О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций на основании лицензии уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций на основании лицензии уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 25.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2012 AI27033_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004164_
- ЭКБ идентификаторы
- 27033
- Редакция идентификаторы
- AI27033_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:52
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру, сондай-ақ қаржы рыногын реттеу мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi белгiленсiн:
1 1) Ұлттық почта операторы үшiн - 1 (бiр) миллиард теңге;
2 2) ипотекалық ұйымдар үшiн:
осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап - "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес;
2006 жылғы 29 желтоқсаннан бастап - 100 (жүз) миллион теңге;
2007 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 300 (үш жүз) миллион теңге;
2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 800 (сегiз жүз) миллион теңге;
3 3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлермен және (немесе) дилерлерді қоспағанда, сондай-ақ қаулының осы тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, банктiк заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшiн -
2008 жылғы 1 сәуірден бастап - 300 (үш жүз) миллион теңге;
2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
4 4) банк операцияларының өзге түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдар үшiн - 5 (бес) миллион теңге.
2007.06.25 N 168 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 14 күн
өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2007.12.24. N 280 қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
2 2. Осы қаулының күшi жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарда қолданылмайды.
2-1
2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233).