Об утверждении Инструкции по ведению системы реестров держателей ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по ведению системы реестров держателей ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 25.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2014 AI27039_39.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004175_
- ЭКБ идентификаторы
- 27039
- Редакция идентификаторы
- AI27039_39
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:52
0 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстанның тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5 5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.
9 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 62 қаулысының
1-қосымшасы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
"Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу шарттарын, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2
2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тiзiлiмдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмiлелердi тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
3
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi – бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгiлi бір күнге осы ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын);
4 4) жалпы өкілдің жеке шоты – бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі жалпы меншіктің қатысушыларының жалпы өкіліне ашылған жеке шот;
5 5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
6 6) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
7 7) операциялық күн – тiркеушi бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тiркеудi және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
8 8) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
9 9) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
10 10) тiзiлiмдер жүйесiндегi операция – тiзiлiмдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тiзiлiмдер жүйесіне ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тiркеушiнiң iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
11
11) тіркеуші – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
12 12) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
13
13) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұстаушы (ұстаушылар) ұсынбауына байланысты ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған эмитенттің жеке шоты;
14
14) ішкі бақылау – тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы дәйекті есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақталуына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тәні тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы;
15
15) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шот;
16 16) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары – айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.
1-1 1-1. Тiркеушi iшкi бақылауды тiркеушiнің басқару органы бекіткен, мыналар:
1 1) iшкi бақылау объектісі;
2 2) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптар;
3 3) тiркеушiнің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жүзеге асыратын iшкi бақылау рәсімдері, оларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібі;
4 4) тiркеушiнің iшкi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің тiркеушiнің органдарын iшкi бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етуінің тәртібі және мерзімдері айқындалатын өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
1-2 1-2. Тiркеушiнің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
Ішкі аудит қызметінің қызметі мәселелері бойынша тiркеушiнің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында мыналар:
ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
ішкі аудит объектісі;
ішкі аудит қызметінің тексерістерді жүргізу ауқымы мен жиілігі;
ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
ішкі аудит қызметінің тіркеушінің басқару органына тексерістердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдері мен нысандары айқындалады.
1-3 1-3. Тіркеушінің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылаудың және (немесе) ішкі аудиттің объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.
1-4 1-4. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
2 2. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі кемінде жеті сағат жұмыс уақытын құрайды.
3 3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады.
Тізілімдер жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шоттарда меншік құқығымен орталық депозитарийге тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары), сондай-ақ клиенттерінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) ескеріледі.
2 2. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру
4 4. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.
4-1 4-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
5 5. Тiзiлiмдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:
1 1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;
2 2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3 3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4 4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға берген осы Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың көшiрмелерi;
5 5) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарттарының көшiрмелерi оларға енгiзiлген барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бірге;
6 6) тiзiлiмдер жүйесінде операциялар жүргiзiлген өзге құжаттар;
7 7) эмитенттен (бұрынғы тiркеушiден) тiркеушi алған және тiркеушi шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;
8 8) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшiрмелерi;
9 9) операцияларды тіркеу журналы;
10 10) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
11 11) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
12 12) сенімхаттарды есепке алу журналы;
13 13) жiберiлетін құжаттарды тіркеу журналы;
14 14) мұрағатты жүргізу журналы;
15 15) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткiзу актiлері.
6 6. Тiзiлiмдер жүйесінде мынадай:
1 1) эмитент туралы, оның iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы және эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы;
2 2) инвестициялық пай қорының атауы туралы;
3 3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмiрлерi, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкiлдерi туралы;
4 4) жеке шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi туралы;
4-1 4-1) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы;
4-2 4-2) бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) сенімгерлік басқаруға берілген тұлғалар туралы;
5 5) тiзiлiмдер жүйесінде жүргiзiлетін операциялар және оларды жүргізу негiздерi туралы;
6 6) тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;
7 7) тiркеушi бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәмiленiң сомасы туралы;
8 8) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша оларға берілген құқықтар туралы;
7 7. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:
1 1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;
3 3) орналасқан жері, почталық мекен-жайы;
4 4) телефон, факс және басқа байланыс құралдарының нөмірлері;
5 5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты.
8 8. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:
1 1) бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;
2 2) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;
3 3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4 4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5 5) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) номиналдық құны;
6 6) облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;
7 7) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептер бекітілген күн, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептер бекітілген күн (есепті кезең аяқталған күн).
Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің сәйкес құжаттарына оларды енгізген күннен бастап он күндік мерзімде эмитент тіркеушіге береді.
Эмитент тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге қоса облигацияларды өтеу күні туралы облигациялардың осы шығарылымының проспектісінде облигацияларды өтеудің нақты күні болмаған жағдайда, облигацияларды өтеу күні белгіленгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тіркеушіге береді.
