Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 123 · қабылданған 07.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27239/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 123 ·07.04.2006
10.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 123 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123
Қабылданған күні
07.04.2006
Көрсетілген редакция
10.08.2011 27239_169267.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06Z0002964
ЭКБ идентификаторы
27239
Редакция идентификаторы
27239_169267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:37

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау туралы" 2002 жылғы 12 мамырдағы № 100 қаулысына (тіркеу №1576) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

кіріспедегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінінде:
1-тармақтың 1-тармақшасындағы "психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық" деген сөздер "психологиялық-медициналық-педагогикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "А. Қ. Нұрғалиевке" деген сөз "Ш. Ә. Өтемісовке" деген сөзбен ауыстырылсын.

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы № 179 қаулысына (тіркеу № 2280, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 21 қыркүйектегі № 114, 115 сандарында жарияланған, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы № 2, тіркеу № 2410, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 12 сандарында жарияланған; 2005 жылғы 9 наурыздағы № 87, тіркеу № 2903, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 40 сандарында жарияланған; 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 416, тіркеу №2953, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 сандарында жарияланған қаулыларымен, енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "А. С. Иманғалиевке" деген сөз "Ш. Ә. Өтемісовке" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедек балаларды тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу ережесіне:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөліміндегі:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Материалдық көмек тағайындау тәртібі" деген 2-бөліміндегі:
8-тармақтың 1-тармақшасындағы "облыстық білім басқармасы жанындағы ведомствоаралық дәрігерлік-педагогикалық консультативтік комиссиясының" деген сөздер "облыстық, қалалық және аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын.

3 3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін құру туралы" 2003 жылғы 29 тамыздағы № 191 қаулысына (тіркеу № 2308, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 18 қазандағы № 126, 127 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

мемлекеттік тілдегі мәтінінде:
1 тармақтағы "психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық" деген сөздер "психологиялық-медициналық-педагогикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша бөгде адамдардың күтімін қажет ететін мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері туралы ережесіне:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде және атауында:
"психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық" деген сөздер "психологиялық-медициналық-педагогикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әлеуметтік көмек бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру" деген бөлімінде:
7-тармақтағы "6 бала" деген сөз "6 баладан асырмай" деген сөздермен ауыстырылсын.

4 4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 20 наурыздағы № 106 қаулысы бұзылсын.

5 5. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті осы қаулыны іске асыруға қажетті шаралар қабылдасын.

Қолданыстағы