Қолданыстағы ред. 29.03.2006 (Редакция 27330_196176.kaz)

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы от 29.03.2006 г. № 326 (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы)

0

Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен
мүгедектерін әлеуметтік
қорғау жөніндегі қосымша
шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген
адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау
туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін әлеуметтік
қорғау мақсатында коммуналдық қызмет және тұрғын үй
төлемақысын өтеу үшін ай сайынғы төлемақы ретінде келесі
мөлшерде жеңілдіктер белгіленсін: электрмен қамтамасыз ету 45
киловатт, 1 кіші газ баллон көлемі 27 литр, суық су және ыстық
сумен қамтамасыз ету, жылу жүйесі 18 шаршы метр, ал
орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 1
тонна көмір 3500 (үш мың бес жүз) теңге.

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.