8-1 8-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
9
9. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөнiндегi шартты (бұдан әрі – шарт) жасау кезінде эмитент ұсынған құжаттар негiзiнде тiркеушi тiзiлiмдер жүйесіне эмитент туралы мәлiметтердi енгiзедi және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.
Инвестициялық пай қорының пайларын есепке алу үшін тiркеушi инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар:
1 1) жарғының көшiрмесi;
2 2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
3 3) пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
4 4) инвестициялық пай қоры ережелерiнiң көшiрмесi;
5 5) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң көшiрмесi;
6 6) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:
тiркеушiнiң атауы;
инвестициялық пай қорының атауы;
құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
басқарушы компания өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттарды;
7 7) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкiлдерiнiң нотариат куәландырған қол қою үлгiлерi мен заңды тұлға мөрiнiң бедерлемесi бар, мынадай мәліметтер:
тiркеушiнiң атауы;
инвестициялық пай қорының атауы;
басқарушы компанияның атауы;
инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
кастодиан өкiлiнiң тегі, аты, бар болса – әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгiлерi тіркелген тұлғаның тiзiлiмдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде мiндеттi болып саналатынына нұсқау қамтылатын құжаттар негiзiнде орналастырылған пайларды есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады.
Осы тармақ тізілімдер жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тіркеушілерден қабылдаған кезде бірыңғай тіркеушінің қызметіне қолданылмайды.
Жарияланған бағалы қағаздарды және жеке шотты есепке алу үшін, бірыңғай тіркеуші сатып алған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитент туралы мәліметтерді тізілімдер жүйесіне енгізу және оған жеке шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7576 тіркелген) талаптарын және бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын ескере отырып жүзеге асырылады.
10 10. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері мен бағалы қағаздарды шығару проспектісінің көшірмелері негізінде жүзеге асырады.
11 11. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотындағы пай санының өзгеруі кастодиан растаған пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында көрсетіледі.
Сатып алу немесе ауыстыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан шығарылады, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрінеді.
12 12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші жеке шотты ашуға берілген бұйрық пен жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырады. Бұйрықты почта байланысымен жіберген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.
13 13. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1 1) жеке шотты ашуға бұйрық;
2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3 3) алынып тасталды
4 4) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
тіркеушінің атауы;
заңды тұлғаның атауы;
басқарушы компанияның атауы;
заңды тұлға өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында міндетті болып саналатынына нұсқау.
14 14. Бағалы қағаздарды ұстаушының өкіліне жеке шот ашылған жағдайда тіркеушіге өкілдің атына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат ұсынылады.
15 15. Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарының талаптары мынадай жағдайда қолданылмайды:
1
1) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленуші - тіркелген тұлғаға, номиналды ұстау жүйесінде осы тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, орталық депозитарийдің жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
2 2) тіркеуші соттың атқару парағын орындау мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде.
Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.
16 16. Егер бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.
17 17. Жеке шотты ашуға/жабуға бұйрыққа жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның өкілі, оның ішінде пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы қол қояды және мынадай мәліметтер болады:
1 1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты);
2 2) пайлық инвестициялық қордың атауы;
3 3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
4 4) жеке тұлғаның туған күні;
5 5) заңды тұлғаны (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі);
6 6) заңды тұлғаның (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының) орналасқан жері, почта мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), банк деректемелері;
7 7) жеке тұлғаның тұрғылықты жері, почта мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), банк деректемелері (бар болса).
17-1 17-1. Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің бұйрығы Нұсқаулықтың 17-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтиды.
18 18. Эмитентті, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.
19 19. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта:
1 1) жеке шотты ашуға бұйрыққа сәйкес тіркелген тұлға;
2 2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3 3) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;
4 4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны;
5 5) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша құқығы кімге тиесілі;
6 6) оқшауланған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны;
7 7) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
8 8) тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген көлемдегі сенімгерлік басқарушы;
9 9) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) саны туралы мәліметтер болады.
20 20. Номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін орталық депозитарийдің жеке шотында Нұсқаулықтың 19-тармағының 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
21
21. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шотында пайлық инвестициялық қордың, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат болады және Нұсқаулықтың 19-тармағының 1), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмайды.
22
22. Пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы лицензиясының қолданысын тоқтатқан немесе айырған жағдайда пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарын басқару пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді және тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен пайлық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.
23 23. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1 1) операцияның түрі;
2 2) оны жүргізген күн және уақыты;
3 3) операцияны жүргізудің негізі;
4 4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
5 5) бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық сәйкестендіргіш нөмірі немесе оларға қатысты операция жүргізілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны және сәйкестендіргіші.
23-1
23-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінің әрбір жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін растайтын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу жүзеге асырылады. Бір түрі бойынша бағалы қағаздарды есепке алу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінің әр түрлі жүйесінде жүзеге асырылмайды.
