Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации

Қаулы · № 52 · қабылданған 25.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26939/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған Қаулы ·№ 52 ·25.02.2006
28.11.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации

Күшін жойған Қаулы ·№ 52 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения принудительных мер к крупным участникам страховой (перестраховочной) организации
Атауы (қаз.)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбyрлеу шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
52
Қабылданған күні
25.02.2006
Көрсетілген редакция
28.11.2008 AI26939_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004146_
ЭКБ идентификаторы
26939
Редакция идентификаторы
AI26939_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:52

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбyрлеу шараларын қолдану ережесiн бекiту туралы

"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

3 3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

8 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 52 қаулысымен бекiтiлген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесi

1

1. Осы Ереже " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы ", " Сақтандыру қызметi туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушыларына қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын ұйымының iрi қатысушыларына қолдана алады.

3 3. Бiр мәжбүрлеу шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқасын қолдануды жоққа шығармайды және бұрын қабылдаған шаралардың қолданысын тоқтата тұрмайды және тоқтатпайды.

4

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы уәкiлеттi орган оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешiм шығарғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспар-кестесiн қосымшасымен қоса, қажет болған жағдайда, басқа құжаттарды уәкiлеттi органға бередi.

5 5. Уәкiлеттi орган жоспар-кестенi қарайды және он күнтiзбелiк күннiң iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына өз қорытындысын бередi.

Жоспар-кестемен келiспеген жағдайда, уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына белгiлi мерзiмде нақты iс-шараларды орындау туралы нұсқау бередi.

6 6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы шешiмде көрсетiлген мерзiмде уәкiлеттi органның талаптарын орындау жөнiндегi шешiмдердiң орындалғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.

Егер шешiмдi орындау мерзiмi бiр айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы оның кезеңдi түрде орындалуы туралы уәкiлеттi органға ай сайын хабарлайды.

7 7. Уәкiлеттi органның шешiмiнде көзделген талаптарды сақтандыру ұйымы iрi қатысушысының орындау мерзiмiнiң басталуы олардың осы шешiмдi алған күнi болып саналады.

8 8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртiппен шешiледi.

Қолданыстағы