Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления отчетности крупными участниками открытого накопительного пенсионного фонда

Қаулы · № 59 · қабылданған 25.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26942/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления отчетности крупными участниками открытого накопительного пенсионного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·25.02.2006
24.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления отчетности крупными участниками открытого накопительного пенсионного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления отчетности крупными участниками открытого накопительного пенсионного фонда
Атауы (қаз.)
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есебін беруді ұсыну жөніндегі Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
25.02.2006
Көрсетілген редакция
24.12.2007 AI26942_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004150_
ЭКБ идентификаторы
26942
Редакция идентификаторы
AI26942_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:52

0 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есебін беруді ұсыну жөніндегі Ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" , "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұсынылып отырған Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есебін беруді ұсыну жөніндегі Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

8 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беруді ұсыну жөніндегі Ережесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 59 қаулысымен бекітілген
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беруді ұсыну жөніндегі Ережесі

1 1. Осы Ереже қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) ірі қатысушыларының есепті беру нысандары мен тәртібін белгілейді.

2

2. Қазақстан Республикасының резиденттерін - екінші деңгейдегі банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қорды қоспағанда, Қордың ірі қатысушысы уәкілетті органға есеп беруді "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 49-2-бабында белгіленген мерзімде ұсынады.

2-1 2-1. Бір уақытта басқа Қордың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның, екінші деңгейдегі банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қордың ірі қатысушысының есептілігі ірі қатысушы уәкілетті органға талап етілген кезең бойынша осы есептілікті бұрын ұсынған жағдайда ұсынылмайды.

3 3. Заңды тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысының қаржылық есеп беруіне мынадай нысандар енеді:

бухгалтерлік баланс;
кірістер және шығыстар туралы есеп;
ақшаның қозғалысы туралы есеп;
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
есеп саясаты туралы ақпарат және түсіндірме жазба.

4 4. Заңды тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысы жыл сайын қаржы жылы аяқталғанға дейінгі тоқсан күн ішінде уәкілетті органға аудиторлық ұйым қол қоймаған қағазға шығарылған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есеп беруді береді.

5 5. Заңды тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысының жылдық қаржылық есеп беруіндегі түсіндірме жазбада осы Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес Заңның 49-2-бабының 3-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетіледі.

6

6. Заңды тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысының жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп беруіндегі түсіндірме жазбада осы Ереженің 5-тармағында аты аталған ақпараттан басқа шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасау жөніндегі жұмыс кестесінің ақпараттарын толық ашуға қажетті қосымшасымен бірге шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасау әдістерінің жан-жақты сипаты және Қордың ірі қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есеп беруіне қосылған Қордың ірі қатысушысының еншілес және тәуелді ұйымдарының қаржылық есеп беру жөніндегі баптарына тиісінше жағдайда ресімдеп жасаған (бірінші басшы және бас бухгалтер қол қойған, сондай-ақ ұйым мөрімен бекітілген) талдаулары көрсетіледі.

7 7. Шоғырландырылған аудиттің өткендігі туралы, ал ол болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есеп беру есебінің көшірмелерін және аудиторлық ұйымның ұсынымын заңды тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысы осы құжаттарды алған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органға береді.

8

8. Жеке тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі тоқсан күн ішінде уәкілетті органға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес кірістер және мүлік туралы мәліметтері бар қағазға шығарылған есеп беруді, сондай-ақ осы Ереженің 5-8-қосымшаларына сәйкес Заңның 49-2-бабының 2-тармағының 1)-4) тармақшаларындағы көрсетілген ақпаратты береді.
Жеке тұлға болып табылатын Қордың ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының салық туралы заңнамасына сәйкес салық қызметі органына кірістер туралы декларация беретін болған жағдайда қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға кірістер туралы декларацияның нотариатта куәландырылған, оның қабылданғандығы туралы салық органының белгісі қойылған көшірмесін береді.

