Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Приозерс қаласында мысықтарды және иттерді күтіп – ұстау Қағидасын бекіту туралы «Әкімшілік құқық бқзышылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 311, 543 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 8 тармағына, және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп – ұстау Қағидасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ»: Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы А. Исатаев «24» наурыз 2006 жыл. Жер қатынастары бөлімінің бастығы Т.Айдарханов «24» наурыз 2006 жыл. Приозерск қалалық аумақтық басқармасының бастығы Б.Сәрсембеков «24» наурыз 2006 жыл. Қарағанды облысы Приозерск қалалық 4 ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Ли «24» наурыз 2006 жыл. Приозерск қаласының мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау Департаменті филиалының бастығы Л.Батанаева «24» наурыз 2006 жыл. Приозерск қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Кунесбаев «24» наурыз 2006 жыл.
Басқа 3. Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау ҚАҒИДАСЫ
Приозерск қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 165\30 шешімімен бекітілген Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп ұстау ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидалар қалалық Мәслихат бекіткеннен кейін өз қызметін қала аумағында жүзеге асыратын, немесе қала аумағында тұратын жеке меншіктің барлық түріндегі заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау қағидасының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311, 543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі.
Тарау 2. 2. Сысықтарды және иттерді күтіп ұстау
2. Сысықтарды және иттерді күтіп ұстау
Тармақ 3
3. Инфекцияға қарсы сақтандыру және ауруға қарсы алдын ала қолданатын шаралар жүргізу және есепке алу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық басқармасының қалалық мал дәрігерлік тіркеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) мал дәрігерлік және санитарлық – эпидемиологиялық қызметтердің рұқсатымен зообұрыштарда, сауақтыру мекемелерінде масықтарды және иттерді ұстауға;
Тармақша 2
2) мысықтар және иттерді байлауда және қоршаған, оңашаланған аумақтарда еркін қыдыртуға;
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдарда күзетші иттерді тек қана байлауда ұстауға;
Тармақша 4
4) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, мал отарларында және табындарда, оқу – жаттықтыру алаңдарында иттерді тұмсық торсыз және байлаусыз ұстауға;
Тармақша 5
5) жалпы пайдаланудағы орындарға иттерді қысқа қарғы баумен (ұзындығы 1 метрге дейін), тұмсық тормен шығаруға;
Тармақша 6
6) тұмсық тормен және қысқа қарғы баумен арайы белгіленген жерлерге, бос жерлерге қыдыртуға. Қыдырту орындарын Приозерск қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне белгілейді;
Тармақша 7
7) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып көлік түріне тиісті тәртәпке сәйкес мысықтар мен иттерді қоғамдық көліктерде алып жүруге;
Тармақша 8
8) көршілерінің медициналық жақпайтын көрсеткіші болмаса және олардың келісімімен, туысқандық қарым – қатынасы жоқ, екі және одан артық отбасылары (жанұялар) тұратын тұрғын үйлерде соның ішінде пәтерлерде иттер ұстауға.
Тармақ 5
5. Жол берілмейді:
Тармақша 1
1) егерде мысықтар мен иттер үйлердің жабық кіріс жолын (подъездің) және екі сатының арасын, лифттерді, сол сияқты спорт, балалар алаңдарын, газондарды, көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін (тратуарларды), серуен құру, тынығу мақсатымен табиғи немесе қолдан орнатылған жасыл желекті демалыс орындарда (парктерде) нәжістерін қалдырса, оны иелері тазартуға тиіс;
Тармақша 2
2) мал дәрігерлік қызметінің рұқсатынсыз иттер төбелесін өткізуге;
Тармақша 3
3) жалпы пайдаланымдағы жерлер мен саябақтағы, спрот ойыны үшін істелген арнаулы алаңдарды, парктерді, жағауларды тұмсық торсыз және қысқа қарғы баусыз пайдалануға;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі тұлғалардың ірі иттерді қыдыртуына;
Тармақша 5
5) су қоймаларында мысықтар мен иттерді шомылдыруға;
Тармақша 6
6) қоғамдық тармақтандыру және азық-түлік сатылатын нысандарда ит пен мысықтар ұстауға.
Тармақ 6
6. Елді мекендер аумағында иесіз мысықтар мен иттер қаңғыбас болып саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.
Тармақ 7
7. Қанғыбас мысықтар мен иттерді аулауды коммуналдық – шаруашылық кәсіпорындар жүргізеді.
Тарау 3. 3. Осы ережелерді бұзғандығы үшін жаупкершілік
3. Осы ережелерді бұзғандығы үшін жаупкершілік
Тармақ 8
8. Осы ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексіне (311, 543 баптары) қарастырылған санкциялар қолданылады.