Құжат мәтініне өту

Об утверждении некоторых нормативных правовых актов по вопросам кадрового резерва политической государственной службы

Бұйрық · № 02-01-02/49 · қабылданған 24.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27136/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении некоторых нормативных правовых актов по вопросам кадрового резерва политической государственной службы Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/49 ·24.03.2006
25.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении некоторых нормативных правовых актов по вопросам кадрового резерва политической государственной службы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/49 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении некоторых нормативных правовых актов по вопросам кадрового резерва политической государственной службы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/49
Қабылданған күні
24.03.2006
Көрсетілген редакция
25.12.2013 AI27136_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004153_
ЭКБ идентификаторы
27136
Редакция идентификаторы
AI27136_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:43

0 Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы

"Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

1 1) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;

2 2) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы.

2

2.»"Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тізілімі Мемлекеттік тiзбесінде N 2828 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 38 "Заң" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы
02-01-02/49 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы
Осы бағдарлама тестің екі түріне: логикалық ойлауға және Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тағайындалады.

1 1. Логикалық ойлауға тест сандық және текстік түрден тұрады.

2

2. Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы " Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік қызмет туралы ", Қазақстан Республикасының " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді.
Ар-намыс кодексi бойынша - 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.

3 Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткізу жөніндегі ереже

3. Логикалық ойлауға шекті мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекті мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс кодексi бойынша - 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы
02-01-02/49 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткізу жөніндегі ереже
1. Жалпы ереже

1 1. Тестілеуден өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алуда кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) логикалық ойлау қабілетіне, оның Қазақстан Республикасының заңдарын әділ баға беру.

2

2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығының 23-12 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі табыс етілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және тестілеуден өтетін кандидаттардың тізімін бекітеді.

3 3. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді.

4 4. Тестілеу барысында логикалық тестер және Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест қолданылады.

5 5. Тестілеу персоналды компьютерде өткізіледі.

6 6. Тестілеуді өткізудің әділдігі - жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің және тестердің мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.

7 7. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:

1 1) жайды және тестілеу материалдарын даярлау;

2 2) тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық;

3 3) тестілеуден өту;

4 2. Жайды және тестілеу материалдарын даярлау

4) тестілеу қорытындыларын шығару және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру.
2. Жайды және тестілеу материалдарын даярлау

8

8. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестілеу уақытында кандидаттардың сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.

9 3. Тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық

9. Тестілеу басталғанға дейін администратор барлық қажетті материалдарды даярлауы және тексеруі қажет.
3. Тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық

10 10. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген кандидаттар бұл туралы тестілеу басталғанға дейін администраторға хабарлауы тиіс.

11 11. Тестілеу басталар алдында администратор кандидаттарды тұтастай тестілеуден өткізуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, нұсқаумен таныстыруы қажет.

12 4. Тестілеуден өту

12. Нұсқаулықтың соңында администратор кандидаттардың сұрақтарына жауап береді.
4. Тестілеуден өту

13 13. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минөт, заңдарды білуге арналған тест - 100 минөт (130 сұраққа).

14 14. Кандидаттар тестілеуден келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тестер, заңдарды білуге арналған тест.

15 5. Тестілеу қорытындыларын шығару және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру

15. Тестілеуден өтуге бөлінген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
5. Тестілеу қорытындыларын шығару және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру

16 16. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеудің нәтижелері принтерде басып шығарылады және кандидатқа танысу үшін беріледі.

17 17. Тестілеудің нәтижелері туралы мәлімет жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сақталады.

18 18. Тестілеудің нәтижелері туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссияның жұмыс органына беріледі.

Қолданыстағы