9 9. Қор Қордың ірі қатысушысының уәкілетті органға есеп беруді осы Ережеге сәйкес уақтылы және толық беруін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

10 Қордың ірі қатысушысы қызметінің түрлерін сипаттау

10. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 1-қосымша
Қордың ірі қатысушысы қызметінің түрлерін сипаттау
1. Есеп беруші ұйым туралы ақпарат:
Қордың ірі қатысушысының атауы ____________________________________
Почталық мекен-жайы _______________________________________________
Орналасқан жері ___________________________________________________
Телефон ________________________ Факс _____________________________
2. Маңызды операцияларды сипаттау (маңызды операциялар болып оларды
жүзеге асыру күні Қордың ірі қатысушысының басқа тұлғалардың
акцияларында және жарғы капиталындағы қатысу үлесінде орналасқан
активтерді шегергендегі меншікті капиталының он және одан артық
процентін құрайтын операциялар болып табылады):
N
Опе­ра­ция тү­рі
Опе­ра­ци­я­ны жа­сау мақ­са­ты
Опе­ра­ция жа­сау кү­ні
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Жа­сал­ған опе­ра­ци­я­ның (кі­ріс алын­ған) ва­лю­та тү­рі
Қар­сы әріп­тес ата­уы
Қар­жы­лық қо­ры­тын­ды (мың тең­ге­мен)
1.
3. Қор мен Қордың ірі қатысушысының арасындағы өзге операцияларды
сипаттау:
N
Опе­ра­ция тү­рі
Опе­ра­ци­я­ны жа­сау мақ­са­ты
Опе­ра­ция жа­сау кү­ні
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Жа­сал­ған опе­ра­ци­я­ның (кі­ріс алын­ған) ва­лю­та тү­рі
Қар­сы әріп­тес ата­уы
Қар­жы­лық қо­ры­тын­ды (мың тең­ге­мен)
1.
4. Қор мен Қордың ірі қатысушысы бірлесіп қатысатын өзге
операцияларды сипаттау:
N
Опе­ра­ция тү­рі
Опе­ра­ци­я­ны жа­сау мақ­са­ты
Опе­ра­ция жа­сау кү­ні
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Жа­сал­ған опе­ра­ци­я­ның (кі­ріс алын­ған) ва­лю­та тү­рі
Қар­сы әріп­тес ата­уы
Қар­жы­лық қо­ры­тын­ды (мың тең­ге­мен)
1.
5. Қосымша ақпарат:
1) Қордың ірі қатысушысының лауазымды тұлғалары туралы ақпарат:
N
Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның  фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын ұй­ым­да­ғы ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті
Өзге ұй­ым­ның ата­уын көр­се­те оты­рып, он­да­ғы ат­қа­ра­тын қыз­ме­тін көр­се­ту
Са­тып алын­ған ак­ци­я­лар­дың құ­ны/ қа­ты­су со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның, өзге ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым­ның ата­уы/ же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
2) (Қордың ірі қатысушысының (ірі акционерінің) ірі қатысушылары
болып табылатын ұйымдарды қоспағанда) Қордың ірі қатысушысының
қатысушылары (акционерлері) туралы ақпарат:
N
Ұй­ым­ның ата­уы/же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
Жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су со­ма­сы/са­тып алын­ған ак­ци­я­лар­дың құ­ны (мың тең­ге­мен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым­ның ата­уы/ же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
3) Қордың ірі қатысушысының ұйымның жарғы капиталындағы
(акцияларындағы) қатысу үлесін сатып алу үшін заем алғандығы
жөніндегі ақпараты:
N
За­ем бер­ген ұй­ым­ның ата­уы/ же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
Қа­ты­су үле­сі жар­ғы ка­пи­та­лын­да неме­се за­ем есе­бі­нен са­тып алын­ған ак­ци­я­лар­да бар ұй­ым ата­уы
За­ем со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Жар­ғы ка­пи­та­лы­на қа­ты­су со­ма­сы/ са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны (мың тең­ге­мен)
Ак­ци­я­лар са­ны
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның са­тып ал­ған ак­ци­я­ла­ры­ның ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
1.
4) Қордың ірі қатысушысы ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылған
ұйым тізбесінің өзгергендігі туралы ақпарат:
N
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы ірі қа­ты­су­шы (ірі ак­ци­о­нер) бо­лып та­бы­л­ған ұй­ым­ның ата­уы
Жар­ғы ка­пи­та­лы­на қа­ты­су ке­зе­ңі/ ак­ци­я­лар­ды ие­ле­ну (са­тып алу және са­ту кү­ні және мақ­са­ты)
