Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о Министре Республики Казахстан

Қаулы · № 517 · қабылданған 28.04.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2781/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Положения о Министре Республики Казахстан Қолданыста 28.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о Министре Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 517 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о Министре Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Министрі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
517
Қабылданған күні
28.04.1999
Көрсетілген редакция
28.04.1999 AI2781_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000517_
ЭКБ идентификаторы
2781
Редакция идентификаторы
AI2781_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:12
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Министрі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Министрі туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

3 Қазақстан Республикасының Министрі туралы Ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 сәуірдегі N 517
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Министрі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының Министрі - Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Министрі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ведомстволық үйлестіруді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Министрі өз құзыретінің шегінде шешімдер қабылдауда дербес және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Республика Премьер-Министрінің алдында жеке жауапкершілікте болады.

2. Қазақстан Республикасы Министрінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

Мыналар Қазақстан Республикасы Министрінің негізгі міндеттері болып табылады:
отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық әйелдер ұйымдарымен ынтымақтастық;
Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің қызметін үйлестіру және бақылау;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындау:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Министрі заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық әйелдер ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды;
Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жекелеген тапсырмаларын орындайды;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Негізгі міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрі заңдармен белгіленген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
отбасын, әйелдер мен балаларды қолдау мәселелері бойынша халықаралық әйелдер ұйымдарымен өзара қарым-қатынастар кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіруге;
Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимыл жасауға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің қызметін үйлестіруге және бақылауға;
Қазақстан Республикасының Министріне қызмет көрсететін Хатшылықтың қызметін басқаруға және бақылауға;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Қазақстан Республикасы Министрі Хатшылығының құрылымы туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына Қазақстан Республикасы Министрі Хатшылығының қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға
құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Министрінің қызметін материалдық-техникалық
және көлікпен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі, ал қаржыландыруды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.