Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного реестра субъектов, обязанных осуществлять закупки товаров, работ и услуг за счет имеющихся в их распоряжении денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках

Бұйрық · № 90 · қабылданған 24.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27471/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного реестра субъектов, обязанных осуществлять закупки товаров, работ и услуг за счет имеющихся в их распоряжении денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках Күшін жойған Бұйрық ·№ 90 ·24.03.2006
15.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного реестра субъектов, обязанных осуществлять закупки товаров, работ и услуг за счет имеющихся в их распоряжении денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках

Күшін жойған Бұйрық ·№ 90 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного реестра субъектов, обязанных осуществлять закупки товаров, работ и услуг за счет имеющихся в их распоряжении денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
90
Қабылданған күні
24.03.2006
Көрсетілген редакция
15.04.2008 AI27471_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004205_
ЭКБ идентификаторы
27471
Редакция идентификаторы
AI27471_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:43

0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару тәртібін жетiлдiру үшін  БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару  Ережелері  бекітілсін.

2 2. Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және заң жұмысы басқармасы (Г.К.Кәкімова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының орынбасарына (Н.Е.Оспановқа)жүктелсін.

4

4. "Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 ақпандағы N 32  бұйрығының  күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 наурызда N 3500 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 30 наурыз N 26 (650) жарияланған).

5 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданылуға енгізіледі
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қаржылық бақылау
және мемлекеттік сатып алу
комитеті Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы N 90
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134  қаулысына  сәйкес әзірленген.

2

2. Ережелер мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарналарының) елу және елуден артық пайызы немесе акциялық бақылау пакеті мемлекеттің меншігінде болатын заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың (бұдан әрі - субъектілер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге (бұдан әрі - Мемлекеттік реестр) енгізу және шығару тәртібін белгілейді.

3 3. Мемлекеттік реестр субъектілер туралы ақпараты бар мемлекеттік ақпараттық қор болып табылады.

2 2. Субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару тәртібі

4 4. Мемлекеттік сатып алу процесін реттейтін уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңға және Ережелерге сәйкес субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы шешімді қабылдайды.

5

5. Мемлекеттік реестрге енгізу үшін  Ережелерге   қосымшаға  сәйкес формамен жазылған, бірінші басқарушының (немесе оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылған, субъектінің мөрімен куәландырылған, енгізудің негіздемелерін растайтын құжаттарды қосып Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) субъект уәкілетті органға ұсынады.

1 1) әділет органдарында заңды тұлғаның (субъектінің) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2 2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілері куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері:

субъектінің;
субъектінің бірінші басшысының;
субъектінің акцияларының (жарналарының) бір және бірден артық пайызы меншігінде болатын құрылтайшыларының, акционерлерінің (қатысушыларының);

3 3) субъектінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4 4)акционерлік қоғамы болып табылатын субъект өтінішті берген жағдайда уәкілетті орган өтінішті алған күніне алдын ала 30 күнтізбелік күн кешiктiрмей берілген акция ұстаушылардың тізілімінен түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5 5) бірінші басшысының міндетін атқаруды жүктеу туралы актінің көшірмесі немесе өтінішке бірінші басшысының орнындағы тұлғаның қол қойылған жағдайда бірінші басшысының орнындағы тұлғаға құжаттарға субъект атынан қол қоюға өкілеттік беретін басқа құжаттың көшірмелері.

6

6. Субъекті осы Ережелер қолданысқа енгізілгеннен кейін 30 (отыз) күні аралығында, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға субъектілердің міндеті пайда болса - 30 (отыз) күні аралығында осындай міндеттеме туғаннан кейін уәкілетті органға өтінішті ұсынады.

7 7. Мемлекеттік реестрден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:

1 1) егер субъект жойылса;

2 2) егер субъект Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетін жоғалтса.

8 8. Мемлекеттік реестрден шығу үшін субъект Ережелердің  7-тармағында  көзделген жағдайы келуінен кейін 10 (он) күн аралығында уәкілетті органға бірінші басқарушының (оның орнындағы тұлғаның) қолы қойылған аталған жағдайының пайда болғаның растайтын құжаттардың көшірмелері қосылған өтінішті ұсынады.

9 9. Уәкілетті орган он күндік мерзім ішінде уәкілетті органның WEB-сайтында субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару туралы ақпаратты орналастырады.

