Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения о совместной разработке топливно-энергетического баланса государств-членов Евразийского экономического сообщества

Қаулы · № 287 · қабылданған 17.04.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27191/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения о совместной разработке топливно-энергетического баланса государств-членов Евразийского экономического сообщества Қолданыста Қаулы ·№ 287 ·17.04.2006
24.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения о совместной разработке топливно-энергетического баланса государств-членов Евразийского экономического сообщества

Қолданыста Қаулы ·№ 287 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения о совместной разработке топливно-энергетического баланса государств-членов Евразийского экономического сообщества
Атауы (қаз.)
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы келiсiмдi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
17.04.2006
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI27191_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000287_
ЭКБ идентификаторы
27191
Редакция идентификаторы
AI27191_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:34

0 Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған 2005 жылғы 27 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы келiсiм бекiтiлсiн.

2 ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСI

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСI
ШЕШIМ
2005 жылғы 27 қыркүйек N 239 Душанбе қаласы
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше
мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп
әзiрлеу жөнiндегі келiсiм туралы
Еуразия экономикалық қоғамдастығының мемлекетаралық кеңесi (үкiмет басшыларының деңгейiнде)
шештi:
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы келiсiм қабылдансын (қоса берiлiп отыр).
ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесiнiң мүшелерi:
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Ресей Тәжікстан
Федерациясынан Республикасынан
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық теңгерiмiн бiрлесiп әзiрлеу туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң Үкiметтерi,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) өзара толықтырылатын отын-энергетикалық кешендерiн бiрiктiруге және оның артықшылықтарын ұлттық экономиканы дамытуға тиiмдi пайдалануға өзара ұмтылысын ескере отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстары iшкi рыногының сұранысы мен ұсыныстарының теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету, осы ресурстардың өзара тиiмдi мемлекетаралық жеткiзiлiмдерiн кеңейту мақсатында,
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы энергетикалық жүйелердiң өзара ынтымақтастығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмнiң ережелерiн iске асыра отырып,
төмендегілер туралы келiстi:

1 1-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген ұғымдар мен терминдер мынаны бiлдiредi:
"бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстарын өндiрудi, iшкi рынокта тұтынуды, олардың экспорты мен импортын сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;
"ұлттық отын-энергетикалық теңгерiм" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң отын-энергетикалық ресурстарын өндiрудi, iшкi рынокта тұтынуды, олардың экспорты мен импортын сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi;
"Тараптардың құзыретті органдары":
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Экономика министрлiгi мен Энергетика министрлiгі;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Энергетика жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсiп және энергетика министрлiгi;
Тәжiкстан Республикасынан - Тәжiкстан Республикасының Энергетика министрлiгi.

2 2-бап

Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм, ЕурАзЭҚ iшкi рыногының отын-энергетикалық ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету жолдарын оңтайландыруға, осы ресурстарды мемлекетаралық жеткiзiлiмдер үшiн қолайлы жағдайлар жасау арқылы оның сұранысы мен ұсыныстарын теңгерiмдеуге мүмкiндiк беретiн орта мерзiмдiк кезеңге (3 - 5 жыл) әзiрленедi.

3 3-бап

Ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдер мен бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген тiзбеге сәйкес отын-энергетикалық ресурстардың түрлерi бойынша әзiрленедi.

4 4-бап

Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмдi әзiрлеу Тараптар жасаған ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдердiң негiзiнде жүзеге асырылады. Тараптар жыл сайын 30 қарашаға дейiн ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығына осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген нысан бойынша есептi кезең iшiндегi, сондай-ақ ағымдағы және болжалды жылдарға арналған ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдердi ұсынады.

5 5-бап

ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң жанындағы Энергетикалық саясат жөнiндегi кеңеспен бiрлесiп Тараптардың құзыреттi органдары берген ақпараттың негiзiнде 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм мен оған түсiндiрме жазбаны, ЕурАзЭҚ iшкi рыногының отын-энергетикалық ресурстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды.
Бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiм мен оған түсiндiрме жазба ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң ЕурАзЭҚ iшкi рыногының теңгерiмдiлігі жөнiндегi шешiмiнiң жобасымен бiрге жыл сайын 1 наурыздан кешiктiрмей белгіленген тәртiппен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (үкiмет басшылары деңгейiнде) қарауына енгiзiледi.

6 6-бап

Тараптардың құзыреттi органдарының бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмiн әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң жанындағы Энергетикалық саясат жөнiндегi кеңес жүзеге асырады.

7 7-бап

Тараптардың өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

8 8-бап

Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың арасындағы консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда дауды ЕурАзЭҚ-тың Соты қарайды.

9 9-бап

ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетi осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.

