Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации

Қаулы · № 83 · қабылданған 25.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27477/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған Қаулы ·№ 83 ·25.03.2006
19.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации

Күшін жойған Қаулы ·№ 83 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации
Атауы (қаз.)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
25.03.2006
Көрсетілген редакция
19.12.2015 AI27477_12.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004218_
ЭКБ идентификаторы
27477
Редакция идентификаторы
AI27477_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:42

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы

Сақтандыру қызметінің нәтижелерін объективті бағалау және сақтандыру бизнесінің тиімділігін сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің есебіне бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ сақтандырудың барлық сыныптары бойынша шығындылық талдамасын алу, сақтандыру қызметі рыногының дамуын болжау мүмкіндігі және сақтандыру ұйымдары қабылдаған тәуекелдер мониторингі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы" қоғамдық бірлестікке жіберілсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

0 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
25 наурыздағы N 83 қаулысымен
бекітілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесі
Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43, 75-1-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті) есептеу тәртібін айқындайды.

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;

2 2) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;

3 3) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;

4 4) таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;

5 5) төлемдердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру төлемдерінің сомасы;

6 6) шеккен шығындар - сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ есептеу кезеңіндегі шығындар резервтеріндегі өзгерістер;

7 7) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер;

8 8) шығыстар - комиссиялық сыйақыны төлеу, бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеу, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на жарналарды төлеу бойынша шығыстар, реттеуге жұмсалатын шығыстарды қоспағанда әкімшілік және басқа шығыстар.

2 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу жинақтаушы сақтандыру сыныптарын (түрлерін) қоспағанда сақтандырудың барлық сыныбына (түріне) таралады.

3 3. Есептеуге пайдаланатын барлық сақтандыру сыйлықақылары мен шығындары бір полистік жылға жатады.

4 4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей осы Ереженің қосымшасына сәйкес шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу туралы есепті (бұдан әрі - есеп) ұсынады.

4-1

4-1. Есеп электронды және қағаз тасымалдауышта ұсынылады. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдауыштағы есепке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтерi қол қояды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрiмен куәландырылады, актуариймен расталады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымда сақталады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

4-2 4-2. Есепті жасау барысында пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

2 2-тарау. Шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу тәртібі

5 5. Қиыстырылған коэффициент шығындылық коэффициенті мен шығындар коэффициентінің сомасы ретінде есептеледі.

6 6. Шығындылық коэффициентінің есептеуді қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесін ескерместен жүргізу қажет.

7

7. Шығындылықтың қайта сақтандырушының үлесі ескерілген коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:
Қайта сақтандырушының үлесін         Шеккен шығындар
ескерген шығындылық коэффициенті=    ------------------------*100%
                                     Еңбекпен өтелген сақтандыру

8

8. Шығындылықтың қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:
Қайта сақтандырушының үлесі
Қайта                                 ескерілместен шегерілген
сақтандырушының үлесі                 шығындар
ескерілмеген шығындылық коэффициенті= ------------------------*100%
                                      Таза еңбекпен өтелген
                                      сақтандыру сыйлық ақылары

9 9. Жұмсалған қаражат коэффициенті шығыстардың формула бойынша таза еңбекпен өтелген сақтандыру сыйлықақылары сомасына қатынасы есебінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша есеп айырысады:

Жұмсалған                                    Шығыстар
қаражаттар коэффициенті =             ------------------------*100%
                                       Таза еңбекпен өтелген
                                      сақтандыру сыйлық ақылар

10 10. Қиыстырылған коэффициент сақтандыру қызметінің жалпы тиімділігін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын сипаттайды. Қиыстырылған коэффициентті есептеу қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесі ескерілместен жүргізіледі.

11 11. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген қиыстырылған коэффициентке қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициенті мен жұмсалған қаражат коэффициенті енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының                 Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                  ескерілген шығындылық коэффициенті
қиыстырылған коэффициент        =   + Жұмсалған қаражат коэффициенті

12 12. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген қиыстырылған коэффициентке қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенті мен жұмсалған қаражат коэффициенті енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының               Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                ескерілмеген шығындылық коэффициенті
қиыстырылған коэффициент        =   + Жұмсалған қаражат коэффициенті

3 3-тарау. Қосымша ережелер

13 13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау есептеуі осы Ереженің қосымшасында көрсетілген қиыстырылған коэффициент бойынша жүргізіледі.

14

14. Егер қиыстырылған коэффициент жүз проценттен асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган акционерлерге»"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабында көрсетілген ұсынымдардың берілуін қоса отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдауды ұсына алады.

