Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан на местном уровне

Қаулы · № 115/4 · қабылданған 30.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27152/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан на местном уровне Күшін жойған Қаулы ·№ 115/4 ·30.03.2006
17.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан на местном уровне

Күшін жойған Қаулы ·№ 115/4 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о порядке оказания социальной помощи отдельным категориям граждан на местном уровне
Атауы (қаз.)
Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115/4
Қабылданған күні
30.03.2006
Көрсетілген редакция
17.07.2014 AI27152_5.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06P0003066
ЭКБ идентификаторы
27152
Редакция идентификаторы
AI27152_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:40

0 Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 1-бабы 17-тармағына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету үшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Нұсқаулық).

2 2. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерiне жекелеген санаттағы адамдарға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн мақсатты ағымдағы трансферттердiң уақытында бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi осы қаулыны орындау үшiн тиiстi шаралар қолдансын, тоқсан сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне осы туралы есеп берсiн.

4 4. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi облыстық бюджеттен төленген сомалар жөнiнде Павлодар облысының қаржы департаментiне тоқсан сайын есептi мәлiмет берсiн.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

6 Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы  нұсқаулығы

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 30 наурыздағы
"Жекелеген санаттағы азаматтарға
жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк
көмек көрсету тәртiбi туралы
Нұсқаулығын бекiту туралы"
№ 115/4 қаулысына қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi
деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы 
нұсқаулығы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi.

2 2. Нұсқаулық облыстық бюджетте қарастырылған және тұрғын үй-коммуналдық (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын, кәрiз, қатты отын сатып алу) қызметтердi өтеуге материалдық көмек көрсету үшiн облыс қалалары мен аудандары бюджеттерiне жiберiлетiн мақсатты ағымдағы трансферттердi:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;

2 2) Ауғанстандағы соғыс әрекеттерiн жүргiзу кезеңiнде қатысқан әскери қызметкерлерiне;

3 3) Чернобыль АЭС-iндегi апат зардабын жоюға қатысқан адамдарға;

4 4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң қайта тұрмыс құрмаған жесiрлерiне;

5) "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Блокадалық Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғаларға;

6 6) екiншi дүниежүзiлiк соғысы кезеңiнде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерлердiң, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына жұмсау тәртiбiн белгiлейдi.

3. Тұрғын үй-коммуналдық (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын, кәрiз, қатты отын сатып алу) қызметтерге тарифтердiң өсуiне байланысты шығындарды өтеу:

1 1) жалғызiлiктi және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтарға;

2 2) зейнетақының ең төмен мөлшерiн алатын зейнеткерлерге берiледi.

4

4. Қалалар мен аудандар әкiмдiктерiмен уәкiлеттiк берiлген атқарушы органдар (бұдан әрi - мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Ауғанстандағы соғыс әрекеттерiн жүргiзу кезеңiнде қатысқан әскери қызметкерлерiн, Чернобыль АЭС-iндегi апат зардабын жоюға қатысқан адамдарды, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң қайта тұрмыс құрмаған жесiрлерiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Блокадалық Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғаларды, екiншi дүниежүзiлiк соғысы кезеңiнде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерлердiң, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарды, жалғызiлiктi және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтарды, зейнетақының ең төмен мөлшерiн алатын зейнеткерлердi материалдық қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

5

5. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Ауғанстандағы соғыс әрекеттерiн жүргiзу кезеңiнде қатысқан әскери қызметкерлерiн, Чернобыль АЭС-iндегi апат зардабын жоюға қатысқан адамдарды, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң қайта тұрмыс құрмаған жесiрлерiн, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Блокадалық Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған тұлғаларды, екiншi дүниежүзiлiк соғысы кезеңiнде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерлердiң, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарды, жалғызiлiктi және жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт азаматтарды, зейнетақының ең төмен мөлшерiн алатын зейнеткерлердi әлеуметтiк қамтамасыз етуге облыс қалалары мен аудандары бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлетiн уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган) болып табылады.

6

6. Мақсатты ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдар әр айдың 5 күнiнен кешiктiрмей, әлеуметтiк төлемдердi алушылардың тiзiмiн қалалар мен аудандардың зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (ЗЖТМО) облыстық филиалы бөлiмшелерiнiң деректерiмен салыстыру жолымен Нұсқаулықтың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6)-тармақшалары мен 3-тармақтың 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген адамдардың тiзiмдерiн қалыптастырады, сол тiзiмдердi банктiк операцияларды жүзеге асыру үшiн тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда және "Қазпошта" акционерлiк қоғамының бөлiмдерiнде зейнетақы мен жәрдемақыларды енгiзу үшiн олардың жеке шоттарына аудару арқылы әрбiр алушыға әлеуметтiк көмек төлемiне жiбередi.

7 7. Нұсқаулықтың 2-тармағының 2), 3) - тармақшаларында көрсетiлген адамдар сауықтыру қажеттiлiгi туралы емдеу мекемесiнен қосымша медициналық анықтама ұсынады.

8

8. Нұсқаулықта көрсетілген азаматтарға материалдық көмек ағымдағы қаржы жылына тағайындалады. Мақсатты ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органды әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн өзгертуiне негiз бола алатын жағдайлар туралы үш күндiк мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.

2 2. Әлеуметтiк көмек төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi

9

9. Нұсқаулықтың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6)-тармақшалары мен 3-тармақтың 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек төлеу үшiн қаржыландыру көзi мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органымен облыс қалалары мен аудандарына жiберiлетiн облыстық бюджеттiң қаржысы болып табылады.

10 10. Материалдық көмек:

Нұсқаулықтың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6)-тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға - ай сайын;
Нұсқаулықтың 3-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға - екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тоқсан сайын;
Нұсқаулықтың 2-тармағының 2)-тармақшасында кұрсетiлген тұлғаларға - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылдың 1-тоқсанында (бiр жолғы көмек);
Нұсқаулықтың 2-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға - екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тоқсан сайын сауықтыру үшiн төленедi.

11 11. Мақсатты трансферттердi жұмсау жөнiндегi уәкiлеттi органдар Нұсқаулықтың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6)-тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға ағымдағы айдың 10-на дейін ай сайынғы материалдық көмекті олардың жеке шоттарына аударады.

12 12. Мақсатты трансферттердi жұмсау жөнiндегi уәкiлеттi органдар Нұсқаулықтың 2-тармағының 2), 3)-тармақшаларында және 3-тармақтың 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген тұлғаларға материалдық көмекті ағымдағы тоқсанның бiрiншi айының 10-на дейін олардың жеке шоттарына аударады.

13 13. Мақсатты трансферттердi жұмсау жөнiндегi уәкiлеттi органдар Нұсқаулықтың 2-тармағының 2)-тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға бiржолғы әлеуметтiк көмектi ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында олардың жеке шоттарына аударады.

14 14. Алушы жалған мәлiметтi ұсынғанның және басқа себептер салдарынан артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заұнамасында белгiленген тәртiпте қайтарылып алынады.

3 3. Есеп беру және есептiлiк

15 15. Ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк мақсатты трансферттердi жұмсау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына жүктеледi.

16 16. Мақсатты трансферттердi жұмсау жөніндегі уәкiлеттi органдар ай сайын 5-не дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне Нұсқаулықта көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

17 17. Мақсатты ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган ай сайын 8-не дейін облыс қаржы департаментiне қаржыландырылуына қарай төленген сомалар туралы есеп бередi.

Қолданыстағы