Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 340 · қабылданған 28.04.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-27498/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 340 ·28.04.2006
24.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 340 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
28.04.2006
Көрсетілген редакция
24.10.2019 27498_425049.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000340_
ЭКБ идентификаторы
27498
Редакция идентификаторы
27498_425049
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:29

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтілсiн.

2

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 7-тармағына сәйкес өзгерiстер туралы хабарласын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 28 сәуiрдегi
N 340 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

1

1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысынам(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта:
2-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.14. N 1203 қаулысымен.

4

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6

6. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 164 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 53-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
3-тармақта "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖА)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - ҚР ТЖМ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiндегi "ҚР ТЖА" деген аббревиатура "ҚР ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2016 № 364 қаулысымен.

8 8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.17 N 777 қаулысымен.

9 9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10 10. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 198-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiнде:
"Бағыныстылығы" деген бағандағы реттiк нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

11 11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.18 № 103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

12 12. "Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 шiлдедегi N 729 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
"Мiндеттi сақтандыру жүйесiн дамыту" деген 4-кiшi бөлiмде:
"Орындауға жауаптылар" деген бағанда:
реттiк нөмiрлерi 1 және 4-жолдардағы "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 1-жолда "ТСА" деген аббревиатура "ТСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

13 13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 N 1293 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы