О неотложных мерах зашиты населения от особо-опасных инфекций на территории Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О неотложных мерах зашиты населения от особо-опасных инфекций на территории Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының аумағында кемiргiштерге қарсы күрестi күшейту және ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiндегi шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 618
- Қабылданған күні
- 10.12.1998
- Көрсетілген редакция
- 10.12.1998 2713_260340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000119
- ЭКБ идентификаторы
- 2713
- Редакция идентификаторы
- 2713_260340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:26
0 Шығыс Қазақстан облысының аумағында кемiргiштерге қарсы күрестi күшейту және ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiндегi шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Қазақстан Республикасының көптеген елдi мекендерiнде ерекше қауiптi жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы шиеленiскен қалпында қалуда. Мұның себептерiнiң бiрi аумақта тышқан тәрiздi кемiргiштердiң интенсивтi жайғасуы болып табылады, олар тырысқақ, туляремия, лептоспироз, сальмонеллез, листериоз сияқты және басқа бактериалдық және жұқпалы аурулардың көздерi және таратушылары болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында кемiргiштерден туляремия және лептоспироз ауруларын туғызушылар бөлiнiп шығуда, бұл жұқпалы аурулардың белсендi ықпал ететiн көздерiнiң бар екендiгiн дәлелдейдi.
Облыста 1998 жылғы тамыздан бастап демалыс базалары мен басқа да су қоймаларында шомылған кезде лептоспироз ауруын жұқтырған адамдардың арасында бұл жұқпалы аурудың өршiгенi байқалады.
Саябақ учаскелерiнде, жертөлелерде, пәтерлерде, қоймалық үйлерде дератизациялық шараларды жеткiлiктi жүргiзбеуге байланысты кемiргiштер санының көбеюi эпидемиялық жағдайды тереңдете түсуде.
Облыста лептоспироз жөнiндегi қолайсыз эпидемиялық жағдайды ескерiп, лептоспироздың одан әрi тарауын болдырмау мақсатында,
ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
1) Ерекше қауiптi жұқпалы ауруларға (тырысқақ, туляремия, лептоспироз) қарсы күрес жөнiндегi профилактикалық шараларды орындауды жеке өздерiнiң бақылауына алсын (N1 қосымша).
2) Зооноздық аурулардың әлеуеттi таратушылары болып табылатын ауыл шаруашылығы малдарын дәлме-дәл есепке алуды қамтамасыз етсiн.
3) Мал шаруашылықтарының, елдi мекендердiң және меншiк үй кооперативтерiнiң аумақтарында тиiстi санитарлық тәртiп орнатуды қамтамасыз етсiн.
4) Жыл сайын (көктемде, күзде) жаппай дератизация ұйымдастырылсын, бұл мақсатқа кәсiпорындар, мекемелер, шаруашылықтар ақша қаражаттарын бөлсiн.
5) Аз қамтамасыз етiлген азаматтар үшiн тұрғылықты жерi бойынша дератизация жүргiзуге қаражаттар бөлу көзделсiн.
2. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) эпидемиялық қордан облыстың денсаулық сақтау басқармасына емдеу-профилактикалық шараларды ұйымдастыру үшiн 1000,0 мың теңге, облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасына ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шараларды өткiзу үшiн "Эпидқор" қаражаттарынан 3000,0 мың теңге көздесiн (N2 қосымша) және санитарлық-ветеринария шаралар (N3 қосымша).
3. Облыстық ветеринария комитетi (Тоқсейiтова Р.А.), денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов Қ.Б.), мемсанэпидқадағалау (Якупов В.С.) эпидемияға қарсы шаралардың кешендi жоспарын толық көлемiнде орындауды қамтамасыз етсiн, бұл үшiн:
1) Ветеринария және медицина қызметтерi арасындағы iс-әрекеттердi өзара үйлестiру жолға қойылсын, лептоспирозбен, қыздырмамен және басқа аурулармен науқастанудың барлық жағдайы туралы дер кезiнде хабарлансын.
2) Мал шаруашылықтарында, кешендерде кемiргiштердiң қоныстануларына
тұрақты бақылау жасау ұйымдастырылсын, оларды жою жөнiнде шұғыл шаралар
қолданылсын.
3) Лептоспирозбен, қыздырмамен, туляремиямен науқастанған адамдарға
дер кезiнде диагноз қою мен емдеу қамтамасыз етiлсiн, бұл үшiн елдi
мекеннiң эпидемиологиялық жағдайының мәлiметтерi пайдаланылсын.
4) Бұқаралық ақпарат құралдары лептоспирозға, қыздырмаға және басқа
жұқпалы ауруларға профилактика жасау туралы халық арасында санитарлық
ағарту жұмысын кең жүргiзсiн.
13 Табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларға профилактика жасау жөнiнде 1999-2000 жылдарға арналған шаралардың
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
«10 желтоқсан N 618
шешiмiне N1 қосымша
Табиғи-ошақтық жұқпалы ауруларға профилактика жасау
жөнiнде 1999-2000 жылдарға арналған шаралардың
КЕШЕНДI ЖОСПАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
14 Лептоспироз бойынша диагностика жүргiзуге емдiк-профилактикалық шараларға арналған жергiлiктi бюджеттен бөлiнуге тиiстi есеп
Қосымша N2
Облыс әкiмiнiң N 618
10 желтоқсан 1998 жыл
Лептоспироз бойынша диагностика жүргiзуге
емдiк-профилактикалық шараларға арналған жергiлiктi
бюджеттен бөлiнуге тиiстi есеп
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
15 Жергiлiктi бюджеттен лептоспирозбен күресу үшiн (вакцина етуге, емдеуге, дезинфекциялауға) санитарлық-ветеринарлық шараларға бөлiнетiн қаржы есебi
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
10 желтоқсан N 618
шешiмiне N 3 қосымша
Жергiлiктi бюджеттен лептоспирозбен күресу үшiн
(вакцина етуге, емдеуге, дезинфекциялауға)
санитарлық-ветеринарлық шараларға бөлiнетiн қаржы есебi
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы