Елді-мекенді жерлердің аумақтарын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Занының 31-бабының 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Жангелдин ауданы аумағында елді-мекендерді тиісті санитарлық тәртіпке келтіру және ұстап тұру мақсатында Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Елді-мекенді жерлердің аумақтарын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығын өткізу туралы от 27.03.2006 г. № 97 (Елді-мекенді жерлердің аумақтарын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығын өткізу туралы)
1. 2006 жылдың 01 сәуірінен 01 маусымына дейін және 20 тамызынаң 20 қазанға дейін елді-мекенді жерлердің аумағында санитарлық тазарту, көркейту және көгаландыру айлықтары өткізілсін.
2. Ауылдық (селолық) округтер мен село әкімдері:
1) жергілікті жерлерде тиісті кұрамда комиссиялар құрсын;
2) елді-мекенді жерлерде, оған жақын орналасқан аумақтарда санитарлық көркейтуді және көгалдандыруды уақытында және сапалы жүргізуді қамтамасыз етсін;
3) кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары және тұрғындар күшімен апта сайын бірігей экологиялык және санитарлық күндер өткізсін;
4) мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарын тәртіпке келтіріп үйлердін аулаларын жинатсын;
5) күл-қоқыстар мен басқада тұрмыстық кіре беріс жолдарын жөндеу, қалдықтар тастайтын арнайы жерлерді (топырақпен ую, тегістеу) санитарлық талаптарға сәйкес келтірсін, кез-келген жерлерге тасталған қоқыс қалдыктары тез арада жойылсын, елді-мекендер маңындағы аумақтар тазартылсын;
6) көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырсын және жас көшеттерге күтім жасауды қамтамасыз етсін;
7) су құбырларын тексеріп, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, қаржыландыру көздерін анықтасын;
8) байқау кезінде анықталған ауыз су сапасына кері әсерін тигізетін кемшіліктерді дер кезінде жоюды қамтамасыз етсін;
9) елді-мекендердегі ауыз су және шаруашылық мақсаттарында пайдаланылып отырған шегенді құдықтарды тексеріп, тиісті санитарлық-техникалық жағдайларға келтірсін;
10) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында санитарлық-гигиеналық білімді насихаттауды ұйымдастырсын;
11) санитарлық тазалық нормаларын сақтамаған лауазым иелері мен азаматтарға заң шеңберінде әкімшілік шара қолданылсын.
3. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.