Ауданның елді мекендерін
көріктендіру, көгалдандыру
және санитарлык жағдайын
жақсарту жөнінде айлык
өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 16 тармақшасы сәйкес ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және лайыкты санитарлық жағдайда ұстау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлык жағдайын жақсарту жөнінде айлык өткізу туралы от 29.03.2006 г. № 962 (Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлык жағдайын жақсарту жөнінде айлык өткізу туралы)
1. 2006 жылғы 1 сәуірден 1 мамырга дейін ауданның елді мекендерінді меншік нысанына қарамай көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі айлық өткізілсін.
2. Ауыл әкімдері, меншік нысанына қарамай мекеме басшылар тұрғындар белгіленген бағдарламаға сәйкес:
1) көктемгі ағаштар, бұталар отырғызу, көгалдандыру, гүлзарлар жас жұмыстары әр мекемеде, әр тұргын үй ауласында жүргізсін;
2) аумақтарды тазарту жөніндегі санитарлык күндерді: әр жұма күндері түстен кейін, әр сенбі күні түске дейін тұрақты өткізуді ұйымдастырсын;
3) көріктендіру элементтерін, көшелер мен жолдардың төселген бет тротуарларды, шағын сәулеттік нысандарды, алаңдарды, үйлер мен ғимараттардың қасбетін, қоршауларын лайықты жағдайға келтірсін;
4) «Белгісіз жауынгер» тағы басқа ескерткіштер, скверлер, саябақт қайта қалпына келтіріліп, жаңартылсын;
5) қатты тұрмыс қалдықтарын жинақтайтын орындар белгіленіп, қалпына келтіріліп, қайта жаңғыртылып пайдаланылсын;
6) қаңғыған ит -мысықтарды жоюды ұйымдастырсын; (ауыл әкімдері)
7) ауданның елді мекендерін 2006 жылға көгаландыру іс-шарасы бекітілсін (қосымша № 1).
3. Ауданның қаржы бөлімі (А.Асқатов) ауданның білім бөлімімен(Қ.Дүрмекбай) бірлесіп коғамдық тамақтандыру, сауда кәсіпорындарын мектептер, интернаттар, мектеп жасына дейінгі балалар асханаларының көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығына байқау ұйымдастырып өткізсін.
4. Аудандық ішкі істер бөлімі (У.Утепов, өз келісімімен) - жұмысқа полицияның учаскелік инспекторларын тарта отырып, жеке меншік сектор аумақтарын және қоғамдық орындарды ұстау жөніндегі санитарлық ережелердің сақталуына бақылау жасауды қам тамасыз етсін.
5. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (Т.Ерденбеков, өз келісімімен) су құбырлық жүйелер мен құрылғыларды залалсыздандыру, тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді бақыласын, сауда қоғамдық тамақтандыру, тамақ және ауылшаруашылық өнеркәсібінің, балалар мен емдеу мекемелерінің объектілерінде профилактикалык және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастырсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (У.Утепов, өз келісімімен), аудандық
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (Т.Ерденбеков, өз келісімімен), аудандық аумақтық басқармасы (С.Әбеуов, өз келісімімен) көше саудасының жағдайына бақылауды күшейтсін және жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерден басқа сауданы жою жөнінде жедел шаралар қабылдасын.
7. Ауданның ішкі саясат бөлімі ( Р.Слямханов) тазалық айлығы барысы және қортындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық материалдардың дайындалуын және жариялануын қамтамасыз етсін.
8. Ауыл әкімдері, мекеме басшылары (өз келісімдерімен ) елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі айлықты өткізу барысы туралы мәліметтерді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (Б.Рахимов) № 2 қосымшаға сәйкес әр аптаның бейсенбі күні түсірсін.
9. Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымша № 3).
10. Аудандық комиссия жергілікті жерлерде тапсырмалардың үйлестірілуін және орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде қажетті ұйымдастыру жұмысын жүргізсін.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің орынбасарлары Н.Жүнісжановқа және Е.Сүлейменге жүктелсін.
12. Абай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 752 санды «Ауданның елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде айлық өткізу туралы» қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 2284 2005 жылғы 15 сәуір) күші жойылды деп танылсын.
Келісілді
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Утепов У.М.
Абай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 наурыздағы
№ 962 қаулысына
№ 1 қосымша
Абай ауданның елді мекендерін 2006 жылға көгаландыру іс-шарасы
Ауданның тұрғын уй-коммуналдық
шаруашылық жолаушы көлігі,
автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Б. Рахимов
Абай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 наурыздағы
№ 962 қаулысына
№ 2
қосымша
Елді мекендердін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде айлық өткізу барсы туралы
Мәліметтер
Ауданның тұрғын
уй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі,
автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Б. Рахимов
Абай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 29 наурыздағы
№ 962 қаулысына
№ 3
қосымша
Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Ауданның тұрғынуй-коммуналдық
шаруашылық жолаушы көлігі,
автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Б. Рахимов