3 3. Тізілімдер жүйесін жүргізу
24 24. Тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.
Айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий иеленетін сәйкестендіргіш бойынша тіркеуші жүзеге асырады.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сандық мәні (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады).
24-1 24-1. Ескерту. 24-1-тармақ алынып тасталады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
24-2 24-2. Ескерту. 24-2-тармақ алынып тасталады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
25 25. Тіркеуші тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1 1) жеке шоттар бойынша операциялар;
2 2) ақпараттық операциялар.
26 26. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар:
1 1) жеке шот ашу;
2 2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәлiметтердi өзгерту;
3 3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
4 4) эмитенттің орналастырылған акциялары (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санының ұлғаюы туралы жазбаларды енгізу;
5 5) бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салу және ауыртпалық салуды алып тастау;
6 6) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау;
7 7) сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенiмгерлiк басқарушы туралы жазбаны алып тастау;
8 8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
9 9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
10 10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
11 11) эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын жою;
11-1 11-1) бағалы қағаздарды өтеу;
12 12) жеке шотты жабу жатады.
27 27. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
1 1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;
2 2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;
3 3) белгілі бір күнге және уақытқа эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама жасау және беру;
4 4) есептер, хабарламалар және анықтамалар дайындау және беру.
Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін мұның алдындағы тіркеушінің жүргізу күні берген ақпараты мен құжаттары мұның алдындағы тіркеушінің ұсынған құжаттарына сәйкес жасалады және тек сот шешімінің негізінде өзгертілуі мүмкін.
28 28. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:
1 1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;
2 2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3 3) инвестициялық пай қорының атауы;
4 4) мәмілеге қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
5 5) мәмілеге қатысқан тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
6 6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмірі және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші;
7 7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8 8) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;
9 9) мәміленің түрі;
10 10) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) туралы бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өз жазбаша растауын тіркеушіге жіберу арқылы растайды.
29 29. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:
1 1) бұйрықтың нөмiрi және тіркелген күні;
2 2) бағалы қағаздар эмитентiнiң атауы;
3 3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4 4) тіркелген тұлғаның жеке шотының нөмiрi;
5 5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмiрi;
6 6) орналастырылған акциялар санының ұлғаюына байланысты жүргізілген операцияның пропорциясы (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде);
7 7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8 8) орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға арналған нұсқау;
9 9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкiлеттi тұлғасы қол қояды және эмитенттің мөрімен куәландырылады.
30 30. Ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда тіркеушіге ортақ меншіктің барлық қатысушыларының операция жүргізуге жазбаша келісімі ұсынылады.
31
31. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректеріне негізделіп, сәйкестігін тексереді және бұйрықтардағы қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған үлгілері бар құжатта, заңды тұлғаның мөр бедерінде немесе мәміле тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
32
32. Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Нұсқаулықтың 26-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8)тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) тіркелген тұлға жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
32-1 32-1. Тіркелген тұлға тіркеушіге:
1 1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
2
2) Нұсқаулықтың 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша, тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда, Нұсқаулықтың 26-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.
33
33. Жеке шоттағы тіркелген тұлға, пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын тіркеуші тіркелген тұлғаның немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының ол туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және осы өзгерістерді растайтын құжаттар негізінде жүргізеді.
34
34. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды және Нұсқаулықтың 34-1, 34-2, 34-3, 35-тармақтарында, 36-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 36-1-тармағында, 37-тармағында және 42-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.
Мәмілені жасау үшін тараптардың біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, тіркеуші осындай рұқсаттың болуын растайтын құжатқа сұраныс жасайды.
Осы тармақтың екінші бөлігіндегі талап сондай-ақ бағалы қағаздар сенімгерлік басқаруға берілген кезде тіркеуші бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жүргізетін операцияларға қатысты қолданылады.
Орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды, оларды ұстаушылармен талап етілмеген эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шоты бойынша бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотына есепке алу бойынша операциялар эмитенттің және жеке шотына бағалы қағаздар есепке алынатын тұлғаның қарама-қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
34-1
34-1. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесiлi, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкiлеттi органның шотына есепке жазу операциялары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға мiндеттi түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 3576 тіркелген) қаулысының 6-тармағында айқындалған тәртіпте қабылданған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының шешiмi негiзiнде тiркеледi.
34-2 34-2. Тiркеушi эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай мiндеттемелерiн оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент уәкiлеттi органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшiрмесiн және мынадай құжаттардың бiрiнiң:
1 1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң;
2 2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банктi қайта құрылымдау жоспарының;
3 3) егер эмитент дәрменсiз борышкер болса, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданған реабилитациялау жоспарының көшiрмесiн ұсынған кезде жүргiзедi.
Тiркеушi эмитенттiң тіркелген тұлғаларға тиесiлi бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгiзу операциясын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу және жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттiң жеке шотынан есептен шығару мен оларды тiркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен эмитенттiң бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбаларды енгiзу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.