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
Мәмі­ле со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Мәмі­ле­нің қар­жы­лық қо­ры­тындысы (мың тең­ге­мен)
1.
Бірінші басшы _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Бас бухгалтер _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Мөрдің орны
Орындаушы _________________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Телефон _____________________
Күні ________________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 2-қосымша
Қордың ірі қатысушысы қатысушы (акционер) болып табылған ұйымдар туралы ақпарат
1. Есеп беріп отырған ұйым туралы ақпарат:
Қордың ірі қатысушысының атауы ____________________________________
Почталық мекен-жайы _______________________________________________
Орналасқан жері ___________________________________________________
Телефон ______________________ Факс _______________________________
2. Қордың ірі қатысушысының Қормен қарым-қатынасы туралы ақпарат:
1) Қордың дауыс беретін акцияларын иелену (процентпен):
тікелей______                    жанама_________
2) Қор акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі (Қордың дауыс беретін
акцияларының жалпы көлемінен алғанда процентпен):
тікелей______                    жанама_________
3) шарт күші бойынша не өзге жағдаймен Қор қабылдап отырған шешімге
ықпал ету мүмкіндігі (растаушы құжаттарды қоса бере отырып) _______
___________________________________________________________________
3. Қордың ірі қатысушысы қатысушы (акционер) болып табылатын
ұйымдар туралы ақпарат:
N
Ұй­ым ата­уы
Қа­ты­су со­ма­сы/са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны (мың тең­ге­мен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым­ның ата­уы/же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
4. Қордың ірі қатысушысы қатысушы (акционері) болып табылатын ұйым
қызметінің түрін немесе түрлерін сипаттау (қаржылық есеп беруді
қоса беріп) _______________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Қордың ірі қатысушысының ұйымдардың жарғы капиталына
(акцияларды иелену) қатысу схемасы (шартты болып табылады, Қордың
ірі қатысушысының толық құрылымды беруі қажет)
_______________________________________
|Қордың ірі қатысушысының ірі қатысушысы|
|_______________________________________|
| 51%
__________________|____________________
|         Қордың ірі қатысушысы         |
|_______________________________________|
|15%           |       |10%
___________________|______        |     __|_________________
|Қордың ірі қатысушысы ірі |       |    |                    |
|  қатысушы (ірі акционер) |       |    |        Қор         |
|   болып табылатын ұйым   |       |    |                    |
|__________________________|     5%|    |____________________|
__________________|______________________
|Қордың ірі қатысушысы қатысушы (акционер)|
|           болып табылатын ұйым          |
|_________________________________________|
Бірінші басшы _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Бас бухгалтер _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Мөрдің орны
Орындаушы _________________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Телефон _____________________
Күні ________________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 3-қосымша
Қордың ірі қатысушысының ірі қатысушылары (акционерлері) болып табылатын ұйымдар туралы ақпарат
1. Есеп беріп отырған ұйым туралы ақпарат:
Қордың ірі қатысушысының атауы ____________________________________
Почталық мекен-жайы _______________________________________________
Орналасқан жері ___________________________________________________
Телефон _____________________ Факс ________________________________
2. Қордың ірі қатысушысының ірі қатысушылары (акционерлері) болып
табылатын ұйымдар туралы ақпарат:
N
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­ты­су со­ма­сы/са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны (мың тең­ге­мен)
Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның ірі қа­ты­су­шы­сы­на (ак­ци­о­не­ріне) ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым ата­уы/же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
3. Қордың ірі қатысушысының ірі қатысушылары (акционерлері) болып
табылатын ұйымдар қызметінің түрін және түрлерін сипаттау (қаржылық
есеп беруді қоса беріп) ___________________________________________
___________________________________________________________________
4. Қордың ірі қатысушысы ірі қатысушысының аффилиирленген тұлғалары
туралы ақпарат (аффилиирлену белгісін көрсете отырып) _____________
___________________________________________________________________
5. Қордың ірі қатысушысына бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар
туралы ақпарат (бақылау негіздемесін көрсете отырып) ______________
___________________________________________________________________
6. Қордың ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді
ұйымдары туралы ақпарат ___________________________________________
___________________________________________________________________
Бірінші басшы _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Бас бухгалтер _____________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Мөрдің орны
Орындаушы _________________________________________  _____________
(фамилиясы, аты-жөні)                қолы
Телефон _____________________
Күні ________________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 4-қосымша
Қордың ірі қатысушысының кірістері және мүлкі туралы мәліметтер
Есеп беруші тұлға туралы ақпарат:
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
Жеке куәлігі (төлқұжат) ___________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
Мекен-жайы ________________________________________________________
Үй _______________________ жұмыс телефоны _________________________
Есепті кезең ______________________________________________________
N
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Осы­ның ал­дын­да­ғы есеп­ті ке­зең үшін
Есеп­ті ке­зең үшін
Есеп­ті ке­зең ішін­де­гі өзге­рі­стер
са­ны
со­ма­сы (тең­ге)
са­ны
со­ма­сы (тең­ге)
са­ны
со­ма­сы (тең­ге)
1.
Есеп­ті ке­зең үшін алын­ған кі­рі­стер:
Х
Х
Х
1.1
Жа­ла­қы
Х
Х
Х
1.2
Ұй­ым­дар­дың жар­ғы ка­пи­тал­да­рын­да­ғы (ак­ци­я­ла­рын­да­ғы) қа­ты­су үле­сі­нен түс­кен ди­ви­денд­тер және кі­ріс
Х
Х
Х
1.3
Са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы
Х
Х
Х
1.4
Мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден түс­кен кі­ріс
Х
Х
Х
1.5
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен кі­ріс
Х
Х
Х
1.6
Мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен кі­ріс
Х
Х
Х
1.7
Кі­рі­стің бас­қа түр­ле­рі (тал­да­ма жа­сал­ған)
Х
Х
Х
2.
Мү­лік:
Х
Х
Х
2.1
Ақ­ша:
ұлт­тық ва­лю­та­да, оның ішін­де:
Х
Х
Х
қол­ма-қол ақ­ша­мен
Х
Х
Х
банк­тік шот­тар­да
Х
Х
Х
ше­тел ва­лю­та­сы­мен, оның ішін­де:
қол­ма-қол ақ­ша­мен
Х
Х
Х
банк­тік шот­тар­да
Х
Х
Х
2.2
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар (эми­тент ата­уын көр­се­тіп), оның ішін­де:
жай ак­ци­я­лар
ар­тық­шы­лық­ты ак­ци­я­лар
об­ли­га­ци­я­лар
2.3
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның ұй­ым­ның (ата­уын көр­се­ту) да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се  олар­дың, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ре­зи­дент еме­сте­рі­нің жар­ғы ка­пи­тал­да­рын­да­ғы қа­ты­су үле­сін­де­гі   ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
Х
2.4
Жы­л­жы­май­тын мү­лік
2.5
Бас­қа мү­лік (тал­да­ма жа­сал­ған)
Қолы _____________________
Күні _____________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 5-қосымша
Қордың ірі қатысушысының Қор қабылдап отырған шешімге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы ақпарат
Есеп беруші тұлға туралы ақпарат:
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Үй _____________________ жұмыс телефоны ___________________________
