Об организации социальных рабочих мест Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 31 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 14 ақпандағы № 35 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы" Таран ауданының әкімдігі қаулысының күші жойылған деп танылсын (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3356, "Шамшырақ" 2005 жылғы 25 наурыздағы № 12).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Бисимбаевке жүктелсін.
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы
Әкімдіктің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы
Тармақ 1
1. Осы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық), халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын еңбекпен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерімен (меншік иесінен тәуелді) негізгі шарттарым және есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындары - жұмыс беруші нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы орындарымен шарттық негізінде құратын жұмыс берушілерінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны:
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Занымен белгіленген әлеуметтік қорғаудағы тұлғалардың тобы:
Тармақша 3
3) "жастар тәжірибесі" - мамандары бойынша жұмыс өтілі жок, курстык дайындықтан өткен, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім алған түлектерді, білім, практикалық тәжірибе алу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар еңбек туралы, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бағынады.
Тармақ 4
4. «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті органы) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру жөніндегі қызметтер үшін жұмыс берушімен шарт жасайды.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін шарттық негізде құратын санында және кәсіптерге сәйкес уәкілетті органның бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға нысаналы топтарына кіретін аз қамтылған жұмыссыздардың басымқы құқықтары бар болады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуді, жеке еңбек шартқа сәйкес және жүзеге асырылатын жұмыстың көлемі мен түріне байланысты, ай сайын жұмыс беруші жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға төленетін жалақыны өтеу үшін жұмыс берушілердің шығыстары ең төменгі жалақы мөлшерімде 50 процент ("жастар тәжірибесіне" орналастырылғандарға - ен төменгі жалақы мөлшерінде) алты айдан кем емес мерзімінде. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есептер жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына аударылады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жалақаға белгіленген заңнамалық тәртіпте салық салынады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздарға төленетін жалақыны өтеу үшін жұмыс берушілер ай сайын уәкілетті органға жүзеге асырылған жұмыстарға акт, есеп, жұмыс уақытын есепке алу тізімдігін ұсынады.
Басқа 20. Әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Әкімдіктің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу осы Тәртібі (бұдан әрі - жұмыс берушілерді іріктеу) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыруға, бюджет қаражатын нәтижелі пайдалануға бағытталған және әлеуметтік жұмыс орындар ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі Комиссия қызметін (бұдан әрі - Комиссия) реттейді.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушілерді іріктеуді, бөлінген бюджет қаражаты шегінде күнтізбелік жыл ішінде уақытша жұмыс орындарының мерзімі мен көлемінде қажет болған жағдайда жұмыс берушілердің жазбаша өтінімдері негізінде Комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін жергілікті мерзімді басылымдарда жұмыс берушілерді іріктеу туралы хабарландыру беріледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілерді іріктеу үшін Комиссия мыналарды есепке алады:
Тармақша 1
1) тиісті еңбек нарықта жұмыс тәжірибесін;
Тармақша 2
2) жұмыс берушінің қаржы дендеулігін;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылатын жұмыссыздың жалақы мөлшерін және төлеу шарттарын;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылатын жұмыссыз тұлғаны болашақта тұрақты жұмыс орнына орналастыру.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушінін өтінішінде жұмыс түрлері, көлемі, еңбек мөлшері мен төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орнына орналастарылатын жұмыссыз тұлғаны болашақта тұрақты жұмыс орнына орналастыру туралы мәліметтер және мына құжаттар ұсынылуы қажет: заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктік көшірмесі; статистикалық карточкесінің көшірмесі; Қазақстан Республикасының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі; шоты бар туралы банктен анықтама.
Тармақ 6
6. Іріктеу қорытындылары бойынша Комиссия іріктеуден өткен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін жұмыс берушімен шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі отырыс хаттамасы түрінде ресімделеді және бір данасы уәкілетті органға бағытталады.