Тiркеушi эмитенттiң кредиторлары алдындағы ақшалай мiндеттемелердi оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгiзу операциясын жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттiң жеке шотынан есептен шығару және оларды Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу жолымен эмитенттің ақшалай мiндеттемелердi айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.
Орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша эмитенттiң бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай мiндеттемелерiн оның жай акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргiзгеннен кейiн тiркеушi бiр сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жiбередi.
Тiркеушi олардың айырбасталуына байланысты сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазылған облигацияларды облигациялардың шығарылымын жою туралы куәлiктiң көшiрмесi негiзiнде жояды.
34-3
34-3. Тіркеуші Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және Нұсқаулықтың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына есепке алу жөніндегі орталық депозитарийдің бұйрығы негізінде жүргізеді.
34-4
34-4. Тіркеуші эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент ұсынған бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға айырбастау туралы эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі және эмитенттің орналастырылған акцияларды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негізінде:
1 1) айырбасталуы тиіс акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу;
2 2) орналастырылған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды акциялары айырбасталуы тиіс тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған бұл туралы хабарламаны, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулардың, уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулардың назарға алынғанына байланысты берілген акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы хабарламасының көшірмелерін және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.
35
35. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту операциясын тiркеушi эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмелерi мен уәкiлеттi органның эмитентке берген, жарияланған акциялардың санын ұлғайту орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту есебінен жүргізілгендігіне сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару жолымен акцияларды эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығы негiзiнде жүргiзедi.
Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін тiркеушi бір сағаттың iшiнде оған ілеспе хатты, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн және тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан көшiрменi жібереді.
36 36. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу бойынша операцияларды тіркеуші жүргізеді:
1
1) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі және жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және тіркелген тұлғалардың жеке шотына есепке алу арқылы тіркелген тұлғалардың жеке шоты бойынша қоғамдарды бөлу кезінде пайда болған жарияланған акцияларды бөлуге бұйрығы негізінде акционерлік қоғамды бөлген жағдайда;
2 2) акционерлік қоғам қосылу туралы шарт негізінде басқа қоғамға қосылған жағдайда және тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алуға қарама-қарсы бұйрықтар алған кезде;
3
3) акционерлердің жалпы жиналысының бөлу туралы шешімі және эмитенттің бөлуге бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару арқылы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша қоғамды бөлу кезінде пайда болған жарияланған акцияларды бөлген жағдайда;
4 4) бірігу туралы шарт негізінде және тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды алған кезде акционерлік қоғамдар біріккен жағдайда.
36-1 36-1. Қазақстан Республикасы Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда тіркеуші мыналарды жүргізеді:
1 1) уәкілетті органның банктің жарияланған акциялар санын өсіру жөніндегі хабарламасы және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
көшірмесі негізінде жарияланған акцияларды есепке алу жөніндегі эмитенттің жеке шотына бағалы қағаздарды есепке алу операциясы;
2 2) жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің шотынан жарияланған акцияларды есептен шығару жөніндегі операция және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық мемлекеттік меншікке иелік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің көшірмесі негізінде ұлттық
басқарушы холдингтің шотына осы акцияларды есепке алу жөніндегі операция.
37
37. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында тіркеуші мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Нұсқаулықтың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын жүргізеді.
38
38. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
39
39. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде жүргізеді.
39-1
39-1. Тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттің міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның және пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығында Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Тіркеуші тіркелімдер жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін не орталық депозитарийден номиналды ұстау жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркеу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәміле алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде эмитентке пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілген тіркелген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізілген операциялар туралы хабарламаны жібереді.
40
40. Бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімді басқарушының бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру туралы қарама-қарсы бұйрықтары және сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаларды жоюды тіркеуші сенімгерлік басқарушы мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайды қоспағанда, құрылтайшы сенімгерлік басқаруға және сенімгерлік басқарушыға берген бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару тоқтатылғаны туралы қарсы бұйрықтың негізінде жүргізеді:
1 1) сенімгерлік басқару азаматының қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты, - сенімгерлік басқару құрылтайшысының бұйрығы негізінде;
2 2) сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін еместігіне байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының бұйрығы негізінде;
3 3) сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін еместігіне байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде;
4 4) сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу жағдайында құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде;
5 5) сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, жүк артылған мүлікті басқаруға өткізу туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде.
Сенімгерлік басқарушы туралы енгізу немесе жою жөніндегі операцияны тіркеуші орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша жүргізбейді.
40-1 40-1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
47-1-бабы 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабы 3-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 72-3-бабы 3-тармағында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде тіркеуші қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде осы қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын жүргiзедi.
Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда тіркеуші сенімгерлік басқарушының бұйрығы және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын жүргiзедi.
Тіркеуші сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргiзедi.
41 41. Акциялар шығарылымының күшін жойған кезде тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымының күшін жою туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды, олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару жөніндегі операцияларды жүргізеді.
Заңды тұлғаның таратылуына не қайта ұйымдастырылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда тізілімдер жүйесін жүргізу тіркеуші мен эмитенттің арасында жасалған шарттың бұзылуын растайтын құжаттың негізінде тоқтатылады.
42
42. Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу кезінде тіркеуші облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды), оларды ұстаушылардың шоттарынан есептен шығару және эмитенттің (оригинатордың), оның облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламасының негізінде сатып алынған бағалы қағаздардың есебін жүргізу жөніндегі шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
42-1
42-1. Тіркеуші жеке шотты жабу жөніндегі операция жеке шотты жабу жөніндегі бұйрық негізінде немесе соңғы алты ай ішіндегі осы жеке шотта бағалы қағаздардың болмауына байланысты жасалады. Жеке шотты жабу кезінде клиентке тіркеушінің ішкі құжатымен белгіленген нысан бойынша тиісті хабарлама жіберіледі.
Тіркеуші онда бағалы қағаздар болмаған жағдайда бағалы қағаздарды жою немесе оларды мұраға алу нәтижесінде барлық бағалы қағаздарды есептен шығарған күннен бастап алты ай ішінде Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шотты жабуды жүзеге асырады.
42-2
42-2. Эмитент осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күн өткен соң эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша барлық өзінің міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламаны тіркеушіге ұсынбаған кезде тіркеуші эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша барлық өзінің міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растаумен тиісті хабарламаны ұсыну туралы сұратуды эмитентке жібереді.
Эмитент тіркеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұратуды жіберген күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң тиісті хабарламаны ұсынбаған кезде не эмитент осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі өзінің міндеттемелері бойынша жіберілген дефолт туралы хабарламаны тіркеушіге ұсынған кезде тіркеуші орталық депозитарийге:
айналыс мерзімі аяқталған және эмитенттің қосалқы шотындағы жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және эмитенттің қосалқы шотындағы сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны туралы;
тіркеушінің сұратуында көрсетілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тиісті сәйкестендіргішті орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитарийдің иемденуі туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрату жібереді.
Орталық депозитарийден осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тіркеушінің сұратуына жауап ретінде мәліметтерді алғаннан кейін тіркеуші осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар тіркеуші эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және ол бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтау арқылы оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
Эмитенттің жеке шоттарында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар болған жағдайда тіркеуші орталық депозитарийдің шотынан есептен шығаруды және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген барлық операциялар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тіркеуші эмитентке, орталық депозитарийге, сенімгерлік басқарушыға, сондай-ақ пайдасына айналыс мерзімі аяқталған және ол бойынша эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздармен ауыртпалық салынған адамдарға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
Егер эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың саны отыздан астам болса, тіркеуші осындай ұстаушылардың осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жүргізілген операциялары туралы хабарламаны осы тармақтың бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Егер тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, тіркеуші орталық депозитарийден орталық депозитарийдің эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тиісті сәйкестендіргішті иемденуі туралы мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде мемлекеттік органның актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген, осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімі аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына өзгертуге жататыны туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органға жібереді.
Бұл ретте тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау бойынша операцияны жүргізгеннен кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді.
Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау туралы хабарламаны орталық депозитарийден алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді.
42-3
42-3. Эмитент айланыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде, тіркеуші эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын оның хабарламасы болған кезде Нұсқаулықтың 34-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу бойынша операцияны жүргізеді.
Облигациялар шығарылымы жойылған кезде, тіркеуші уәкілетті органның облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару бойынша операцияны жүргізеді.
Айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымы жойылған кезде, тіркеуші уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын біржолғы есептен шығару бойынша операцияны жүргізеді.
43 43. Ақпараттық операцияны жүргізуді тіркеуші эмитенттің жазбаша өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы, пайлық инвестициялық қордың кастодианы немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.
43-1
43-1. Миноритарлық акционердің өтініш беру және тіркеушінің акционерлердің жалпы жиналысына қарауға енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлер мен басқа акционерлер біріккен жағдайдағы осы акционерлік қоғамның басқа миноритарлық акционерлерге ақпарат тарату тәртібі тіркеушінің басқа миноритарлық акционерлерді хабардар ету және хабардар ету нысаны аралығындағы мерзімі бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартпен белгіленеді.
44 44. Ескерту. 44-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28. N 200 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
45
45. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды, акционерлердің жалпы жиналысын өткізуді, акциялардың он және одан көп процентін иеленген ұстаушылар туралы анықтамалары дайындауды тіркеуші эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасаудың өзге жағдайларында және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде тіркеушінің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.