Қордың ірі қатысушысының Қор қабылдап отырған шешімге ықпал етуді
жүзеге асыруы туралы ақпарат:
1) олардың арасындағы шарт күші бойынша басқа тұлғалармен бірлесіп
___________________________________________________________________
2) өзге жағдаймен _________________________________________________
оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін (растаушы құжаттарды қоса
беріп) анықтайтын өкілеттіктерді бөлуді сипаттау бар.
Қолы _____________________
Күні _____________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 6-қосымша
Қордың ірі қатысушысының ұйымдардағы атқарып отырған қызметтері туралы ақпарат
Есеп беруші тұлға туралы ақпарат:
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Үй ________________________ жұмыс телефоны ________________________
N
Ұй­ым­ның ата­уы
Ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті
Қа­ты­су со­ма­сы/са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны (мың тең­ге­мен) ұй­ым ата­уын көр­се­те оты­рып
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым ата­уы/ же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
Қолы _____________________
Күні _____________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 7-қосымша
Қордың ірі қатысушысының ұйымдардың жарғы капиталдарындағы оған тиесілі қатысу үлестерін алынған заемдар есебінен сатып алуы туралы ақпарат
Есеп беруші тұлға туралы ақпарат:
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Үй ________________________ жұмыс телефоны ________________________
N
За­ем­ды бе­ру­ші ұй­ым­ның/же­ке тұл­ға­ның ата­уы
Ұй­ым­ның ата­уы және жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы неме­се  за­ем есе­бі­нен са­тып алын­ған ак­ци­я­лар­да­ғы қа­ты­су үле­сі
За­ем со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су со­ма­сы/ са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны (мың тең­ге­мен)
Ак­ци­я­лар са­ны
Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның са­тып ал­ған ак­ци­я­ла­ры са­ны­ның  ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на  неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
1.
Қолы _____________________
Күні _____________________
Ашық жинақтаушы зейнетақы
қорының ірі қатысушыларының
есеп беруді ұсыну жөніндегі
Ережесіне 8-қосымша
Жақын туыстар, жұбайлар және Қордың ірі қатысушысының жұбайының (жұбайларының) жақын туыстары туралы мәліметтер*
Есеп беруші тұлға туралы ақпарат:
Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Үй _______________________ жұмыс телефоны _________________________
N
Жа­қын туы­стар, жұ­бай­лар және Қор­дың ірі қа­ты­су­шы­сы­ның жұ­бай­ы­ның (жұ­бай­ла­ры­ның) неме­се жұ­бай­ы­ның (жұ­бай­ла­ры­ның) жа­қын туы­сы­ның  фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
Туы­стық дә­ре­же­сі
Ірі қа­ты­су­шы­ның жа­қын туыс, жұ­бай­ы­ның (жұ­бай­ла­ры­ның) неме­се жұ­бай­ы­ның (жұ­бай­ла­ры­ның) жа­қын туы­сы­ның ұй­ым­да ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті
Жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су со­ма­сы/ са­тып алын­ған ак­ци­я­лар құ­ны  (мың тең­ге­мен)
Жа­қын туыс, жұ­бай­ы­на (жұ­бай­ла­ры­на) неме­се жұ­бай­ы­ның (жұ­бай­ла­ры­ның) жа­қын туы­сы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны­ның ұй­ым­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се оның жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне ара қа­ты­на­сы (про­цент­пен)
же­ке
бір­ле­сіп
ті­ке­лей
жа­на­ма
про­цент
ұй­ым ата­уы/ же­ке тұл­ға­ның фа­ми­ли­я­сы, аты-жө­ні
1.
* кесте қордың ірі қатысушысының жұбайының (жұбайларының)
немесе жұбайының (жұбайларының) жақын туысына байланысты мына жағдайларда толтырылады:

1 1) ұйымда қызмет атқарса және жарғы капиталында қатысу үлесі

(акциялар) бар болса;

2 2) ұйымда қызмет атқарса, бірақ жарғы капиталында қатысу үлесі

(акциялар) жоқ болса;

3 3) ұйымның жарғы капиталында қатысу үлесі (акциялар) бар,

бірақ осы ұйымда қызмет атқармаса.
Қолы _____________________
Күні _____________________

Қолданыстағы