________

6 6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Ке­ліп түс­кен кү­ні - аяқ­тал­ған кү­ні
Оқу ор­ны­ның аты
Ма­манды­ғы

7 7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұ­мыс ке­зе­ңі
Жұ­мыс ор­ны
Қыз­ме­ті

8 8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған

сотталғандығы туралы мәліметтер:
Кү­ні
Сот ата­уы
Сот­тың тұ­ра­тын же­рі
Жа­за тү­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы
Сот­тың іс жүр­гі­зу ше­ші­мін қа­был­да­ған кү­ні

9 9. Қаржы қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік

жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:
Кү­ні
Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган
Әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған ор­ган­ның тұ­ра­тын же­рі
Әкім­ші­лік тәр­тіп­тік жа­за­ның тү­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­ші­лік құқық бұ­зу ту­ра­лы Ко­дек­сі­нің ба­бы
Ше­шім қа­был­дау кү­ні
Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылады.
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
(баспа әріптермен)
Күні ___________________________
Қолы ___________________________

Қолданыстағы