Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-шы бабына сәйкес 2006 жылы Ескелді ауданының халкын жұмыспен қамту және ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы от 15.02.2006 г. № 38 (Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы)
1. Жұмыссыз азаматтар үшін жұмыс ұйымдастырушылар және қоғамдық жұмыстардың түрлерінің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Б.Тілеуберген):
1)қоғамдық жұмысқа жіберілуге кeлiciм білдірген жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасындағы келісім-шарттардың дер кезінде жасалып, орындалуын қамтамасыз етсін;
2)белгіленген мерзімде қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін;
3)еңбек заңдылықтарынын нормаларын сақтау шарттарына тұрақты бақылауды жүзеге асырып, статистиқалық eceпті жүргізсін;
4)ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізу, жұмыс түрлері, еңбек және ақы төлеу жағдайлары туралы халық арасында кең көлемде түсінік жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
3. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 1 науырыздағы “Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстарта акы төлеуді ұйымдастрыу тәртібі туралы” № 18 Қаулысы күшін жойды деп танылсын, Алматы облысының Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 29.03.2005 жылы, 1926 нөмірімен енгізілген, аудандық “Жетісу шұғыласы” газетінің №16, 15.04.2005 жылы ресми жарияланған.
4. Осы қаулынын орындалуына бақылау жасау аудан Әкімінің бірінші орынбасары К.А.Әлібаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.