О порядке проведения клиринговых операций Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Клирингтік операцияларды өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 94 шешімімен. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыс бөлегiн едәуiр кем орындауға, мемлекеттiк қаражаттарды жұмсауға қаржылық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерде тұратын бюджеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн ескертуге және бюджетпен қарым-қатынастарды реттеуге байланысты:
Тармақ 1
1. Тауарлар мен қызмет көрсетудi жеткiзiп берушiлер, олардың тұтынушылары (мемлекеттiк мекемелер) және жергiлiктi бюджеттер арасында клирингтiк есеп айырысуды өткiзу тәртiбi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. Қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.), салық комитетi (Шманов Н.), Казначей басқармасы (Юркина А.), екiншi дәрежедегi банктер клиринг бойынша есеп айырысу тәртiбiн сақтау үшiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Басқа 3. Тауарлар мен қызмет көрсетудi жеткiзiп берушiлер, олардың тұтынушылары (мемлекеттiк мекемелер) және жергiлiктi бюджеттер арасында клирингтiк есеп айырысуды өткiзудiң 1999 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 1-559ө Әкіміне қосымша Тауарлар мен қызмет көрсетудi жеткiзiп берушiлер, олардың тұтынушылары (мемлекеттiк мекемелер) және жергiлiктi бюджеттер арасында клирингтiк есеп айырысуды өткiзудiң 1999 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған ТӘРТIБI Бұл тәртiп бюджетпен өзара қарым-қатынастарды реттейдi және өте қажет болған жағдайда қолданылады.
Тармақ 1
1. Клирингтiк есеп айырысу - тауарлар мен қызмет көрсетудi жеткiзiп берушiлер, олардың тұтынушылары (мемлекеттiк мекемелер) және жергiлiктi бюджеттер арасындағы мақсатты, бiр күндiк ақша айналымы.
Тармақ 2
2. Клирингтiк есеп айырысулар жергiлiктi бюджетке салықтар төлеу жөнiнде мерзiмi өткен кредиторлық берешектерi және бюджеттiк мекемелердiң осы кәсiпорындарға көрсетiлген коммуналдық қызметтер (жылу энергиясы, электр энергиясы, ыстық және суық су, канализация, қоқыс шығару, көмiр) үшiн, жүргiзiлген тендер бойынша тауарлар сатып алудың кейбiр түрлерi, көркейтуге жұмсалған шығындар бойынша берешектерi бар жеткiзiп берушi кәсiпорындармен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Барлық клирингтiк есеп айырысулар қаржы басқармасымен, казначей басқармасымен және салық комитетiмен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Бюджетке төлемдер бойынша нақты берешек тиiстi салық комитетiмен салыстырып тексеру актiсiмен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Белгiлi күнде көрсетiлген қызмет үшiн жеткiзiп берушi мен тұтынушы арасындағы берешектiң болуы олар арасындағы салыстырып тексеру актiсiмен куәландырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк мекеме сметасының тиiстi ерекшелiгi бойынша шығындар лимитi, сондай-ақ жүргiзiлетiн клирингтiк есеп айырысу сомасы тиiстi қаржы органының кiрiстерi мен шығыстарға қол қоюымен белгiленедi.
Тармақ 7
7. Жеткiзiп берушi ұйымның алдында борыштары бар мемлекеттiк мекемелер бойынша клирингтiк есеп айырысулар, ал соңғысында жергiлiктi бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша берешектерi болса, бюджеттердiң барлық деңгейлерi бойынша жүргiзiлуi ықтимал.
Тармақ 8
8. Реттелетiн салық түсiмдерi бойынша клирингтiк есеп айырысу республикалық бюджетке алатын кредит сомасынан тыс жеке тапсырмамен аударылатын үлестi ақша қаражаттарымен аударған жағдайда мүмкiн. Экономикалық реформалар бөлiмiнiң меңгерушiсi