Қолданыстағы ред. 03.03.2006 (Редакция 27237_339467.kaz)

Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы от 03.03.2006 г. № 19-2 (Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы)

0

Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, Қазақстан Республикасы “Ветеринария туралы” Заңына, және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. «Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау» Ережесі бекітілсін (жалғанады).

2

2. Осы шешімнің орындалуы Шыңғырлау аудандық аумақтық басқармасының бастығы С.Т. Досказиевке жүктелсін.

3. Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы.

2006 жылғы 3 наурыздағы №19-2 Шыңғырлау аудандық мәслихатының шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесін бекіту туралы.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Шыңғырлау ауданының елді мекендерінде ит пен мысықты қолда ұстау Ережесі Шыңғырлау ауданының аумағындағы жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.

2. 2. Иттер немесе мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері:

2. Иттер немесе мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері:

2

2. Жеке және заңды тұлғалар иттер мен мысықтардың иелері:

1

1) жыл сайын наурыз, мамыр айларында өз иттері мен мысықтарын ветеринарлық мекемелерде кайта тіркеп, тұрғылықты жері бойынша жануарларға арналған паспорт алынады. Тіркелмеген иттер мен мысықтар 10 күн ішінде тіркеліп болуы тиіс, ал олардың күшіктер мен мысықтың балалары 1 айға толған соң тіркеледі;

2

2) иттер мен мысықтар иелері аудандық (ауыл округінің) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторлардың көрсетуімен өздеріне тиісті ит пен мысығын ветеринарлық мекемелерге клиникалық тексеруге және құтыруға қарсы егілуге әкеледі;

3

3) аула қоршауы мықты болып, далаға шығатын мүмкіндік болмаса итті байлаудан босатуға болады;

4

4) арнаулы бөлінген аланда итті қысқа қарғы баумен аузына мұрындық кигізіп қыдыртады;

5

5) баспалдақ клеткалары мен ортақ қоғамдық орындарды иттер мен мысықтардың ластауына жол берілмейді. Иттер мен мысықтардың нәжістерін иелері жинап тазалауы керек;

6

6) ит пен мысықты сату, сатып алу , басқа ауданға шығару, ауданға алып келу белгілі тәртіппен ветеринарлық куәлігінде құтыруға қарсы егілген белгі болса ғана іске асырылады;

7

7) құтыру ауруына қарсы алдын ала егу шаралары барлық елді мекендерде, арнаулы пункттерде, олардың ошақтары бар жерлерде орындалады. Ит пен мысықтың міндетті түрде егілетін жердің аумағын ветеринарлық саласының өкілетті органы белгілейді;

8

8) егер иттер мен мысықтарда құтыру ауруының белгілері білесе, ит пен мысықтар қырылса, ит пен мысықты тағы да басқа аңдар тістесе, немесе басқа ит пен мысық тістесе, тырнаса, сілекейлесе ветеринарлық маманға жедел хабарлауы керек, ал ауру немесе күдікті жануарды бөлек ұстауға шара қолдану қажет;

9

9) отар, күзетші, аңшы иттерге жыл сайын жайлауға немесе аңға шығарда 5-10 күн бұрын алдын ала дегельминттерге қарсы іс шаралар жүргізіледі;

10

10) ауыл шаруашылық малының сойғаннан кейінгі қалған қалдықтарын залалсыздырмай, пісірімей итке беруге болмайды. Эхинококпен ауырған малдың қалдықтарын мал бейтіне апару керек, немесе иесі жағып жіберуі тиіс;

11

11) иесі итін қысқа шылбырға байланған тұмылдырығы бар күйде дүкеннің немесе басқа да мекеменің жанына 10 минуттан артық аспайтын уақытқа ғана қалдыра алады. Бұл жағдайда ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі, агрессия белгілерін етпеуі қажет;

12

12) ветеринарлық мамандарға ветеринарлық шаралар өткізу үшін жағдай жасалуы тиіс.

3. 3. Иттер мен мысық иелеріне салынатын тыйымдар

3. Иттер мен мысық иелеріне салынатын тыйымдар

3

3. Балалар аула алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары аумақтарында, денсаулық сақтау, спорт аландары нысандарында, саябақтарда, жануарларды серуендетуге.

4

4. Жануарларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залалдарына әкелуге және ұстауға болмайды.

5

5. Ілестіріп жүрген адамдарсыз қоғамдық орындарда жүрген иттер пен мысықтар, иесімен дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының арында байлаулы қалдырылғандардан басқалары қадағалаусыз қалғандар деп танылып, арнайы қызметтермен аулауға жатады.

4

4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі

6

6. Ереже бұзған ит, мысықтың иелері заң бойынша әкімшілік жаупкершілікке тартылады.