10 10-бап

Осы Келiсiм Тараптардың, оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын депозитарийдiң алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Әрбiр Тарап бұл туралы осы Келiсiмнен шыққанға дейiн депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып одан шыға алады.
Осы Келiсiмнiң бұл Тарапқа қатысты қолданылуы депозитарийдiң осындай хабарламаны алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
2005 жылғы "___" ______________ _____________ қаласында орыс тiлiндегi бiр данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы, оның куәландырылған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Ресей Тәжікстан
Федерациясының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

1 ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң бiрлескен және ұлттық отын-энергетикалық теңгерiмдерiн жасауға арналған отын-энергетикалық ресурстардың тiзбесi

Еура­зия эко­но­ми­ка­лық
қо­ғам­да­стығ­ы­на мү­ше
мем­ле­кет­тер­дiң отын-
энер­ге­ти­ка­лық
тең­герi­мiн бiр­лесiп
әзiр­леу ту­ра­лы
келiсiм­ге 1-қо­сым­ша
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң
бiрлескен және ұлттық отын-энергетикалық
теңгерiмдерiн жасауға арналған отын-энергетикалық
ресурстардың тiзбесi

1 1. Мұнай, газ конденсатын қоса алғанда

2 2. Автомобиль бензинi

3 3. Дизель отыны

4 4. Отындық мазут

5 5. Табиғи және iлеспе газ

6 6. Көмiр

7 7. Электр энергиясы

2 (өлш. бiр)

Еура­зия эко­но­ми­ка­лық
қо­ғам­да­стығ­ы­на мү­ше
мем­ле­кет­тер­дiң отын-
энер­ге­ти­ка­лық
тең­герi­мiн бiр­лесiп
әзiр­леу ту­ра­лы
келiсiм­ге 2-қо­сым­ша
_____________________________________________________
(ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттiң атауы )
__________________________________20___- 20_____жылдарға арналған
(энергия ресурсының атауы)
теңгерiмi
(өлш. бiр)
Ба­ланс бап­та­ры­ның ата­уы
Есеп бе­ру
Ағым­да­ғы
ке­зең
Бо­лжам
Ресурстар - барлығы,
оның iшiнде:
Жеке ресурстар
Импорт - барлығы,
оның iшiнде:
ЕурАзЭҚ-қа
мүше мемлекеттерден
- барлығы,
оның iшiнде:
Ресей Федерациясынан
......................
өзге мемлекеттерден
......................
Бөлу - барлығы,
оның iшiнде:
iшкi рынокқа жеткiзу
Экспорт - барлығы,
оның iшiнде:
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерге
барлығы,
оның iшiнде:
.....................
өзге мемлекеттерге - барлығы,
оның iшiнде:
....................

3 бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмiнiң жобасы

Еура­зия эко­но­ми­ка­лық
қо­ғам­да­стығ­ы­на мү­ше
мем­ле­кет­тер­дiң отын-
энер­ге­ти­ка­лық
тең­герi­мiн бiр­лесiп
әзiр­леу ту­ра­лы
келiсiм­ге 3-қо­сым­ша
20___-20__жылдарға арналған ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердiң
бiрлескен отын-энергетикалық теңгерiмiнiң жобасы
________________________________
(энергия ресурсының атауы)
Тең­герiм бап­та­ры­ның ата­уы
Есеп
бе­ру
Ағым-
да­ғы
Бо­лжам
1
2
3
4
5
6
Ре­сур­стар, бар­лы­ғы
Же­ке ре­сур­стар
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы
ЕурАз­ЭҚ-қа мү­ше мем­ле­кет­тер­ден
им­пор­ты
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бө­лу - бар­лы­ғы
Іш­кі ры­нок­қа жет­кі­зу
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­на
оның ішін­де:
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан
----------------
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на
оның ішін­де:
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан
----------------
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­на
оның ішін­де:
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан
----------------
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­на
оның ішін­де:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан
----------------
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы­на
оның ішін­де:
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­нан
---------------
ЕурАз­ЭҚ-қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дiң
аумақ­та­ры ше­гi­нен тыс­қа­ры
жер­лер­ге экс­порт
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы
Осымен бұл мәтiннiң 2005 жылғы 27 қыркүйекте Душанбе қаласында, Беларусь Республикасының Премьер-Министрi - С.С.Сидорский, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi - Д.К.Ахметов, Қырғыз Республикасы вице-Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы - А.К.Мадумаров, Ресей Федерациясы Yкiметiнiң төрағасы - М.Е.Фрадков, Тәжiкстан Республикасының Премьер-Министрi - А.Г.Акилов қол қойған Еуразия экономикалық қоғамдастығы мемлекетаралық кеңесiнiң N 239 шешiмiнiң түпнұсқалылық және толық көшiрмесi болып табылатындығын куәландырамын.
Түпнұсқа дана Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

0 Бар­лы­ғы 6 па­р­ақ­қа қол қой­ы­л­ған және

мөр­мен бекiтiл­ген
ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы Г.Рапота

Қолданыстағы