46 46. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарымен белгіленген нысан бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1 1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2 2) инвестициялық пай қорының атауы;
3 3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4 4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5 5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
6 6) егер тізілім эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары бойынша жасалатын болса, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны;
7 7) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш;
8 8) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:
бағалы қағаздарды ұстаушыларды – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың – заңды тұлғалардың атауы;
бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) ұстаушылардың - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) санын көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) саны;
бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;
9 9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;
10 10) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған жағдай бойынша күн және уақыт.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
46-1 46-1. Тіркеушіге ұсынылатын бұйрықтардың нысаны мен мазмұны оның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
47 47. Пайлық инвестициялық қордың пайларды ұстау тізілімінде Нұсқаулықтың 46-тармағының 3) және 5) тармақшаларында атап көрсетілген мәліметтер көрсетілмейді.
47-1 47-1. Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерден тұрады:
1 1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2 2) жарияланған акциялардың саны;
3 3) орналастырылған акциялардың саны;
4 4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5 5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
6 6) мынадай мәліметтерден тұратын акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан астам пайызы тиесілі орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер ашылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қоса акцияларды ұстаушылардың тізімі:
заңды тұлғаларды – акцияларды ұстаушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін көрсете отырып, заңды тұлғалардың – акцияларды ұстаушылардың атауы;
акцияларды ұстаушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың атауын және деректемелерін көрсете отырып, акциялар ұстаушылардың тегін, атын, бар болса әкесінің аты;
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялардың саны;
акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
7 7) тіркеушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;
8 8) ірі акционерлер туралы анықтама жасалған жағдай бойынша күн және уақыт.
Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
48.Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және онда мынадай:
1 1) эмитенттің мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2 2) жарияланған акциялардың саны;
3 3) орналастырылған акциялардың саны;
4 4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5 5) акциялардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
6 6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған депозитарлық қолхаттардың меншік иелерін қосқандағы мыналарды:
заңды тұлға - акционерлердің атауларын, оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірін және күнін;
жеке тұлғалар – акционерлердің тегін, атын, бар болса әкесінің атын, жеке тұлға – акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін;
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып акционерге тиесілі акциялардың санын;
акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялардың санын;
акционерге тиесілі артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып акционерлердің тізімі;
7 7) номиналды ұстауда болып табылатын және тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотында есепке алынған акциялар саны және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоқ меншік иесіне тиесілі мәліметтер;
8 8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
9 9) тіркеушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
10 10) акционерлердің тізімі жасалған жағдай бойынша уақыт және күн;
11 11) эмитенттің өкіміне сәйкес өзге де мәліметтер болады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтер болады, егер тіркеушіде осы мәліметтер болса.
Акционерлердің тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрататын ақпарат қосымша енгізіледі.
Акционерлердің тізіміне тіркеушінің ішкі құжатына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізетін тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
49 49. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме Нұсқаулықтың 1-қосымшасының нысаны бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер:
1 1) жеке шоттың атауы және нөмірі;
2 2) бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:
оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
3 3) эмитенттің атауы және орналасқан жері (пайлық инвестициялық қордың пайлары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде, эмитенттің нұсқауымен қатар, пайлық инвестициялық қордың атауы көрсетіледі);
4 4) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш;
5 5) облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні;
6
6) ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) санын көрсете отырып, бағалы қағаздардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) белгілі бір түрінің саны;
7 7) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына арақатысы;
8 8) тіркеушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
9 9) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыт және күн болады.
Жеке шоттан үзінді-көшірме тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады.
50
50. Тіркеуші орталық депозитарийден және эмитенттен қажетті ақпаратты ақпараттық операцияны жүргізуге бұйрықты алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей сұрайды. Орталық депозитарий және (немесе) эмитент тіркеуші ұсынған мәліметтерге аталған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, ұсынылған ақпарат тізілім жүйесін құрайтын мәліметтер негізінде құралды деген жазба енгізіледі.
51 51. Тізілімдер жүйесінде операция жүргізу мерзімі тіркеуші немесе тіркеушіге трансфер-агенттік қызметтер көрсететін ұйым ұсынған құжаттар тіркелген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
51-1 51-1. Мәмiленi тiзiлiмдер жүйесінде тіркеу уақыты тiркеушiнiң Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген iс-әрекеттердi жүзеге асыру уақыты болып табылады.
52 52. Нұсқаулықтың 45-тармағында көрсетілген жағдайларды және иеленушінің жеке шотына пайларды есептеу бойынша операцияларды жүргізуді қоспағанда, тіркеуші жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік үш күн ішінде жүргізеді.
Иеленушінің жеке шотына пайларды есептеу басқарушы компанияның бұйрығы және кастодианның растауы болған кезде "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармақшасында белгіленген пайларды есептеу талаптарын орындау күнінен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асады.
