Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения

Қаулы · № 248 · қабылданған 05.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27001/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения Күшін жойған Қаулы ·№ 248 ·05.04.2006
23.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения

Күшін жойған Қаулы ·№ 248 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения
Атауы (қаз.)
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
248
Қабылданған күні
05.04.2006
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI27001_20.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000248_
ЭКБ идентификаторы
27001
Редакция идентификаторы
AI27001_20
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:38

0 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

2

2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 5 сәуірдегi
N 248 қаулысымен
бекiтiлген
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

1

1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

3

3. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлердің шығындарын толық немесе iшiнара өтеуге (көрсетілген қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

4

4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі.

5 5. Субсидиялар су берушiлерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.

6

6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:

1 1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;

2 2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;

3

3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.

6-1

6-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті жылға арналған төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстардың және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлемдеріне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.

6-2

6-2. Сумен жабдықтаудың топтық, оқшау жүйелері бойынша облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес су берушілерге субсидиялар сомасын аударады.

7 7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:

1

1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі – су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;

2

2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді;

3 3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8 8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:

су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен нысан бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді.

9 9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.

10

10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.

11

11. Қандай да бір облыс және Астана, Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

0 Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі

Ауыз сумен жабдықтаудың
баламасыз көзі болып табылатын сумен
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
және оқшау жүйелерінен ауыз су беру
жөніндегі қызметтердің құнын
субсидиялау ережесіне
қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың)
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасы
________________________
20 ___ жылғы «___» _____
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегі нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
________________________ 20 жылғы _____
(су берушінің атауы)            (ай)
Р/с №
Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр
Бе­рі­л­ген су, мың тек­ше метр
Бе­кі­ті­л­ген та­риф 1000 тек­ше метр үшін тең­ге
Жыл ба­сы­нан бе­рі
Оның ішін­де есеп­ті ай­да
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің құ­ны, тең­ге
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі (та­риф­тік сме­та­лар­да ес­ке­рі­л­ген шы­ғын­дар­дың %-ы) тең­ге
Жыл ба­сы­нан бе­рі суб­си­ди­я­лар тө­лен­ді, тең­ге
Тө­ле­ну­ге ти­іс, тең­ге
Жыл ба­сы­нан бе­рі
Оның ішін­де есеп­ті ай­да
Жыл ба­сы­нан бе­рі
Оның ішін­де есеп­ті ай­да
7
8
9
10
11
12
Су беруші ________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.

Қолданыстағы