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

15 15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

1 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қиыстырылған коэффициентін есептеу туралы есеп ___________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) 20__жылғы «1»____жағдай бойынша

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының шығындылықты сипаттайтын
коэффициенттерін есептеу
ережесіне қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қиыстырылған коэффициентін есептеу туралы есеп
___________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20__жылғы «1»____жағдай бойынша

Сақ­тан­ды­ру сы­нып­та­ры­ның ата­уы
Ең­бек­пен өтел­ген сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры
Тө­лем­дер
Шы­ғын­дар ре­зерв­те­рін­де­гі өзге­рі­стер
Рет­те­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
Шы­ғы стар
Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сі ес­ке­рі­л­ген шы­ғын­дар­дың көр­сет­кі­ші, % ((5)+(7)+(9))/(3)
Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сі ес­ке­ріл­ме­ген шы­ғын­дар­дың көр­сет­кі­ші, % ((6)+(8)+ (9))/(4)
Шы­ғын­дар­дың көр­сет­кі­ші, % (10)/(4)
Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сі ес­ке­рі­л­ген құ­ра­ма ко­эф­фи­ци­ент, % (11)+(13)
Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сі ес­ке­ріл­ме­ген құ­ра­ма ко­эф­фи­ци­ент, % (12)+(13)
Бар­лы­ғы
Ең­бек­пен өтел­ген сый­лы­қа­қы­лар­дың та­за со­ма­сы
Бар­лы­ғы
Тө­лем дер­дің та­за со­ма­сы
Бар­лы­ғы
Шы­ғын­дар ре­зерв­те­рін­де­гі өзге­рі­стер­дің та­за со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
1
Мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
1.1
кө­лік құ­рал­да­ры ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
х
х
х
х
1.2
та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы­лар ал­дын­да­ғы аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
х
х
х
х
1.3
өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
1.4
же­ке но­та­ри­устар­дың аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
1.5
эко­ло­ги­я­лық сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
1.6
ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
х
х
х
х
1.7
ту­ро­пе­ра­тор­дың және ту­ра­гент­тің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
х
х
х
х
1.8
қыз­ме­ті үшін­ші тұл­ға­ға зи­ян кел­ті­ру қа­у­пі­мен бай­ла­ны­сты бо­ла­тын объ­ект ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
х
х
х
х
1.9
Қыз­мет­кер­ді ең­бек (қыз­мет) мiн­дет­терiн ат­қар­ған кез­де жа­за­тай­ым жағ­дай­лар­дан сақ­тан­ды­ру
1.10
өзге де сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі (сы­нып­та­ры)
х
х
х
х
2
Ерік­ті же­ке сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
2.1
өмір­ді сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
2.2
Ан­ну­и­тет­тік сақ­тан­ды­ру, оның ішін­де:
2.2.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1997 жы­л­ғы 20 мау­сым­да­ғы За­ңы­на сәй­кес жа­сал­ған зей­не­та­қы ан­ну­и­тет шар­тта­ры
2.2.2
Қыз­мет­кер ең­бек (қыз­мет­тік) мін­дет­те­рін ат­қар­ған кез­де оны жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2005 жы­л­ғы 7 ақ­пан­да­ғы За­ңы­на сәй­кес жа­сал­ған ан­ну­и­тет шар­тта­ры
2.2.3
Ан­ну­и­тет­тік сақ­тан­ды­ру­дың өзге түр­ле­рі
2.3
Алып та­стал­ды - ҚР Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2010.09.03 N 131 (мем­ле­кет­тік тір­кел­ген күн­нен ба­стап он төрт күн­тіз­бе­лік күн өт­кен­нен кей­ін қол­да­ны­сқа ен­гiзiледi) Қа­улы­сы­мен.
2.4
Алып та­стал­ды - ҚР Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2010.09.03 N 131 (мем­ле­кет­тік тір­кел­ген күн­нен ба­стап он төрт күн­тіз­бе­лік күн өт­кен­нен кей­ін қол­да­ны­сқа ен­гiзiледi) Қа­улы­сы­мен.
2.5
жа­за­тай­ым жағ­дай­лар­дан сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
2.6
ау­ру­лар­дан сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
2.7
өзге де сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі (сы­нып­та­ры)
х
х
х
х
3
Ерік­ті мү­лік­тік сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.1
ав­то­мо­биль кө­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.2
те­мір­жол кө­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.3
әуе кө­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.4
су кө­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.5
жүк­тер­ді сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.6
осы есеп­тің 3.1-3.5-тар­мақ­тар қо­с­па­ған­да, мү­лік­ті сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.7
ав­то­мо­биль кө­лі­гі ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.8
әуе кө­лі­гі ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.9
су кө­лік ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.10
осы есеп­тің 3.7-3.9-тар­мақ­тар­да көр­се­ті­л­ген сы­нып­тар­ды қо­с­па­ған­да­ғы, аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.11
за­ем­дар­ды сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.12
ипо­те­ка­лық сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.13
ке­піл­дік­тер мен ке­піл­де­ме­лер­ді сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.14
өзге қар­жы­лық шы­ғын­дар­дан сақ­тан­ды­ру
х
х
х
х
3.15
3.11-3.14-жол­дар­да көр­се­ті­л­ген сы­нып­тар­ды қо­с­па­ған­да қар­жы­лық ұй­ым­дар­дың шы­ғы­ста­рын сақ­тан­ды­ру
3.16
ти­тул­дық сақ­тан­ды­ру
3.17
сот шы­ғы­ста­рын сақ­тан­ды­ру
3.18
өзге де сақ­тан­ды­ру түр­лерi (сы­нып­та­ры)
4
Сақ­тан­ды­ру порт­фе­лі­нің бар­лы­ғы бой­ын­ша
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
           (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Актуарий ________күнi_______
Бас бухгалтер __________________________________________________
               (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы ______________________________________________________
          (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны

Қолданыстағы