Құжат мәтініне өту

О проведении учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Қаулы · № 115 · қабылданған 17.04.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27400/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О проведении учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица Күшін жойған Қаулы ·№ 115 ·17.04.2006
03.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица

Күшін жойған Қаулы ·№ 115 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении учетной регистрации малочисленных религиозных групп, не имеющих признаков юридического лица
Атауы (қаз.)
Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
17.04.2006
Көрсетілген редакция
03.06.2011 27400_198158.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06T0002461
ЭКБ идентификаторы
27400
Редакция идентификаторы
27400_198158
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:34

0 Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңының 6-2 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті орган болып белгіленсін (бұдан әрі - уәкілетті орган), (бұдан әрі - діни топтар).

2

2. Уәкілетті орган діни топтардың есептік тіркеуге арналған құжаттарын зерделеу және ресімдеу кезінде құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді, діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізуді және есепке қойылғаны туралы анықтама беруді жүзеге асырсын.

3 3. Діни топтар:

1 1) есептік тіркелу үшін уәкілетті органға қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынсын;

2 2) уәкілетті органға тоқсан сайын өз қызметі туралы ақпарат берсін.

4 4. Уәкілетті орган есептік тіркеуді тиісті құжаттарды берген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жүргізсін және ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болған жағдайда, діни топты есептік тіркеуге алынғаны туралы анықтама берсін.

5 5. Есепке алу қызметі тегін жүргізілсін.

6 6. Уәкілетті орган діни топты өз қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе әділет органдарында заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде заңды тіркеуден өткеннен кейін, есептік тіркеуден шығарсын.

7

7. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 256 "Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 4 қазанда № 2444 тіркелді, 2005 жылғы 15 қазандағы № 122 "Атырау" және 2005 жылғы 15 қазандағы № 122 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланды).

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайненовке жүктелсін.

11 Облыс әкімиятының

2006 жылғы 17 сәуір
№ 115 қаулысына қосымша
Есептік тіркелу үшін заңды тұлға белгілері жоқ,
саны аз діни топтардың құжаттары

1 1. Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы өтініш.

2 2. Заңды тұлға белгілері жоқ, діни топты құрайтын кәмелетке толған азаматтардың тізімі.

3 3. Топ мүшелері жиналысының хаттамасы.

4 4. Тіркелетін діни топ құрылымды жатқызылған заңды тұлға мәртебесі бар, діни бірлестік жарғысының көшірмесі.

Қолданыстағы