Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Квалификационных требований к лицензированию деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 1325 · қабылданған 31.10.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2766/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Квалификационных требований к лицензированию деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан Күшін жойған 07.07.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Квалификационных требований к лицензированию деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 1325 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Квалификационных требований к лицензированию деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1325
Қабылданған күні
31.10.1996
Көрсетілген редакция
07.07.1999 AI2766_1.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960001325_
ЭКБ идентификаторы
2766
Редакция идентификаторы
AI2766_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:16
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 шілдедегі N 939 қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 17 сәуiрдегi N 2200
Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды

(мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi
лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

2. Лицензиялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн лицензия түрлерiн

лицензиялық қызметтiң көлемiне, оның iс-қимыл жасау уақыты мен
аумағына қарай лицензиар айқындайды деп белгiленсiн.

3 Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiк емес) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 қазандағы
N 1325 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды
(мемлекеттiк емес) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi
лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Лицензиялық қызмет субъектiлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:

1. Лотереяны ұйымдастырушының соңғы жылдағы қаржылық жай-күйiн

растайтын аудиторлық қорытындының болуы.

2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi шарттардың болуы.

3. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi нұсқаулық және

әдiстемелiк материалдардың болуы.

4. Таралымды өткiзу жөнiндегi шарттардың (таралымдық және бiр

сәттiк лотереялар үшiн) болуы.

5. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу үшiн қажеттi өзiнiң немесе

жалға алған материалдық-техникалық базаның болуы:
лотереяны өткiзетiн заңды тұлғаның офисiне арналған үй-жай;
лотерея билеттерiн сақтауға арналған үй-жай;
лотерея билеттерiн сатуға арналған мамандандырылған үй-жай;
ұтыс заттарын сақтауға арналған үй-жай;

6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында мiндеттi түрде лицензияланатын қызметтiң түрi - Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу туралы жазба болуға тиiс.

7. Заңды тұлғаның лауазым иелерi сотталмаған болуға тиiс.