О внесении изменений в типовую структуру подразделений местных органов труда и социальной защиты населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в типовую структуру подразделений местных органов труда и социальной защиты населения
- Атауы (қаз.)
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары бөлімшелерінің типтік құрылымына өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 664
- Қабылданған күні
- 30.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 30.03.1999 2728_260147.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000157
- ЭКБ идентификаторы
- 2728
- Редакция идентификаторы
- 2728_260147
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:16
0 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары бөлімшелерінің типтік құрылымына өзгертулер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттiк халықты жұмыспен қамту қызметiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 Қаулысына, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң облыстық және аудандық бөлiмшелерiнiң типтiк құрылымы туралы" Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 1999 жылғы 1 наурыздағы N 27-П бұйрығына сәйкес және 1999 жылға арналған республикалық бюджет пен бюджеттiк классификаторға орай ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Облыстың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы болып аталсын.
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының штат кестесi бекiтiлсiн (N1 қосымша).
3. Облыстық, қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының типтiк құрылымы қалалар мен аудандарға бөлiп көрсеткендегi шектi мөлшермен бекiтiлсiн (N 2, 3 қосымша).
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жергiлiктi органдардың құрылымдарын осы шешiмге сәйкес келтiрсiн.
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
6 Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының 1999 жылға штаттық кестесi
1999 жылғы 31 наурыз N 664
облыс әкiмiнiң шешiмiне
N1 тiркеме
Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының 1999 жылға штаттық кестесi
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Бас басқармасының бастығы
7 Шығыс Қазақстан облысы бойынша енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының үлгi құрылымы
1999 жылғы 31 наурыз N 664
облыс әкiмiнiн шешiмiне
N 2 тiркеме
Шығыс Қазақстан облысы бойынша енбек,
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау
басқармасының үлгi құрылымы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасының бастығы
8 Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының Үлгi құрылымы
1999 жылғы 31 наурыз N 664
облыс әкiмiнiн шешiмiне
N 3 тiркеме
Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және
әлеуметтiк қорғау басқармаларының Үлгi құрылымы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасының бастығы