Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подготовки администраторов внешнего наблюдения, реабилитационных и конкурсных управляющих через организации образования

Бұйрық · № 19 · қабылданған 20.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27382/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил подготовки администраторов внешнего наблюдения, реабилитационных и конкурсных управляющих через организации образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 19 ·20.03.2006
18.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подготовки администраторов внешнего наблюдения, реабилитационных и конкурсных управляющих через организации образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 19 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подготовки администраторов внешнего наблюдения, реабилитационных и конкурсных управляющих через организации образования
Атауы (қаз.)
Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
20.03.2006
Көрсетілген редакция
18.09.2009 AI27382_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004202_
ЭКБ идентификаторы
27382
Редакция идентификаторы
AI27382_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:45

0 Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерiн бекiту туралы

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлген Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрi
2006 жылғы 30 наурыз

0 Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережесi

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитетi Төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы
N 19 бұйрығымен бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау ережесi
Бұл Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес жасалған және бiлiм беру ұйымдарымен сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау тәртiбiн анықтайды.

1 1. Бұл ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

бiлiм беру ұйымы - жоғары кәсiптiк бiлiм беру, қосымша кәсiптiк бiлiм беру және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
iзденушi - жоғары кәсiптiк бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматы.

2

2. Бiлiм беру ұйымдарымен сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметке лицензия алғысы келетiн iзденушiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi. ( Z952200 , P010581 , P951894 , P041115 )

3

3. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлiк бiлiмi бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары өз бетiмен осы екi жоғары бiлiмнiң бiреуiнiң негiзiнде "Сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтуды және конкурстық басқарушыларды дайындау" оқу бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) жасайды және белгiленген тәртiпте бекiтедi.

4 4. Бағдарлама 72 (жетпiс екi) оқу сағатынан кем емес және мiндеттi түрде банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген болуы тиiс.

5 5. Бағдарлама бойынша iзденушiлердi оқыту жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру түрiнде жүргiзiледi және оқу қорытындысы бойынша белгiленген үлгiдегi сертификатқа ие болады.

6 6. Сырттай байқау әкiмшiлер, оңалтуды және конкурстық басқарушылар ретiнде жұмыс iстеу үшiн мамандандырылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша магистратура шеңберiнде оқуға рұқсат етiледi.

7

7. Оқу бағдарламасы сағатының жалпы көлемiнiң 20 %-нан кем емес бөлiгi сырттай байқау әкiмшiлерден, оңалтуды және конкурстық басқарушылардан, сондай-ақ банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қызметкерлерiнен тұратын тәжiрибелiк қызметкерлердiң қатыстырылуымен сырттай байқау әкiмшiлердi, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың тәжiрибесiн үйренуден тұруы қажет.

8 8. Бiлiм беру ұйымдары:

тәжiрибелiк қызметкерлердi және уәкiлеттi орган қызметкерлерiн оқытушылық қызметке банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейiн қатыстыруы мүмкiн;
жыл сайын банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iсiн басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия беру жөнiндегi уәкiлеттi органға сертификат алған тұлғалардың тiзiмiн жолдайды.

Қолданыстағы