Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О выделении средств из бюджета на оплату "Актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования"

Өзге акт · № 490 · қабылданған 23.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2712/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О выделении средств из бюджета на оплату "Актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования" Күшін жойған 23.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О выделении средств из бюджета на оплату "Актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования"

Күшін жойған Өзге акт № 490 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выделении средств из бюджета на оплату "Актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования"
Атауы (қаз.)
"Жер учаскесіне меншік құқысына, жерді тұрақты пайдалану құқысына актілерге" ақы толеуге бюджеттік қаражаттар бөлу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
490
Қабылданған күні
23.03.1998
Көрсетілген редакция
23.03.1998 2712_249481.kaz
Соңғы өзгеріс
23.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V000008_
ЭКБ идентификаторы
2712
Редакция идентификаторы
2712_249481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Жер учаскесіне меншік құқысына, жерді тұрақты пайдалану құқысына актілерге" ақы толеуге бюджеттік қаражаттар бұлу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Шаруа шаруашылықтарына актiлер беру туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 16 ақпандағы N 471 шешiмiн орындау үшiн ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке (Соловьев В.В.) бюджет есебiнен жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшiн ауыл шаруашылығы қәсiпорындарын реформалаудың нәтижесiнде құрылған шаруа (фермерлiк) шаруашылықтарының тiзiмiн берсiн.

2. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi обыстық комитетi (Соловьев В.В.) жер үлестерiн дербестендiру жөнiнде жерге орналастыру жұмыстарын орындауға, "жер учаскесiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына актiлер" дайындауға сметаны облыстық қаржы басқармасына тапсырсын, жоғарыда аталған шығындарға бюджеттен ақы төлеуге облыстық қаржы басқармасымен (Құрманғалиев А.Ә.) шарт жасасын (N 1, 3 қосымшалар).

3. Облыстық қаржы басқармасына (Құрманғалиев А. Ә.) "жер учаскесiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына, актiлерге" ақы төлеудi облыстық бюджетте шағын және орта бизнестi дамытуға көзделген қаражаттар есебiнен жүргiзу тапсырылсын.

4. Облыстық қаржы басқармасы шығындарға ақы төлеудi қалалар, аудандар әкiмдерiнiң шаруа (фермерлiк) шаруашылықтарының "жер учаскелерiне меншiк құқысына, жердi тұрақты пайдалану құқысына актiлердi нақтылы алуы бойынша жүргiзсiн.

5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi аудандық жерге орналастыру кызметтерiн компьютерлiк және iстi ұйымдастыру техникасымен толықтыру үшiн оларды алуға қаржылық көздердi iздестiрiп тапсын (N 2 қосымшаға сәйкес).

6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.