10 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілердің Мемлекеттік реестрге енгізу үшін өтініші

10. Мемлекеттік реестрге өзгерістер мен толықтырулар автоматты түрде, субъекті өтініште ұсынған және мемлекеттік ақпараттық қорлары мен ақпараттық жүйелерінде мазмұндалған ақпарат жаңарту арқылы жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес қарамағындағы
ақшалай қаражаттардың есебінен
тауарлар, жұмыстар және
қызметтерді сатып алуға міндетті
субъектілерді Мемлекеттік
реестрге енгізу және шығару
Ережелеріне қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілердің Мемлекеттік реестрге енгізу үшін өтініші
Осымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілердің Мемлекеттік реестріне енгізуді cұраймын
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
(мемлекеттік және орыс тілдерінде субъекттің толық  атауы)
Субъ­ект ту­ра­лы ақ­па­рат
Субъ­ек­ті­нің са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТН)
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|
Субъ­ек­ті­нің ста­ти­сти­ка ор­ган­да­ры­мен бе­рі­л­ген кә­сі­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­ды жал­пы мем­ле­кет­тік жік­те­у­ші­нің ко­ды (КҰЖЖ)
_  _  _  _  _  _  _  _ |_||_||_||_||_||_||_||_|
Ұй­ым­дық-құқық­тық фор­ма (нұс­қа­лар­дың бі­ре­уін бел­гі­леу ке­рек)
_
|_| - ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы,
_
|_| - мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық    кә­сі­по­рын,
_
|_| -ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті құқы­ғын­да­ғы мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын,
_
|_| - мем­ле­кет­тік ме­ке­ме,
_
|_| - мем­ле­кет­тік қор,
_
|_| - жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік,
_
|_| - бас­қа фор­ма­сы:_____________
Субъ­ек­ті­нің то­лық заң­ды ме­кен-жайы
Субъ­ек­ті­нің те­ле­фон нө­мі­рі
Субъ­ек­ті­нің факс нө­мі­рі
Субъ­ек­ті­нің элек­трон­дық по­шта ме­кен-жайы
Әді­лет ор­ган­да­рын­да субъ­ек­ті­нің мем­ле­кет­тік тір­кеу
(қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Субъ­ек­ті­нің тір­кеу нө­мі­рі (қай­та тір­кеу нө­мі­рі)
Субъ­ек­ті­нің тір­кеу (қай­та тір­кеу) кү­ні
Субъ­ек­ті­нің бі­рін­ші бас­шы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Субъ­ек­ті­нің бі­рін­ші бас­шы­сы­ның те­гін, аты-жө­нін то­лық көр­се­ту
______________________________
(те­гі)
______________________________
(аты)
______________________________
(жө­ні)
Субъ­ек­ті­нің бі­рін­ші бас­шы­сы­ның са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТН)
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­ла­ры, ак­ци­о­нер­лер
(қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Субъ­ек­ті­нің ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­на­ла­ры­ның) бір және бір­ден ар­тық пай­ы­зы мен­ші­гін­де бо­ла­тын заң­ды тұ­лға­лар
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұл­ға­ның са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТН) (егер же­ке тұл­ға са­лық тө­ле­у­ші ре­т­ін­де тір­кел­ме­ген бол­са және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті бол­ма­са, оның са­лық есе­бін­де тұр­май­ты­ны ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы са­лық ор­га­ны­ның анық­та­ма­сы­ның түп­нұс­қа­сы неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі қо­сы­ла­ды)
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның үле­сі (ак­ци­я­ла­ры­ның са­ны)
___________________________
(пай­ы­зын­да)
Субъ­ек­ті­нің ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­на­ла­ры­ның) бір және бір­ден ар­тық пай­ы­зы мен­ші­гін­де бо­ла­тын же­ке тұ­лға­лар
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұл­ға­ның те­гін, аты-жө­нін то­лық көр­се­ту
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұл­ға­ның са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТН) (егер же­ке тұл­ға са­лық тө­ле­у­ші ре­т­ін­де тір­кел­ме­ген бол­са және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті бол­ма­са, оның са­лық есе­бін­де тұр­май­ты­ны ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы са­лық ор­га­ны­ның анық­та­ма­сы­ның түп­нұс­қа­сы неме­се но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі қо­сы­ла­ды)
_  _  _  _  _  _  _  _  _  _
|_||_||_||_||_||_||_||_||_||_|
Субъ­ек­ті­нің құ­ры­л­тай­шы­лар, ак­ци­о­нер­лер (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы­на кі­ре­тін же­ке тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­ның үле­сі (ак­ци­я­ла­ры­ның са­ны)
___________________________
(пай­ы­зын­да)
Осымен жоғарыда аталған ақпарат уәкілетті органмен тексерілуіне келісемін.
Осы өтініште _________________________________________________
(тапсырысшының атауы)
туралы ұсынған және мемлекеттік ақпараттық қорлары мен ақпараттық жүйелерінде мазмұндалған ақпаратты жаңартуға қарсылықты білдірмеймін.
Осы өтініштегі ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына кепілдімін.
___________________________                 __________________
(бірінші басшысының                           (қолы)
немесе оның орнындағы
тұлғаның тегі, а.ж.)
М.О.

Қолданыстағы