52-1 52-1. Ескерту. 52-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
53 53. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді тіркеуші егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілмеген жағдайда ол жасалған күннен бастап, жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін акционерлер тізімін беруді тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмеген мерзімде жүзеге асырады.
Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілген жағдайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу үшін акционерлер тізілімін беруді немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда болып табылатын акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсынуды тіркеуші ол жасалған күннен бастап жиырма сегіз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
53-1
53-1. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда тiркеушi бұйрықты алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұйрықтың орындалуы туралы есепті жасайды және оны жіберілетін құжаттар журналында тіркейді. Бұйрықтардың орындалуы туралы есеп клиентке почта арқылы жіберіледі не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі.
54 54. Тiркеушi бұйрықты алған кезден бастап үш мына күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай:
1 1) қол қою үлгiлерiнiң бұйрықтағы нотариат куәландырған үлгілерге сәйкес еместiгi;
2 2) операция жасауға бұйрық алған күннен бастап екi күнтiзбелiк күн iшiнде қарама-қарсы бұйрықты бермеген;
2-1 2-1) Нұсқаулықтың 28-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бірге (бір жұмыс күнінің ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есептеуді қамтамасыз ететін кастодианның растауын бермеген;
3 3) бұйрық деректемелерiнiң Нұсқаулықпен белгiленген деректемелерге, немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес еместiгi;
4 4) жеке шотта қажеттi бағалы қағаздар санының болмауы;
5 5) Қазақстан Республикасы заңнамасын тiзiлiмдер жүйесiнің деректерi негізінде мәмiле жасау нәтижесiнде бұзу;
6 6) клиент мәмiленiң тiркелуi үшiн белгiленген мерзiмде iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге берiлген уәкiлеттi органның келiсiмiн растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ұсынбаған;
7 7) сәйкес мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмi болған;
8 8) бұйрықта көрсетілген жеке шот оқшауланған;
9 9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға жүк артылған;
10 10) орталық депозитарийдiң мәмiленi жеке шоттардың бiрыңғай жүйесiнде көрсетуден бас тартуын алған;
11 11) тiркеушiнiң iшкi құжатында көзделген өзге жағдайларда оның орындалмау себептерiн көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресiмдейдi.
Бұйрықты орындаудан бас тартуға тiркеушiнiң iшкi құжатына сәйкес тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзетiн тiркеушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
54-1 54-1. Шаруашылық серіктестіктің қатысушыларын қалыптастыру, жүргізу және сақтау тіркеушінің ішкі құжаттарына және шаруашылық серіктестіктің тіркеушімен жасалған шартына сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Тіркеушінің және уәкілетті органның өзара іс-қимыл тәртібі
55
55. Тіркеуші эмитент берген бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік негізінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту және (немесе) бағалы қағаздарды орналастырмағаны туралы уәкілетті орган хаттарының көшірмелерін уәкілетті органға беру мерзімдерін дербес есептейді.
56
56. Тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді уәкілетті органға беру мерзімі өткенге дейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей көрсетілген есептерді уәкілетті органға беру қажеттілігі туралы хабарламаны қызмет көрсетілетін эмитентке жібереді.
57
57. Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептің уәкілетті органға берілгендігін растайтын құжаттарды эмитенттен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін алмаған жағдайда тіркеуші келесі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы хабарлайды.
58 58. Тіркеуші әр айдың біріндегі жағдай бойынша Нұсқаулықтың 2-қосымшасының нысаны бойынша эмитенттердің дауыс беруші акциялары туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
Ақпарат электрондық тасымалдағышпен криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып беріледі.
5 5. Тiркеушiнiң құжат айналымы. Тiзiлiмдер жүйесін құрайтын құжаттар мен электрондық деректерді сақтау. Тiркеушi клиенттерiнiң тiркеушiге құжаттарды трансфер-агенттiң қызметтері арқылы беруі
59
59. Тіркеушіге келіп түскен құжаттар келіп түскен құжаттарды, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алуды, сенімхаттарды есепке алуды тіркеу журналдарында тіркеледі. Тіркеуші құжатты қабылдағаннан кейін өтініш білдірген тұлғаға қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған тіркеушінің қызметкерінің аты-жөнін көрсете отырып оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.
60 60. Тіркеуші берген құжаттар жіберілетін құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
61 61. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтердегі өзгерістер тіркеушінің сәйкес ішкі есеп журналында тіркеледі.
62 62. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар тіркеушінің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.
63 63. Тізілімдер жүйесін құрайтын мынадай құжаттар кемінде бес жыл сақталады (мерзім бағалы қағаздарды ұстаушының осындай болуы тоқтаған немесе тіркеуші мен эмитент арасында жасалған шарт бұзылған күннен бастап есептеледі):
1 1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;
2 2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3 3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4 4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;
5 5) шарты қолдану кезеңінде эмитенттен тіркеуші (бұрынғы тіркеуші) алған және эмитентке тіркеуші жіберген құжаттар;
6 6) операцияларды тіркеу журналы;
7 7) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
8 8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
9 9) сенімхаттарды есепке алу журналы;
10 10) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;
11 11) мұрағатты жүргізу журналы;
12 12) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтер жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгенін растайтын құжаттар.
64 64. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 237 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
65 65. Тiзiлiмдер жүйесін құрайтын электрондық және (немесе) қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтер жоғалған немесе жойылған жағдайда тiркеушi:
бір жұмыс күні iшiнде бұл туралы эмитентке, уәкiлеттi органға және орталық депозитарийге хабарлайды;
тiзiлiмдер жүйесін құрайтын қағаз тасымалдағыштардағы мәлiметтердi қалпына келтіру мақсатында Тiркеушiнiң iшкi құжаттарында тiзбесi айқындалатын баспасөз басылымдарында мүдделі тұлғалардың құжаттарды беру қажеттiгi туралы ақпаратты жариялайды;
тiзiлiмдер жүйесін құрайтын электрондық тасымалдағыштардағы мәлiметтердi қалпына келтіру мақсатында тiркеушi орталық депозитарийге оған жүргiзiлуiн тiркеушi жүзеге асыратын жоғалған немесе жойылған тiзiлiмдер жүйесiнiң мәлiметтерiн көрсететін, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәлiметтердi беру туралы сұрау салу жiбередi;
жоғалған немесе жойылған деректерді олар жоғалған немесе жойылған күннен бастап екi апта iшiнде қалпына келтiредi.
65-1 65-1. Тіркеушінің клиенттері трансфер - агенттің қызметін пайдаланған жағдайда тіркеушіге ақпаратты тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандары бойынша береді.
Нұсқаулықтың 46 және 48-тармақтарында көрсетілген ақпаратты тіркеушінің клиенттері тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандары бойынша ұсынады.
Нұсқаулықтың 49-тармағында көрсетілген ақпаратты Нұсқаулықтың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша тіркеушінің клиенттеріне ұсынады.
65-2 65-2. Тіркеуші айына бір реттен кем емес есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тізілімдер жүйесінде ашылған, жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың санын жеке есепке алудың деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
65-3 65-3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 126 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
65-4 65-4. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6 6-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін және тізілімдер жүйесін құрайтын өзге құжаттарды өткізу
7 7. Қорытынды ережелер
71 71. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
72 72. Қазақстан Республикасының банк заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға сату жөніндегі мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
324 20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін
жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме
_______________________________________________________________
Үзінді-көшірмені жасаған күн Уақыты
Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:
Бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы, бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
Бағалы қағаздарды ұстаушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні
Жеке шоттың атауы
№
Эмитенттің атауы
Эмитенттің орналасқан жері
Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш)
Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні
кестенің жалғасы
Бағалы қағаздар саны (эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының сәйкестендіргіш)
Бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының санына арақатынасы (процентпен)
Қосымша мәліметтер
жалпы саны
пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар
сенімгерлік басқарушының атауын көрсете отырып сенімгерлік басқаруға берілгендер
орналастырылған
дауыс беретін
Тіркеушінің жауапты тұлғасы қол қоятын орын (тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын қызметін көрсете отырып)____________________
Мөрдің орны
________________________
Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон, факс нөмірлері
325 Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс
Бағалы қағаздарды
ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс
_______________________________________________________________
20 __ жылғы _____,_____ уақыт жағдай бойынша ұсынылған мәліметтер
№
Эмитент туралы мәліметтер:
Акция шығарылымы туралы мәліметтер:
Эмитенттің толық, ресми атауы
Эмитенттің орналасқан жері
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні
Бизнес – сәйкестендіру нөмірі
Акцияның түрі және ұлттық сәйкестендіру нөмірі
Жарияланған акциялардың саны
Орналастырылған акциялардың саны
Эмитент сатып алған акциялардың саны
Дауыс беруші акциялардың саны
_____________________
1Бұл жағдайда дауыс беруші акциялардың саны ретінде орналастырылған акциялар мен эмитенттің сатып алған акциялары санының арасындағы айырманы білдіреді (8-баған-9-баған)
Басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
____________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы _________________________________________
(лауазымы, тегі және әкесінің аты) (қолы)
(телефон нөмірі)
Есепке қол қойған күн 20 ___ жылғы "__" ______.
1
1
328 Күші жойылған деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 ақпандағы
N 62 қаулысының 2-қосымшасы
Күші жойылған деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2750 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы қазан, N 19, 116-бет).
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2750 тіркелген, Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3103 тіркелген).
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3577 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы тамыз, N 17, 143-бет).
4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3730 тіркелген).
5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 336 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3855 тіркелген).